Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / «Есімдіктердің түрленуін қайталау» (сабақ)

«Есімдіктердің түрленуін қайталау» (сабақ)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_43ba063c.gifhello_html_eb48693.gifhello_html_6b2b51.gifhello_html_m19fa3374.gifТақырыбы: «Есімдіктердің түрленуін қайталау» (сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: зымыран сұрақтар, жұмбақ сұрақтар, мәнерлеп жатқа айту, сыңарын тап, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар көрсету, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері. Танысу тренингі.

Психологиялық дайындық.

kk.jpg

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

І.Өткен тақырыптарға шолу жасау.

Зымыран сұрақтар:



Есімдік дегеніміз не?

Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.

Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

Сұрау есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

Өздік есімдігі ше? Қалай түрленеді?

2. Жұмбақ сұрақтар. “Бұл қай есімдіктер?”

hello_html_3e1fde22.png

1.Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі бар? /Біз/

2.Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі бар? /Сұрау есімдігі/

3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды? / Жіктеу есімдігі – мен, сен/

4. Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды,

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды. / Жалпылау есімдігі/

5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.

Еш +

кім

қайда

қашан

теңе
















/ Болымсыздық есімдігі/





ІІ. «Кім тапқыр?»

Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

Кімнің? Қайсымыз? Нешеуі? Кімдермен? Нешеуден? Кімсіздер?

hello_html_4a87ea2b.pngІІІ. Есімдіктің мағыналық топтарының тапсырмаларын орындау.

1. Жіктеу есімдігінің тапсырмасы:

Әбу Сәрсенбаевтың “Сен құрметте оны” өлеңін жатқа айту, есімдіктерді тауып, түрленуін талдау.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты.

Өлім соққысын өз үстіне алды.



2.Сілтеу есімдігінің тапсырмасын орындау.



Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз.

..... айтып тұрған қасиеттер .... баладан табылмасына ... кепіл?

..... ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен.

..... - Күршім өзені.

......... - Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер.

... елің - алтын бесік.

Есімдіктер: сіз, осы, кім, бұлар, мына, мынау, өз.



Сергіту сәті.

http://i3.woman.ru/images/article/2/3/img_23f75fceae84f46992dfa5aef258c980.jpg3. Өздік есімдігінің тапсырмасы: “Сыңарын тап”





1. Отанға опасыздық еткенің,

Өз еліңде дүркіре.








өзінен қызғанады.


2.Жаманның  өзі бола алмайды,









Болғанды көре алмайды.


3.Кісі елінде күркірегенше,







өз түбіңе жеткенің


2.Сараң  өзінің затын








4.Сұрау есімдігінің тапсырмасы. Өлеңнің атын, авторын табу.



Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда,кім болам?



http://cs317423.userapi.com/v317423335/3d32/L_Zu0xeWBKM.jpgС.Торайғыров.



5. Белгісіздік есімдігі. Есімдіктерді септеу.

    • кейбіреу

    • біреу





Атау біреу кейбіреу

Ілік біреудің кейбіреудің

Барыс біреуге кейбіреуге

Табыс біреуді кейбіреуді

Жатыс біреуде кейбіреуде

Шығыс біреуден кейбіреуден

Көмектес біреумен кейбіреумен





6.Болымсыздық есімдігі: Есімдіктің сөйлемдегі қызметтері:

1. Есімдік қай уақытта бастауыш қызметін атқарады? Сөйлемнен бастауышты тап.

Ешкім Отанына опасыздықты жасамайды.



2. Есімдіктер қай уақытта толықтауыш бола алады?

Ешкімге ауыр тапсырма берілмеді.



3. Есімдіктер сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш қызметін атқарады?

Ешқайсысының үні шықпай қалды.



4. Есімдіктер үстеудің орнына қолданылса сөйлемнің қандай мүшесі болады?

Сабақтан кейін ешқайда бармайтын болдық.



5. Есімдіктер қай уақыта баяндауыш қызметін атқарады?

Оқушы менмін, тыңдаушы сенсің.



7. Жалпылау есімдігінің тапсырмасы: Барлық, барша күллі, бәрі есімдіктерін қолданып сөйлем құрастыру.



ІV.Сабақты бекіту. Семантикалық карта.



р/с

Мысалдар

 жіктеу

 

сілтеу

сұрау

өздік

белгісіздік

болым-

сыздық

жалпылау

1.

Барлық








2.

Олар








3.

Мыналар








4.

Өздері








5.

Ешқашан








6.

Қайда?








7..

Бәрі








8.

Кейбіреу








9.

Ешқайда








10.

Әлдеқайда








11.

Өзіміздің










V. Үй тапсырмасы. Есімдіктерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрастырып келу.



VІ. Қорытындылау. Бағалау.



Біле бер қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

Ж.Баласағұн.



Сабақ кезінде белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау, бағалау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров99
Номер материала ДВ-410979
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх