6-сынып, математика. Сабақтың реті: 7_өткізу мерзімі:____Тексерілді___
Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: теңдеу құру арқылы есептер шығартып, оқушылардың білімдерін бекіту.
2. Дамытушылығы: оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ.
Типі: білім, білік, дағдыларын тиянақтау, жүйелеу.
Әдістері: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.
Көрнекілігі: тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жоспары:
1. Бәйге.
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».
3. «Бойы сергектің, ойы да сергек».
4. «Еңбек түбі - береке».
5. Қызықты есептер.
6. Сандық ақпараттар.
І. «Бәйге» ойыны. (өткенді қайталау)
1. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тік төртбұрыш)
2. Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)
3. Көлемді қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)
4. Фигураның периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Жылдамдықты қалай табамыз? (қашықтықты уақытқа бөлеміз)
6. Теңдеу дегеніміз не? (Теңдеу дегеніміз – құрамына енетін әріптің мәнін табу.) Неше түрі бар? (2 түрі).
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс.
1 - тапсырма.
- Есеп не жайында?
- Есепте не белгілі?
- Есепте нені табу керек?
Х – бұл ағасының жасы.
Х - 3 – бұл қарындасының жасы.
Х - 3=8 – құрылуға тиісті теңдеу.
Қ - 8 жас ------ 3 жас кіші
А -?
Ж: Ағасы 11 жаста.
Ш: 1) 8+3=11
2) Х - 3=8
Х=8+3
Х=11
11 - 3=8
- Ал өзіміз неше жастамыз? Қай жылы дүниеге келдік, сол жылды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз.
2003=2000+3
№2
Малдың жас ерекшеліктеріне қарай аталуы.
Құлын - биенің жас төлі.
Жабағы – жас құлында алты айға толған соң, күзде жабағы деп атайды.
Бұзау – сиырдың төлі.
Торпақ – сиыр төлінің бір жасқа келгенге дейінгі ортақ атауы.
- Есеп не жайында?
- Есепте не белгілі?
- Есепте тағы не белгілі?
- Шешуін бірден таба аламыз ба?
- Неліктен?
Торпақ - 16 - 3? бірдей
Жабағы -?, 2а
Ш: Х+2=16 - 3
Х+2=13
Х=13 - 2
Х=11
11+2=13
13=13
Ж: 13 жабағы өсірді.
3. «Білгенге маржан, білмеске арзан»
№3
Оқулықпен жұмыс. Оқыту, талдау. Сызба сызу.
S= 300 км
t= 2 сағ
v= 60 км/сағ
v=? км/сағ
Ж: 90 км/сағ
Ш: 2*Х+2*60=300
2*Х+120=300
2*Х=300 - 120
2*Х=180
Х=180: 2
Х=90
2*90+2*60=300
5. Қызықты есептер.
1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес неге?
2. Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? (2 балапан тауықтікі)
3. Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Ш: 86*2=172 (қыз)
172+86=258
263 - 258=5
Ж: Алма жетеді, 5 алма қалады.
6. Үйге тапсырма. №4 119 - бет.
7. Бағалау.
8. Қорытындылау