Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Есепті концерт: Өнер қарлығаштары

Есепті концерт: Өнер қарлығаштары

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар.C:\Users\User\Desktop\ақбөпе\Ақбөпе 15.05.2015ж\DSC_0001.JPG

Армысыздар өнер сүйер қауым.

Домбырам, досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді киям саған.
Шағымда шабыттанған, қиялдаған,
Шапағын, бар шаттығын құяр маған, - деп ақын М. Мақатаев жырлағандай, бүгінгі домбыра класының «Өнер қарлығаштары» атты есепті концертімізге қош келдіңіздер!
C:\Users\User\Desktop\ақбөпе\Ақбөпе 15.05.2015ж\DSC_0018.JPG



Ата мен баба аңсаған,

Ғасырлар бойғы армандай.

Көгілідір тумен қарсы алған,

Жайқалған жасыл армандай!

Егемен елміз дегендей

Арындап, шалқып, құйғытты.

Шаттықпен теңіз телегей

Шарықтап келіп күй бітті.

Нұрғиса Тілендиев «Көш керуен» Орындайтын «Ақбөбек» облыстық шығармашылық байқауының І орын жеңімпазы оқушылар ансамблі. Ансамблдің жетекшісі Ақбөпе Ауашова.

Келесі тыңдайтындарыңыз Қазанғаптың күйі «Шыныаяқ»


Екі ішекке бір тиекті қондыра,

Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.

Білсең егер айта қойшы, балақан,

Бұл қай аспап? Бұл – кәдімгі домбыра.

Халық күйі «Кеңес». Орындайтын 1-класс оқушысы Еламан Нұрбек.


Әдемі сенде әуен бар сезінгенге,

Менің де оны ұқпаған кезім кем бе?

Үніңе құлақ тосам құлап түсіп,

Тірліктің у-шуынан безінгенде.

Орыстың халық әні «Алма ағаштың аясында» орындайтын 1-класс оқушысы Сырлыбаева Мадина Күйсандықта сүйемелдейтін Абилова Зульфира


Шертеді бұл домбыра дала сырын,
Айтады жүректегі баба жырын.
Күмбірлеп күй төгеді шанағынан,
Аяулы анамыздай – жанашырым.

Дина әжеміздің күйі «Той бастар» орындайтын 2-класс оқушысы Таубеков Арсен.


Домбыра мұнша шешен болдың неге,

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің

Саусағың тиіп кетсе ішегіңе.

3-сынып оқушысы Балтабаева Жансаяның орындауында Қазанғаптың күйі «Домалатпай»


Тарт күйіңді домбыра,

Төгіл-төгіл тәтті күй

Тау суындай сылдыра .

Тауда тұман тұрмасын,

Ойды, қырды қыдыра Күй әлемді шарласын.

Құрманғазының күйі «Балбырауын» орындайтын 3-класс оқушысы Ұзақбай Ислам.


Домбыра жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң

Өнердің не екенін білмес едім.

4- класс оқушысы Тоқбасова Дилназдың орындауында Құсайыновтың күйі «Мереке»


Сыры бар Қаратаудай қатпарланған,
Алаулап жалын күйден тастар жанған.
«Өрт шалып дүниені кетпесін!» деп
Ежелден домбыра ғой сақтандырған.

4- класс оқушысы Сарсеналин Әнуарбектің орындауында Дәулеткерейдің күйі «Көроғлы »


Қос ішек толқынды өзен, сұлу арна

Екпіндеп еркін ақсын, тұрып қалма.

Мен білсем домбыра сен махаббатсың,

Махаббат тіршілікте суынар ма?

Е.Үсенов «Түркі әлемі» орындайтын Халықаралық «Күншуақ» байқауының І орын жүлдегері Қойбағар Алшын

Күйсандықта сүйемелдейтін Зульфира Абилова.



Домбыра тілегімді қуаттасаң

Үніңе үзіле бір құлақ тосам.

Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,

Бойдағы қуатыма қуат қосам.

Сүгірдің күйі «Бес жорға» « орындайтын Халықаралық «Күншуақ» байқауының І орын жүлдегері Тоқтарбаев Марғұлан.



Күйге толы дүние-ай күмбірлеген ,

«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.

«Көбік шашқан» «сары өзен» жағасында ,

«Ерке сылқым», «Балжан қыз» күлімдеген.

Қазанғаптың күйі «он сегіз жасар Балжан қыз» орындайтын Облыстық «Үкілі домбыра» байқауының ІІІ орын және Облыстық «Ақбөбек» байқауының І орын иегері Иса Амандық


Екі ішектің бірін қатты

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес

Нағыз қазақ –домбыра .

Дайрабайдың күйі «Дайрабай» орындайтын орындайтын Халықаралық «Күншуақ» байқауының ІІ орын жүлдегері дуэт ансамблі.


Самал қағып сыңғырлап шертілгендей,
Дүбірді естіп боз тарлан желпінгендей.
Күмбірлеп қоңыр үнің естілгенде,
Көңілдің қара бұлты серпілгендей.

Динаның күйі «Науаи» орындайтын Қазанғаптың 155 жылдығына арналған Облыстық «Саз зергері Қазанғап» атты күйшілер байқауының ІІІ орын жеңімпазы Ауашова Ақбөпе апай



DSC_0092.JPG




Қызыл түлкі ілетін қыран сынды,

Күйсандықта саусағың думан сынды.

Алпыс екі тамырда қан орнына.

Киелі күй күмбірлеп тұрған сынды,

О, Нұр-аға дарынды домбырашым.

Кеудеме бақыт құсын қондырасың.

Н.Тілендиевтің күйі «Әлқисса» орындайтын домбырашылар ансамблі.


Өзінен әсем әуен қалықтаған,
Қос ішектен аққу күй шарықтаған.
Ескі көзден қалған сен мұра едің,
Аялап ертеңдерге алып барам, - дей отыра, кешімізді аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.





Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі



Есепті концерт

«Өнер қарлығаштары»




http://svetlanaduda.com/wp-content/uploads/09-1626.jpg





http://propianino.ru/wp-content/uploads/2012/01/Image-711.png










Өткізген : домбыра класының мұғалімі Ауашова Ақбөпе











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров252
Номер материала ДВ-114723
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх