Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Презентации / Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау. Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау. Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік ті...
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы ж...
Алгоритимнің сызба нұсқасы Сызба- нұсқа – бұл алгоритмді көрсетудің графикалы...
АЛГОРИТМНІҢ ГРАФИКТІК ТҮРДЕ КЕСКІНДЕЛУІ шарт №	Блоктар кескіндемесі	Блоктар...
Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы Алгоритмдік тіл деп – орындалаты...
Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын,...
Алгоритмнің атқарылу барысында өрнек мәнін есептеп, оны басқа бір айнымалыға...
1 из 7

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік ті
Описание слайда:

Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.

№ слайда 2 Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы ж
Описание слайда:

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған: 1) табиғи тілдегі жазылуы; 2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу; 3) графиктік жолмен жазу; 4) программалау тілдеріндегі жазылуы. Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады. Алгоритм жазу жолдары

№ слайда 3 Алгоритимнің сызба нұсқасы Сызба- нұсқа – бұл алгоритмді көрсетудің графикалы
Описание слайда:

Алгоритимнің сызба нұсқасы Сызба- нұсқа – бұл алгоритмді көрсетудің графикалық түрі, алгоритмнің әрбір амалы өзіне сәйкес геометриялық фигурамен жазылады. Сызба нұсқаға қарап отырып программа құру әлдеқашан жеңілірек болып келеді. Сызба нұсқа дегеніміз әртүрлі құрылымдағы сызбаларды сызықтар арқылы қосу. Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған.Геометриялық фигурамен өрнектелген фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

№ слайда 4 АЛГОРИТМНІҢ ГРАФИКТІК ТҮРДЕ КЕСКІНДЕЛУІ шарт №	Блоктар кескіндемесі	Блоктар
Описание слайда:

АЛГОРИТМНІҢ ГРАФИКТІК ТҮРДЕ КЕСКІНДЕЛУІ шарт № Блоктар кескіндемесі Блоктар қызметі 1 Алгоритм басы 2 Алгоритм соңы 3 Есептеуіш әрекет 4 Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару 5 жоқ иә Шартты тексеру 6 Циклдің басы 7 Көмекші алгоритмді шақыру 8 Байланыс бағытын көрсету

№ слайда 5 Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы Алгоритмдік тіл деп – орындалаты
Описание слайда:

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды. Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады.

№ слайда 6 Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын,
Описание слайда:

Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін бірнеше командасының тізбегін серия деп атайды. Алгоритм тақырыбынан кейінгі бөлігі алгоритм тұлғасы деп аталады, ол басы және соңы түйінді сөздерімен шектеліп тұрады. Сонымен, айтылған ережеге сәйкес алгоритмнің жалпы өрнектелуі мынадай болады: алг алгоритмнің атауы арг A, B, C, D, X нәт Y, R1, R2 басы алгоритм командалары (серия) ........ соңы

№ слайда 7 Алгоритмнің атқарылу барысында өрнек мәнін есептеп, оны басқа бір айнымалыға
Описание слайда:

Алгоритмнің атқарылу барысында өрнек мәнін есептеп, оны басқа бір айнымалыға теңестіруді мәннің меншіктелуі деп атайды. Меншіктеу процесі меншіктеу командасы арқылы жүзеге асырылады. Оның жазылу үлгісі мынадай: Айнымалы:=өрнек немесе y:=ax-b


Автор
Дата добавления 01.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Презентации
Просмотров233
Номер материала ДВ-023353
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх