Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Есірткі туралы шындық /тәрбие сағаты/

Есірткі туралы шындық /тәрбие сағаты/

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Бекітемін»

Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Орынбаев


Тәрбие сағатының тақырыбы: Есірткі туралы шындық

80 топ 2014 жыл

Мақсаты: студенттерді нашақорлықтан аулақ болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Көрнекілігі: Слайдтар.

Барысы:

Топ жетекшісінің кіріспе сөзі. Оқушылардың білетін мәліметтерін сұрақ-жауап арқылы анықтау. Слайд материалдарын пайдаланып, сол мәліметтерді толықтырамын, фактілермен дәлелдеймін.

ЕСІРТКІНІҢ ТАРИХЫНАН

  • Есірткі заттарының тарихы ежелгі заманнан басталып келеді. Нашақорлықтың ең бірінші құрбаны – перғауынның қызы болып саналады.

  • Ежелгі заманда есірткі заттарды соғыс кезінде жарақаттанған кісілерге көмек көрсету үшін емшілер пайдаланған

  • Құрамында есіртетін заттары бар шөптер арқылы адамдардың ақыл- ойын бұзған (марионетка)

  • 1806 жылы Наполеон армиясының химигі опийден морфин шығарады

  • Морфинизмнің белең алып кеткен кезі бұл франко- пруссия соғысы кезінде шприц дайындағаннан 1850 жылы басталады.


Біздің заманымызда нашақорлықтың белең алып кеткенін ХІХ ғасырдың ағылшын ақыны
Томас Де Куинси «Записки Опиофага» атты кітабы шыққан соң басталады.

  • Есірткі заттарының адам психикисына кері әсері бар екенін Зигмунд Фрейд толық зерттеп, әлемге жариялайды

  • Нашақорлық адам денсаулығына қайтпас кері әсерін тигізетіні туралы ХХ ғасырдың 20 жылдары айтыла бастайды. Бұл уақытта кәзіргі таңда белгілі морфин, кокаин т.с.с. Заттар қолданылатын

  • Осы нашақорлықтың кәзіргі таңда белең алып кеткені ХХ ғасырдың 1970 жылдары хиппи қозғалысынан басталады.

НАШАҚОРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

  • Есірткі заттары кәдімгі сап- сау адамды психикалық және дене әлсіздігіне әкеліп соқтырады да тәуелділік тудырады.

  • Нашақорлық – сырқат, соңғы жылдары есірткі пайдалану салдарынан өлім- жітім көбейіп кетті

  • Нашақорлар өмірінің орташа ұзақтығы - есірткі пайдалана бастаған соң 5 жыл.

  • Заттардың алмасу процесіне араласып, есірткі ең алдымен, мидың жасушаларын өлтіреді, бұл адамның белсенділігін төмендетіп, селсоқтыққа әкеледі.

  • Иммундық жүйе зардап ше-геді.Сондықтан адам ағзасы түрлі инфекциаларға берілгіш болып алады.

  • Есірткі обырдың, асқазан жарасының пайда болуына итермелейді.

  • Ең ауыр, қауіпті және емделуі қиын нашақорлық түрі апиын нашақорлығы. Ортақ шприц қолдану салдарынан ЖИТС/ СПИД/ және вирусты гепатит жұқтыру қаупі ұлғаяды.

  • Тамырға жіберлетін есірткі пайдалану нәтижесінде тек психика, жүрек-қан тамырлы және жүйке жүйесі емес, бауыр, бүйрек те зардап шегеді ауруға қарсы тұру мүмкіндіктері нашарлайды, тіс бұзылады, тамырлар сырқаттанады, белсіздік дамиды, ақыл-ой деңгейі төмендейді.

Есірткі немен қауіпті?

Ең бірінші есірткі заттары тәуелділік тудырады

Псхикалық ауытқулар пайда болады

Нашақорлық – бұл ана құрсағындағы шарана дүние есігін ашқан кезден бастап
бақытсыздыққа душар болу

Нашақорлық- бұл тек шприц немесе есірткі көргенде сұқтана қарайтын көздер.

Нашақорлық- бұл ми, жүрек, бауыр, ішкі ағзаларды ауыр зақымдайтын кесел.

Нашақорлық- бұл есірткіні уақытылы қабылдамағанда жан түршігерлік азапты сіңір тартылулармен құрысқан денелер.

Нашақорлық – бұл біздің ата- аналарымздың, бауырларымыздың көз жасы

Нашақорлық – бұл қылмысқа апаратын тіке жол

Қорытынды сөз.

Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен

маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.

Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны

өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының

мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал

1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде.

Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты

ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай

тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның

сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан

арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні

қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек

сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны

қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633

нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз

облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген.

Осылардың 48%-ы қылмыскерлер.

Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және

нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек

дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар.

Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді.

Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық

туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі

сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр

адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде

тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және

парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.


Топ жетекшісі: Г. Матниязова

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Есірткі туралы шындық

№80 топ 2014 жыл

Мақсаты: студенттерді нашақорлықтан аулақ болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Көрнекілігі: Слайдтар.

Барысы:

Топ жетекшісінің кіріспе сөзі. Оқушылардың білетін мәліметтерін сұрақ-жауап арқылы анықтау. Слайд материалдарын пайдаланып, сол мәліметтерді толықтырамын, фактілермен дәлелдеймін.

ЕСІРТКІНІҢ ТАРИХЫНАН

      Есірткі заттарының тарихы ежелгі заманнан басталып келеді. Нашақорлықтың ең бірінші құрбаны – перғауынның қызы болып саналады.

      Ежелгі заманда есірткі заттарды  соғыс кезінде жарақаттанған кісілерге көмек көрсету үшін емшілер пайдаланған

      Құрамында есіртетін заттары бар шөптер арқылы адамдардың ақыл- ойын бұзған (марионетка)

      1806 жылы Наполеон армиясының химигі опийден морфин шығарады

      Морфинизмнің белең алып кеткен кезі бұл франко- пруссия соғысы кезінде шприц дайындағаннан 1850 жылы басталады.

 

Автор
Дата добавления 17.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров2076
Номер материала 486871
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх