Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды" атты сынып сағаты

"Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды" атты сынып сағаты

Скачать материал

«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды» атты сынып сағаты.

 

Көрнекілігі: «Бейбітшілік ел тілегі», «Мың тағзым сізге майдангер», «Ешкім де ұмытылмайды, Еш нәрсе де ұмыт қалмайды» (плакаттарға жазылған), соғыс тақырыбындағы слайд көрсету

Тақтада «Жеңіске - 71 жыл» жазуы ілінеді, мәңгілік алаудың макеті.  

Барысы:

Мұғалім: Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің ерен рухын паш еткен Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты кешімізді бастаймыз

1-жүргізуші:

 Адамзатым, ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген - болған емес тегін іс.

Соғыс деген - қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген - екі жаққа жеңіліс.

 

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді,

Жарақат алғандардың күшіменен.

Өркендеттік өмір менен өнерді.

 

Жиырма миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

 

Жеңіс күні - желекті Ту қанаты,

Жаңа ұрпақтың самсап өскен санаты.

Жеңіс күні - болдырмауға соғысты

Адамзаттың ант ішетін сағаты.

 

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршыннан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашан да ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру - баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

 (Бір минут үнсіздік)

Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды.

Ән:

Көрініс: Сахнада ата, немере мәңгілік алауға гүл қояды, орындыққа келіп отырады.

 

Ата: Балам, мәңгілік от алауында өзіңе 1941 жылы 22 маусым күнінен басталған зұлмат соғыстың шежіресін еске алайын…

 

1-жүргізуші: Павлодарлықтар үшін соғыс 1941 жылы 22 маусымда сағат 3-те басталды. Ешқандай қатер сезілмеген. Сағат үште, павлодарлықтар түскі тамағын ішіп болып, жергілікті радиоторабының үзілісі аяқталғанда репродукторлардың қара тарелкалары қырылдап, москвалық диктор Юрий Левитанның таныс даусы естілді: «Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Москвадан сөйлеп тұрмыз!» … Бұдан кейінгі сөздер ауыр тастай жауып, қорқыныш пен әбігерлік тудырды. Міне, осылай екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Жаудың тұтқиылдан шабуыл жасауы совет адамдарының патриоттық сезімін оятты.

 

Көрініс: (соғысқа азаматтарды аттандыру, халықпен қоштасу)

Сарбаздар:

- Біз елге жеңіспен ораламыз!

- Жауды жеңбей қайтпаймыз!

- Қош туған ел, аман-есен келгенше.

Халық:

- Аман келіңдер!

- Жеңіспен оралыңдар!

            (Портреттерді слайдпен корсету)

2-жүргізуші: Бүкіл елдегідей, Павлодарда, облыстың поселкелерінде, селолары мен ауылдарында көп адам жиналған митингілер өтіп, онда фашистік агрессорлар ашумен айыпталып, бүкіл күшті Отан қорғауға жұмылдыру қажеттігі айтылды. Облысымыздан Ұлы Отан соғысының майдан шебіне аттанып, өзінің ерлікті істерімен Жеңіс күнін жақындата түскен жерлестеріміз мың сан. Байтақ елімізді баспалап кірген жауға қарсы күрескен біздің облысымыздан 46257 адам қатысқан. Ертіс жағалап, Баян тау бөктерін  төңіректей қоныстанған бар елді мекендерімізден аттанған жауынгерлердің 22252-сі майдан даласынан оралмады. Сол жаужүрек жауынгерлер арасында ер деп ерекшелеп, батыр деп бөліп айтар тұлғалар да аз емес. Ғұмыр-тіршілігі біздің облысымызбен тығыз байланысқан 23 азамат Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болған. Ерлік көрсеткен жерлестеріміз: Қанаш Қамзин, Жылыбек Ағаділов, Минжамал Тумашева, Кенжетай Ахметов, Қабиден Жұмабеков, Қалмұқан Исабаев, Ғаббас Жұматов, Қиса Арықов, Сағымбай Жұматов, Қайриден Сәлімов, Мүқарам Қанафин, Қабдеш Нұркин, Рахымберді Әліков, Серікбай Мүткенов, Құдайберген Сұрағанов, Махмет Қайырбаев, Қантай Елубаева, Нүркен Қасымов, т.б. 

 

Соғыс тақырыбына байланысты өлеңдер оқу.

Ата: «Бәрі де майдан үшін!,Бәрі де Отан үшін! Жеңіс үшін» деген ұранмен тылда да еңбек қайнап жатты.  (Видеоролик корсету)

 

1-жүргізуші: Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 2,5 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаржы берді. Елдің қаржысынан «Қазақстан комсомолы», «Қазақстан колхозшысы» атымен танк колонналары,  «Советтік Қазақстан»

атты әуе эскадрильясы жасалып майданға жіберілді.

 

2-жүргізуші:               Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,

                              Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта,

                              Сұрапылдай соқты да жау қамалын,

                              Жеңіс туын қадады Рейхстагқа.

Көрініс: Үш жауынгер еңбектеп, жүгіре басып биік бағанға Кызыл ту іледі.

Ата: Жеңіс осындай ерлікпен келген еліңе, балам.

 

1-жүргізуші:

Сүйінші, халқым, сүйінші,

Сүйіншіге сүйінші!

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан ата-бабамыз.

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті Жеңіспен!

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той, мереке!

 

2-жүргізуші:       

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді калама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік.

Жеңіс келді алақай!

Тойып жейтін нан болып.

 

Бала: «Ата-ата, сүйінші, ағам келе жатыр!» (Жаралы жауынгерлерді елдің қарсы алуы)

 

Ән: «Жеңіс күні» (бүгінгі кешке қатысқан оқушылар хормен орындайды, қолдарында шар, гүл (Интер. Жеңіс тақырыбына орай сурет))

1-жүргізуші: Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік кешіміз аяқталды.

Еліміз аман,

Жеріміз сау болсын,

Ұрпақтар аман болсын.

Іргелі ел Қазақстан көркейе берсін!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды" атты сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 199 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.06.2016 1427
    • DOCX 164.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имангельдинова Жадра Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 4094
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 941 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек