Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Есімі ұран болған-ер Бауыржан

Есімі ұран болған-ер Бауыржан

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Дина Нұрпейісова орта мектебі





























(Ерлік сағаты)































2014-2015 оқу жылы.

Есімі ұран болған-ер Бауыржан / Ерлік сағаты/

Жүргізуші:Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70жыл өтті.қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған.Ұлан-байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған.Тіпті арыға бармай –ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ,қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың Кеңестер Одағының Батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.Осы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ Одағының батыры,әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы –ХХ ғ биігінде дара тұлға.Оның есімі ерлік пен өрліктің символы ретінде халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,-деп өзі айтқандай бүгінгі күні өткізгелі отырған ерлік сағатымыз Бауыржан Момышұлының 105 жылдығына арналады.

Шолу.

1-оқушы:Отанымыздың тарихында ұмытылмайтын 5 жылбар.Бұл 1941-0945 жылдар.Бұл фашизммен бетпе-бет келген сұрапыл шайқастар.Осы жылдар Отанын қорғап,жер бетіне бейбітшілік орнату үшін,болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескен батырлар,майданда қаза болған жауынгерлер туралы көп кітаптар жазылды.Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.

2-оқушы:Оқып көр Москваның шежіресін,

Көз алдыңа елестетер не бір есім.

Оның бірі Сізге аға,Сізге іні,

Еске алшы,ет-бауырың елжіресін.

Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға,жақсы аға-жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын.

Жүргізуші:Бұл өлең шумақтары Мәскеу түбіндегі шайқаста қол бастап,ерекше ерлік көрсеткен қазақтың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлына арнап,орыстың белгілі жазушысы А.Бек 1944 жылы Мәскеу шайқасын суреттесе көпшілікке көркем әдебиет тілімен насихаттау мақсатымен «Арпалыс»кітабын жазған болатын.Бұл кітаптың бас кейіпкері Б.Момышұлының және 28 панфиловшы батырдың жанқиярлық ерліктері тамаша суреттелген.Кейін Бауыржанның өзі жазған «Москва үшін шайқас»повесі де осы тарихи оқиғаға арналған.

3-оқушы:Олар 28 еді!1941 жылдың 16 қарашасында немістер Мәскеуге Волокалам бағытында ұрысқа шықты.Дубосековоразьездіндегі 1075 –атқыштар полкі.4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады.Ротаның саяси жетекшісі В.Ключков басқарған взвод жауынгерлері барлығы -28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста 14 танкісін қиратты.Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты.28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.Соғыс жылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп,олардың тумаларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды.Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар.Оның құрамынан шыққан батальеон,кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының есімі соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.

4-оқушы:Бауыржан Момышұлы 1910жылы 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген.Ол Жамбыл,Шымкент қалаларындағы интернатта білім алады.Оқуда зерек,пайымшыл,әсіресе математикаға

Өте жүйрік болса керек.Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып,онда бір жарым жыл жүріп,запастағы командир атағын алады.Туған ауылына қайтып оралған соң,ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып,түрлі әскери бөлімдерде взвод,рота командирі болады.1941 жылы Ұлы Ота.н соғысы басталысымен,Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады,батальеон, полк командирі қызметтерін атқарады.Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі.

5-оқушы: бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау шығады.Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста ерен ерлігімен аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды.Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді.Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып,Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді.1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.Қазақ халқының даңқын шығарып,абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі –гвардия полковнигі,жазушы,Совет Одағының батыры Бауыржан Момышұлы артында «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Майдандағы кездесулер»деп аталатын шығармалар қалдырды.Баукеңнің шығармалары,әдеби туындылары,мақал-мәтелдері,қанатты сөздері баға жетпес асыл мұра.

Нақыл сөздері (балалар бір-бір мақалдан айтады)

1.Ердің еңбегін ел бағалайды.

2.Жанын аяған тәніне жау.

3.Өмір үшін өлгенше күрес.

4.Ердің Еділ тобығынан келмейді,

Қорқақ қаққа шөгіп өледі.

5.Тірескеннің тізесін бүктірер ер,

Белдескеннің белін сындырған ер.

6.Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе қайратыңды жолдас ет.

7.Әдіссіздік - әлсіздік,

Ептілік - ерлік.

8 «Ел дегенде езіліп,жұрт дегенде жұмылып қызмет ет,

Жерге тер төгіп-халыққа қан төгіп қызмет ет»

9. «Ерлік-елдің қасиеті,

Жүректілік-жігіттің қасиеті»

6-оқушы:Батырлық даңқы соншалықты кең жайылғанымен Бауыржанға дер кезінде «Кеңес Одағының Батыры»деген атақ берілмеді.Өйткені ерлігі адал болғанымен,өз ұлтын ерекше сүйетіні,кіршіксіз таза ұлтжандылығы шовинистік пиғылдағы басшыларға ұнамады.

Маған деген атақта,

Міндет етсең өзің ал.

Әділетке бас ұрып,

У берсең де маған бал,-деп жырлағандай, Ел тәуелсіздік жарлығымен оған (12.12.1990 ж) «Кеңес Одағының Батыры», «Қазақстанның халық қаһарманы» (1995 ж) атақтары берілді.

7-оқушы:Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы жеңістің 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды.Бауыржан атамыздың Бақытжан Момышұлы: «Өзіңнің жақын адамың жайында жазу өте қиын.Соған қарамастан мен әкем жайлы үш трилогия жаздым»-дейді.Олар:«Восхождение к отцу;«Воимяотца»;«Сыновьявеликогополка»100 жылдыққа орай 30 томдық энциклопедия дайындалуда.Бүгінгі таңда Батыр есімі халқымыздың жүрегінде.Бауыржан батыр есімін иеленген мектептер,көшелер,т.б көптеген кездеседі.Алматыда ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған,әскери оқу орны және мектеп-лицей бар.

Жүргізуші:Бауыржан Момышұлының рухани адамгершілік әлемі бай.Ол әділ де шыншыл,айтар ойын жасқанбай кесіп айтатын өжет те қатал,сонымен бірге жаны жайсаң,кішіпейіл де жомарт,нәзік өзімнің иесі.Бауыржан Момышұлы есімі,ерлігі әлемге аян.ОЛ небәрі 30жасында аты аңызға айналған адам. Сондықтан да оның екінші дүниежүзілік соғысындағы қаһармандық ерлігі мен бейбіт замандағы талантына ,адамгершілік қадір қасиетіне бас имейтін пенде жоқ.

Құлай сүйген жусан иіс даласын,Қаһармансың ,жан емессің шүрегей,

Сүйіп өткен Отан атты Анасын.Мен де ақынның бірі емеспін жыры өгей.

Намысымның найзағайы секілді, Мәңгі жасар көңілдердің төрінде,

Даралардың ішіндегі дарасың.Батырлардың батырысың бірегей. Осымен Бауыржан Момышұлына арналған ерлік сағаты аяқталды.





















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-077992
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>