1716023
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
V ЮБИЛЕЙНЫЙ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНКУРС
ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыЕсімдіктің сөйлемдегі қызметі "Қазақ тілі" 7-сынып

Есімдіктің сөйлемдегі қызметі "Қазақ тілі" 7-сынып

библиотека
материалов

Бекітілді___________

« »________ жыл

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Оқушылардың есімдік туралы білімдерін еске түсірту, есімдіктің сөйлемдегі қызметі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың есімдік туралы білімдерін кеңейту.

дамытушылық мақсаты: Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңірту, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: СТО элементтерін пайдалану, сұрақ-жауап,жаттығу, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, А3 форматты қағаз, түрлі түсті бояулар, стикер, маркер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын тексеріп болған соң оларды түстер (қызыл, көк, жасыл, қызғылт) арқылы топқа бөлемін. (Қызыл түсті таңдаған оқушылар – бастауыш, баяндауыш тобы, көк түсті таңдаған оқушылар – пысықтауыш тобы, жасыл түсті таңдаған оқушылар – толықтауыш тобы, қызғылт түсті таңдаған оқушылар – анықтауыш тобы болып бөлінеді.)

Үй тапсырмасын сұрау.

Миға шабуыл

  • Есімдік дегеніміз не?

  • Есімдіктер тағы қалай аталады?

  • Есімдіктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  • Жіктеу есімдіктері неше жақта қолданады?

  • сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер қай есімдікке жатады?

  • Сенің өзің, өздері келеді, өзімнің көйлегім деген сөз тіркестерінде қай есімдіктің түрі қолданылған?

  • Сұрау есімдігі дегеніміз не?

  • Жалпылау есімдігіне мысал келтір.

  • Болымсыздық есімдігі дегеніміз не?

  • бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

  • әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан деген сөздер қай есімдікке жатады?

  • Психологиялық дайындық

Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын, балалар,

Аралас тілге үңілме! (Қожаберген жырау)

Қайсысы есімдік?

Төменде қарамен жазылған сөздердің қайсысы есімдік, қайсысы басқа сөз табы?

  1. Қайсар жолдан кесе-көлденең бұрылып, сол жаққа қарай жөнеп берді?

(Ғ.Мүсірепов)

2. Әйтеуір, сол қыз бір сұлу. ( ән )

3. Сол қол. Сол адамдар секілді.

4. Біздің үй дүкеннің жанында орналасқан. Бізетікшінің құралы.

Ойласаң табасың!

Пайда мақтан – бәрі тұл,

Доссыз ауыз тұшымас...

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...

(Абай)

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім.

(Махамбет)

Сен қашсаң да мен қойман,

Арғымағым жебелеп...

(Бұқар жырау)


ІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.

Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?) үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?) келісті. Әркім (кім?) өзінше дайындалыпты. Өзі (кім?) айтып берді.

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұл ешкімге (кімге?) айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?) апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?) арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?) сұраладыОл әркіммен (кіммен?) ақылдасуды жөн көрмеді. 

3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?) пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?) дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?) адам өзіне жамандық тілемейді.

4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш боладыӘңгіме әлдеқашан (қашан?) аяқталған. Ол ешқайда (қайда?) бармауға бел байлады.

5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым– осы. Ата-анамыздың барлық тірегі – біздерміз.


ІІІ. А) «Айналмалы бекет» стратегиясы

Төрт топқа бөлінген оқушылар өз топтарының атауына байланысты есімдіктің сөйлемдегі қызметіне орай 10 минут ішінде кластер жазып, жұмысын аяқтаған соң тақтаға шығып постерін қорғайды.

Ә) «Шынайы дос» стратегиясы

Постер қорғалып болған соң, әр топ оқушылары стикерге сын-пікір жазып постерге жабыстырады.

ІV. «Кітап – досың, ақылшың» (Оқулықпен жұмыс)

93-жаттығу. Сөйлемдердің құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып, олар қай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын ажыратыңдар.

Үлгі: Кім туралы шағым айтып келген? – біреу туралы – толықтауыш.

Әмірші біреу туралы шағым айтып келген кісіні ит етінен жек көреді. Сондықтан оған ешкім бұралқы сөз айтпайды. Өзі тапсырма бермесе, уәзірлер мен балалары да ешкім жөнінде ештеңе айтпайды. Олар бұған өздері естіген жайсыз хабарды нысаналып білдіреді. Оны қалай түсіну бұның өз еркінде. Құлағы естіген әрбір ұнамсыз жайларды әшкерелеп отыру өзіне де оңай емес. Жазықтыға қандай жаза қолданарын тек өзі ғана біледі. Барлық кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты.

(Ә.Кекілбаев)

V. Кім шапшаң?

(Бейнероликтен есімдіктерді тауып, сөйлем құра)

VІ. Сергіту сәті

VІІ. Сөйлем мүшелерінің сайысы

Бастауыш

Бәріңді бастап жүрген мен емес пе?

Өзімді бастық десем жөн емес пе?

Тұрлаулының тұңғышы мен боламын,

Менімен өзгелерің ерегеспе!

Баяндауыш

Басеке, бөсе берме көп мақтанып,

Бастықпын деп мардымсып жақсы атанып.

Егерде мен баяндап білдірмесем,

Өзіңді білмес еді ешкім танып.


Толықтауыш

Жарайды, екеуің де мықты екенсің,

Біріңбастық, біріңтиянақ, күшті екенсің.

Тыңдап көр бізді-дағы екі “батыр”!

Көрсетейін қызметтің көп көкесін”

Мен де айтылам әр түрлі құрамдарда

Жауап беріп көптеген сұрауларға.

Бес септікте тұрады менің тұлғам,

Тіркесіп те келемін шылауларға.


Анықтауыш

Тоса тұр, Тоқа, маған кезек беріп,

Айтайын қызметімді мен де теріп.

Анықтап зат белгісін сөйлемдегі

Сипаттап сөйлер сөзге берем көрік.


Пысықтауыш

Бәрің де баяндадың қызметіңді

Мен де айтып берейін міндетімді.

Сөйлемнің мен де мықта мүшесімін

Ешқайсысың кемітпессің келбетімді.

Баяндауыш, саған менің көмегім көп

Менсіз сенің, шынында, дәрменің жоқ.

Сын-сипат, мезгіл, мекен, себебіңді

Білдіретін мен екенім есіңде жоқ...




І топ. Есімдіктің атау септікте тұрып бастауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқаратындай екі сөйлем құра.

ІІ топ. Есімдіктің сөйлемдегі анықтауыш қызметіне өлеңнен үзінді келтір.

ІІІ топ. Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін.

Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

ІV топ. Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған.

Cөйлемнен есімдікті тауып, қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын.

Қорытындылау. Сұрақ қою арқылы

Үйге тапсырма.

97-жаттығу

Ереже жаттау

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушы бағаланады.
































































Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Лабиринт
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.