Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Конспекты / Есірткіден аулақ бол!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Есірткіден аулақ бол!

библиотека
материалов

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Көпұлтты Қазақстан- достық мекені
Мақсаттары: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.
Көрнекілігі: шаңырақ, қанатты сөздер, бейнебаяндар, слайдтар, ұлттық киімдер

1.Слайд көрсетіледі
1 - жүргізуші:
Пай - пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағың,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
2 - жүргізуші:
Таңы атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын
1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын осы уақыт аралығында ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігіміз бен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. Осынша жыл ішінде Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде!Соның ішінде Жаңақорған ауданында 18 ұлттың өкілі бір атаның баласындай етене араласып, бейбіт өмір кешуде.

2 - жүргізуші:  

1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес.
1 - жүргізуші: 
Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады дей отырып, бүгінгі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған " Көпұлтты Қазақстан- достық мекені" атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
Әнұран орындалады


Бағжан:
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы»деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 сессиясын өткізген болатын. Қазақстан халқына бақ болып қонған келісім мен бірлік «Бір ел – бір тағдыр» ұстанымына сүйене отырып, Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.
Мағжан:
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20-ға толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 20 жыл болды. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. 
Айжан: 
Ұлы мақ­сатқа, «Мәңгілік елге» сапар шеккен Елбасы идея­ларының өміршең болуына біз жауап­тымыз. Сондықтан қазақ айтқандай, «Саусақ ашса – қылдырық, жұмса – жұдырық», барлы­ғымыз – бір, тірлігіміз нұр болып болып қызмет етсек, асқақ асу да алынады. Біздің қоғамда ешкімнің де этностық ар­тықшы­лығы жоқ және бар қа­зақ­стан­дық­тардың заң алдында терезесі – тең, керегесі – кең. Біртұтас Қазақстан халқының бө­лінбес бір бөлшегі ретінде баршамызды толған­дыратын мәселе, ол – әрқайсы­сымыздың Қазақстанның бір азаматы ретінде ұлтаралық тұрақтылықты нығайтып, халықтың әлеу­меттік жағдайын жақсарту

Данияр: 
Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, Ата Заңды айқындадық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасымен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады.. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш - жігермен нығайту қажет.








1жүргізуші: 
Өлеңді айтқан сайын асқарлады,
Осы болсын кешіміздің басталғаны
Қошеметтеп ағайын қарсы алыңдар
Алдыңызда өнердің жас тарланы

2 - жүргізуші:
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, өзбектер
Армян, түрік, молдован.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,


1 - жүргізуші:
Бүгінгі мерекемізге бір шаңырақ астында мекендеп жатқан, достығы жарасқан, Тәуелсіз еліміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан өзге ұлт өкілдерін шақырып отырмыз.. Бүгінгі кеште Орыс,Өзбек,Түрік,Кәріс және Қазақ ұлтының өкілдері өз өнерлерін ортаға салатын болады.

  1. жүргізуші:

Біз өзіміздің салт - дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. Олай болса осындай бірлігі жарасқан, өз жеріміздегі әр ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалайық!
1 - жүргізуші: Кешіміздің бағдарламасында әр ұлт өкілдері өз елін таныстырып, өз елінің өнерін көрсетіп, әнін шырқап, мың бұрала биін билейді.

2- жүргізуші:

Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің -дей отырып өзбек халқының өкілдерін ортаға шақырамыз.Қол соғып қарсы алыңыздар!
(1.Сәлемдесу.2.Тарихы.3.Ұлттық тағамы.4.Ұлттық өнері)


(Өзбектер өнерін көрсетіп болған соң)





1-жүргізуші: 

 Амандасу – әр халық мәдениетінің қайнар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Әр елдің әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне байланысты сәлемдесу түрлері де өзгеше болып келеді.

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әртүрлі.Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет..Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады. Ежелден келе жатқан "вай" сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.Мұсылман дініндегі түркі халықтары үшін ортақ сәлемдесу формасы: "Ассалаумағалейкум! (Сізге тыныштықтық, амандық  тілеймін!), оған жауап ретіндегі Уағалайкүміссәлем! (Өзіңізге де соны тілеймін). Бұл мұсылман дінінің басты ұстанымы – бейбітшілік пен тыныштықты қалауынан туындағанын көрсетеді.

2 - жүргізуші:

Кім сүймейді ет жақынын, туысын,
Орыс жұрты туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.

Келесі кезекте орыс халқының өкілдерін ортаға шақырамыз.Қол соғып қарсы алыңыздар!


(Орыс халқының өнерінен кейін сынып ұлдары «Қара жорғаны» билейді)


1 - жүргізуші:

Түрікпен де тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Ендігі кезекті түрік халқының өкілдеріне береміз..Қол соғып қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:

Тілі басқа болғанмен тілегі бір ,
Дүрсіл қаға бірге соққан жүрегі бір.
Мақсаты ортақ, бейбітшілік ұраны
Алдыңызға шықты кәріс ұланы .
Қол соғып қошемет көрсетейік,Кәріс ұлтының өкілдері ортамызда!

1 - жүргізуші:

Таңы атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын.


Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар қазақ ұлтының өкілдерін қол соғып ортаға шақырамыз!

(Қазақ ұлты ортаға шығады)

(Қазақ ұлты өнерін көрсетіп болған соң)


Шағын қойылым: Оқушылар шаңыраққа ілінген ленталарды ұстап сахнаның ортасына шығады

Рамазан:                                 Ортақ мекен жер шары,

                                                  Төбемізде бір аспан.

                                                  Барлық ұлттың баласы,

                                                  Достығымыз жарасқан.



Аружан:                                 Ортақ бізге бір Отан,

                                                  Ортақ жердің байлығы.

                                                  Еңбек ортақ, жыр ортақ,

                                                  Ортақ бізге барлығы.

Айжан:                               Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

                                                Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                                                Елім менің биіктегі шарайнам,

                                                Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Шыңғысхан:                         Ағайын-туған – бар адам,

                                               Адалдық үшін жаралған.

                                               Барлық қымбат туыстық,

                                               Баянды болсын тыныштық!

Қалихан:                                   Республикам менің,

                                                Республикам менің, Абатым!

                                               Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

                                               Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

                                               Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Бағжан:                             Тілегі бір,

                                               Жүрегі бір.

                                               Достармен біз біргеміз.

                                               Туыс барда құрыштан да,

                                               Берік біздің іргеміз!

Қайсар:                     Жақсылыққа, бақытқа,

                                            Талпынған әр уақытқа.

                                            Бала біткен дос-бауыр,

                                            Болмасын еш тосқауыл!

Нағима :                            Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

                                            Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

                                            Қайталанып, жаңарып айтылады,

                                            Бейбітшілік деген сөз барлық тілде

Әсел:        Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                        Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

                        Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                        Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

 Сәулет:       Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

                        Айта бергім келеді, айта бергім.

1-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

                        Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

                        Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

                        Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

2-жүргізуші: 

 Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады



1-жүргізуші:Құрметті көрермендер! Сонымен бүгінгі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған " Көпұлтты Қазақстан- достық мекені" атты ашық тәрбие сағатымыз да соңына келіп жетті.
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

(интерактивті тақтадан видеоролик көрсетіліп тұрады )





















































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

«Есірткігеқарсы күрес »тақырыбынаәзірленген сценарий

(Безендірілгенсахна,шарлар,сахна төрінде тақтадантақырыпқасайбейнебаяндаркөрсетіліптұрады, халықтыөзінетартатынмузыка ойнатылады)

1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар!

Халықаралықнашақорлыққақарсыкүрескүніаясындаесірткігеқарсыұйымдастырылғанфестивалға хошкеліпсіздер!

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
2-жүргізуші:
Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
1- жүргізуші:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде.

2-жүргізуші:
Нашақорлықпен күресуге қарсыұйымдастырылған іс- шараның өтуіне ұйытқыболған ортамызғашақырайық!(Басшыбірінесөзберіледі)

1- жүргізуші:

Көмейіне бұлбұл ұялаған әнші, ән өнерінің майталманы ,өзіміздіңжерлесімізэстрадажұлдызы бүгінбізбенбірге.Қанекей,қошеметпенқарсыалайық!

(Сахнадаәншырқалады)

І. Салауат үгіт насихат тобының қойылымы.. «Есірткігежол жоқ! »

2-жүргізуші:

Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.Ендеше,құрметтіжиылғанқауым!Сіздерге іс- шара барысындабірнешебайқаулардың өтетіндігінхабарлаймыз.

1.«Өзөмірің өзқолыңда! » Көрерменменсуретбайқауы (Асфальтүстіне, плакат ж/е т.бсурет салу)

1-жүргізуші:

Президент Н.Ә. Назарбаевтың ҚР-ның халқына жолдауында : «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып, нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Олар өз ұрпағының жауапты және жігерлі өкілдері болады. Біз өз қоғамымыздағы құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойы дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш жігерлерді қолдану қажет» деген болатын.

2-жүргізуші : Осы мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз келесі бөлімдерден тұрады: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтына ынталандыру – делінген. Бүгінгі өткізіліп отырған іс – шарамыз міне, осы ойға бағыт ұстайды.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, Салауатты өмір салтын ұстанайық!

2.Спорттықсайыстарөткізу. (Веложарыс, арқантартыснемесе тағыбасқа)

1-жүргізуші:

Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі –жастар, дәлірек айтсақ XXI ғасыр жастары. XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпылама айтқанда күн сайын шығатын технологиялық жетістіктер жасөспірімдердің қызығушылығын толтыруда және ол өз кезегінде барған сайын жас жеткіншектердің тәрбиесіне, біліміне, ең бастысы денсаулығына көңіл аз бөлуде.

Ашық алаңғабірыңғайформадағы(Мысалға Қызылфутболка,сарыкепка) жастаршығып (саны -50-60)жаттығутүріндегіфлешмобтыбилейді.

(Билепболған соңжылдамқимылментөмендегібелгінібейнелепкөрсетуітиіс. Немесе «Өмір». «Денсаулық» сөздерініңбірінжазуға болады) (Төбеден қарағанда анықкөрінеді)

2-жүргізуші :

Құрметтіхалайық!Сіздерге «Нашақорлық- қоғамдықдерт» атты анкета (Сауалнама) таратылады.Барлықтарыңызшынайы жауапберулеріңіздісұраймыз!

(Көмекшілерхалыққақаламсаппенпарақшатаратыпшығады)

Мұнанәрііс- шара

1.Әншілердіңәніне, би өнеріне,ойындарғаұласады.

2.Халыққа үгіт-насихатпарақшасытаратылады.

3.Салютату,шарларұшыру

4.Іс- шарағабелсене қатысушыларғасыйлықтарұсыну

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров325
Номер материала 283024
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх