Инфоурок Дошкольное образование КонспектыЭссе "Болашақ педагог моделі"

Эссе "Болашақ педагог моделі"

Скачать материал

   ҚАРАҚИЯ  АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ  «ҒАРЫШКЕР»  БАЛАБАҚШАСЫ   

     МЕМЛЕКЕТТІК   КОММУНАЛДЫҚ   ҚАЗЫНАЛЫҚ   КӘСІПОРНЫ

                                        

 

 

 

 

 

 

 

          Болашақ педагог моделі

                                        

 

 

 

 

 

 

                                                                                    Дайындаған: Б. М. Ертилиева

 

 

                      

 

 

 

 

 

                                                

                                                         Жетібай ауылы

                                                          

 

                                              

 

   Мен Ертилиева Бибігүл Мұхамедқызы 1972 жылдың тамыз айының 10-шы жұлдызында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кентінде  дүниеге келдім. 1979 - 1989ж.ж. аралығында Жетібай кентіндегі   №8  орта мектебінде оқып білім алдым. 1989  жылы Жетібай кентіндегі №17 «Аққу» балабақшасының тәрбиеші қызметінде 4 жыл қызмет еттім.

1993-2006 жылдар арасында №4 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым.

1995 жылы Ақтау  қаласындағы Маңғыстау педагогикалық   колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығын алып шықтым.

2003 жылы Ақтөбе «Дүние» университетеінің «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі мамандығын алып шықтым.

2008 жылыдан бері МКҚК «Ғарышкер» балабақшасында қызмет етемін. Жұмысымды алғаш бастаған күннен  бастап балалармен оқу-тәрбие жұмыс жан-жақты іздену арқылы  шығармашылықпен өткізуді  алдыма мақсат етіп қойдым.

Содан бері осы балабақшада әдіскер, тәрбиеші қызметін абыроймен алып келемін.    

Өзім шығармашылық жұмыстарымды назарларыңызға  ұсынамын:

·         «Болашақ  педагог  моделі» тақырыбындағы эссе;

·         «Педагог-тәрбиешілерге әдістемелік көмек» деген  тақырыптағы баяндама

                                    Болашақ педагог моделі  

             Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру- отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартылуда. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзілссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан бастау алады. Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы-білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізілуде.

      Егеменді еліміздің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дайындалған білім, ғылым саласындағы ресми құжаттар тәжірибеде қолданылуда. Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Гуманизмнің негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.

  Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір педагогтың  күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ педагогтарды даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогикалық  жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «Білім беру технологиясы» деп алатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлекциялық басқару ретінде көрінеді.

Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ педагогтардың кәсіби - бағыттылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру. Егер, болашақ педагогтың  кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, моделі жасалса және педагогикалық жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті педагог-тәрбиеші  мамандары даярланады, өйткені  бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.

Болашақ педагог   міндеттері:

- болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудағы жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;

- болашақ педагогтардың  кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

- болашақ педагогтардың  кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық практикалардың мүмкіндіктерін айқындау;

- жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ педагогтардың  кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесін құру;

- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте тексеру және тәжірибеге ендіру.

Болашақ педагогтардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың даярлығын жетілдіре түседі. Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі білімнің  тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет  бұруы болашақ педагогтардың  кәсіби бағыттылығының даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.

Жаңа парадигманың маңызды компоненті – тұлғаның  өзіндік даму тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан болашақ мамандарды дәстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.

 Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, оқытуды модельдеу білім беру жүйесінің үш функциясын көрсетеді:

- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі ақтаңдақтарды жою;

- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну;

- дамыту, яғни тұлғаның шығармашылық тұғыдан өсуіне ықпал ету және оның әр түрлі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кәсіби тұлғаны дайындау үшін нағыз педагогикалық, білімді-педагогикалық бір бүтін болу керек және педагогикалық квадраттың барлық мазмұнына ие болу қажет. Яғни, білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту болып саналады. Бұл тек қана білім беру мекемесінің талабына тиісті емес, сонымен қатар әрбір оқу тобының, циклының, факультеттің, кафедраның, оқытушыны, студенттің, тыңдаушының іс-әрекетіне қатысты.

Білім беру жүйесі психологиялық-педагогикалық талаптарды ұстанған жағдайда болашақ педагогтардың  кәсіби бағыттылығы талапқа сай қалыптасады.

«Технология» ұғымы соңғы кездері  педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз  ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг және т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да модель технологиясының бір түрі.

“Модель” термині латынның “modues” сөзінен шыққан. Ол “өлшем”, “әдіс”, “бейне” деген ұғымдарды көрсетеді.

«Модель» - үлгі, сұлба, өрнек, өң, кейіп деген ұғымдарды да білдіреді. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерде «модель» ұғымының орнына түрлі ұғымдар қолданыс табуда. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Модель – бір нәрсенің жалпылама алғандағы жобасы, сұлбасы» ретінде қарастырылса, «модельдеу – шамалау, жобалау, долбарлау» үдеріс, әрі әдіс ретінде қарастырылады. амасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді. Педагогика ғылымында модельдеудің бірнеше үлгілері кездеседі. Осы модельдің өлшемдері мен көрсеткіштерінің арқатынасының әр түрлі дәрежеде көрініс беруіне байланысты, педагогика пәндерінің материалдарын меңгерудегі білім мен практикалық біліктері және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесінің қалыптасуының  мүмкін болатын төрт шартты деңгейі анықталды:

Жоғары деңгей, болашақ педагогтың кәсіби іс-әрекеті және жаңа педагогикалық технологиялар бойынша білімді жетік меңгерген, оларды  кез-келген білім беру мекеме практикасында еркін іске асыра алады, жаңашылдық тұрғысынан шығармашылыққа және  өзін-өзі жетілдіруге деген тұрақты ынтасымен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Болашақ педагог жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мәселесі бойынша қосымша әдебиеттерді оқып-үйреніп, білім беру саласының жұмыс жасауының шынайы жағдайына сүйене келе,  білім алушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне бейімдей отырып, қызметтерінде ғылыми-практикалық ақпаратты іріктеп пайдаланады. Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды  пайдаланып, ұйымдастырылуы оларда қанағат сезімін тудырады. Бұл деңгейдегі болашақ педагогтардың  білімдері толыққандылығымен, жүйелілігімен ерекшеленеді, олар бар білімдерін нақтылы іс жүзіндегі жағдаятпен оңай байланыстыра алады. Олардың икемділіктеріне шығырмашылық сипат тән, мақсатты-мәнді, психологиялық-педагогикалық қызметтің заңдылықтары деңгейінде негізделген, жалпы білім беретін оқу орындары жағдайында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып, жұмыс істеудің табиғаты мен ерекшеліктеріне сәй келеді. Олардың істері мен мінездері ішкі серпіліс пен жауапкершілік негізінде  жүзеге асады. Қиыншылық туындай қалса, болашақ педагогтар  жағдайды тек түзетіп қана қоймайды, сонымен бірге оның ықтимал өзгерістерін сарапттайды, қиыншылықтан шығудың жаңа, тапқыр шешімдерін жасайды.

Жеткілікті деңгей, болашақ педагогтың  кәсіби іс-әрекеті және жаңа педагогикалық технологиялар бойынша білімі жеткілікті, оларды іс жүзінде асырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын, құралдарын, әдістемесін меңгерген, теория мен практикадан алған білім, білік, дағдысын практикада мүмкіндігінше пайдалануға тырысады. Кей жағдайда шығармашылық көзқарас танытады. Олардың білімдері жеткілікті түрде берік, әрі жүйеленген, алайда кейде нақты нақтылы жағдайда бұларды пайдалануында қиндықтар туындайды. Икемділіктерін тек белгілі бір жағдайда ғана табыспен, жүйелі және саналы түрде қолданады. Бұл деңгейдегі болашақ мұғалімдерде әрқашан жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға деген рефлексиялық әрекеттің басымдылығы бола бермейді.

Орташа деңгей, болашақ педагогтың  кәсіби іс-әрекеті мен жаңа педагогикалық технологиялар туралы жалпы білім бар, бірақ оларды іс жүзінде   іске   асырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын, құралдарын, әдісте-месін толық меңгермеген, теория мен практикадан алған білім, білік, дағдысын практикада анық көрсете алмайды. Бұл деңгейдегі  болашақ педагогтардың  білімі толымсыз. Бүтіндей алғанда , білімдері жеткілікті түрде берік әрі жүйелі емес. Олардың іс-әрекеттері толық көлемінде тұжырымдалмаған, психологиялық-педагогикалық заңдылықтармен және жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану ерекшеліктерімен жеткілікті байланыстырылмаған, мәні мен мазмұныныа сәйкес келмей жатады. Болашақ педагогтар  жаңа педагогикалық технологиялардың кәсіби қызметінің міндеттерін шешу тәжірибесін сирек талдайды.

Төмен деңгей, болашақ педагог кәсіби іс-әрекеті мен жаңа педагогикалық технологиялардың мәнін жете түсінбейді, олардың құрылымдық компоненттерін, мазмұнын жән ерекшеліктерін толық білмейді. Бұл деңгей болашақ мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде ұйымдастыруға даяр еместігін сипаттайды. Аталған модель бізге жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ педагогтардың кәсіби бағыттылығымыздың қалыптасу деңгейін зерттеп білуге, принциптер жүйесін анықтауға және педагогикалық шарттарды айқындауға мүмкіндік береді.

   Педагогикалық практикада кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін ажыратуға мүмкіндік береді. Алғашқы өлшем мамандығына қызығуы, яғни кәсіби қызығуы болып, төмендегі көрсеткіштер арқылы анықталады: мұғалім мамандығы туралы білімі, жүмыс істеуге қажеттілігі, мамандығына қызығуы, мамандығын таңдау мотиві; екінші өлшем педагогикалық құзырлығы: қоғамның әрбір мүшесін оқыту және тәрбиелеу туралы білімі, талдау, жобалау, құрастыру, ұйымдастыра білуі, коммуникативтік біліктіліктері; үшінші өлшем ғылыми-шығармашылық қабілеті: психология, педагогика, әдістемелерден білімі, өздігімен ізденуі, зерттеушілік қабілетінің болуы.

Өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мәдениетті, парасатты, білікті, көргенді,  етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру, ұлттық намысы жоғары ұлтжанды өкілдерді тәрбиелеу ісі педагогтардың еншісінде.

Сондай тәрбиенің бірі мектепке дейінгі тәрбие. «Тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қолданылады, бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз-бүкіл тәрбие процесінің 90 пайызы» -деп ұлы педагог Макаренко айтқандай, тәрбие бастауы балабақшадан бастау алады.  Мектеп жасына дейінгі кезең-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы аралықта мектеп жасына дейінгі балалардың игерген рухани байлығы, білімі, дағдысы, қабілеті өмір бойы із қалдырып, оның өз деңгейінде дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол себепті де мектепке дейінгі ұйымдарда білім нәрін ұсынатын тәрбиешілерге аса назар аударылады.

Балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын талаптар:

-педагогикалық білімі, талдау және зерттеу дағдысы, бала дамуына психологиялық , педагогикалық қолдауын ұйымдастыра білу,

- балалардың жасына сай анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктері мен жүйке-психикалық іс-әрекеті туралы педагогикалық  білімі болуы

-әр баланы жан дүниесімен сүйе білуі, бар мейірім нұрын төге білу. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілік тәрбиешінің жеке тұлғасына тікелей қатысты, оның ішінде:

а) Тәрбиеші қызығушылығы мен ынтасы

ә) Біліктілігі

в) Педагогикалық өзіндік сезінуі, жеке стилі

Педагогикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылған кез-келген оқу іс-әрекеті баланың ақыл-ойының, нышанының, еркінің, қабілетінің, таным процестерінің жан-жақты дамуына әсер етеді.Іс-әрекет белгілі бір мақсатқа бағытталады, жоспарланады, нәтижесі қорытындыланады. Іс-әрекетті ұйымдастыру дәрежесі жоғарлаған сайын бала дамуына тигізетін ықпалы да күшті болады. Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың ең жақын досы, сонымен бірге өз талабына ұқыпты болуы керек. Тәрбиеші –педагогтың баламен өзара қарым-қатынасындағы басты міндеттер:

а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету;

ә) Балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындау;

б) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажеттілігіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;

в) Балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-анамен жұмыс жүргізеді;

г) Балалармен жүргізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне ілгерілмелі жоспар құрып, күнделікті технологиялық картамен бірге , апталық циклограммаларды жасақтайды.  Сөзімді дәлелі үшін мен өзімнің жұмыс жасап жүрген балабақшама тоқталғым келеді. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарасты МКҚК «Ғарышкер» балабақшасы  2008 жылдың қаңтар айында ашылды. Балабақша алдына қойған мақсаты: Туған жерін, халқын сүйетін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын жақсы білетін ұрпақ тәрбилеу, яғни:

-балалардың денсаулығын нығайту, танымдық қасиеттерін арттыру, ойлау іс-әрекеттерін қалыптастыру;

-қарапайым математикалық түсініктерді үйретуде жаңа әдіс-тәсілдер қолдану.

  Баланы жан-жақты тәрбиелеу мен білім беруде балабақшамызда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері және көптеген тәрбие іс-шаралары өтілуде.Соның бірі балаға айналадағы дүниені танытып меңгерудің ең бір сара жолы, аясы тар жеке тәжірибенің өрісін кеңейтудің бірден-бірі әдісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарлар болды. Білім берудің базалық мазмұнын жүзеге асыруда балаға тұлғалық-бағдарлық және жеке ерекшеліктеріне қарай өзара қарым-қатынас жасауда  балабақшамызда 2 жыл қатарынан аудандық семинар өткізілді. Алғашқы аудандық семинар «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбымен өтілген болатын. Мақсаты: -Балалардың ой-өрісін, тілін, танымдық белсенділігін арттыру, қарапайым математикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.                            

                 

 Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесінн, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуда қызмет ететін тәрбие мен білім негізі бастауышта, барша білімнің іргетасы да осында қаланады, десек те, тәрбие мен білім өзегі балабақшадан бастау алатынын бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелдеп отырғаны анық. Бастауыш мектеп мұғалімдері мен балабақша педагог-тәрбиешілері арасындағы нығайту мақсатында балабақшамызда «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық шығармашылығын дамыту» тақырыбымен Қарақия аудандық семинары өтілді. Мақсаты: Мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, ой-өрісін , тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру, балалардың танымдық шығармашылығын дамыту.

                

                      

Бүгінгі педагог-тәрбиешілердің басты міндеті әлемдік өркениеттікке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағын тәрбиелі, білімді, білікті, саналы азамат етіп тәрбиелеу, яғни жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару. 

Соған байланысты балабақша педагог-тәрбиешілері өз іс-тәжірибелерін алмасу, жаңарту мақсатында біліктілігін арттыру курстарына, түрлі әдістемелік және тәжірибелік семинарларға, кеңестер мен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысып отырады.  Педагог-тәрбиеші тәрбиеленушілердің негізгі құзыреттілігін табысты қалыптастыруға мүмкіндік беретін дамыту ортасын қамтамасыз етуі қажет, соған байланысты 5 білім беру саласы бойынша әр түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, мектепке дейінгі балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында жаңартып, түрлендіріп отыруы қажет.

 Мен өзімнің іс-тәжірибелерімде қазіргі жаңа технологияға байланысты 5 білім беру саласы бойынша алдыма мынадай талаптар қоямын:

«Қатынас» білім беру саласы бойынша:

-сауатты, эмоционалды мәнерлеп сөйлеу тілін игеруін;

-баланың сөйлеу тілін, коммуникативтік білім мен іскерлікті қалай игеруін;

-әр баланың құрдастарымен қатынасын байқаймын;                                  

             

«Қатынас» білім беру саласы бойынша балаларға ертегіні сахналау арқылы, қуыршақ театрын балалармен бірге тамашалау, саусақ театры, көлеңке театры арқылы баланың тілін, ой-өрісін дамытамын. Сонда бала өз ойын еркін айта алады және кез келген ортада өзін жақсы сезінеді.

               

 

        «Таным» білім беру саласы бойынша:

-әр баланың танымдық саласының даму перспективасын көрінеді;

-қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгереді;

-білімнің түрлі саласында деректер негізін меңгереді;

       

 

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша:

-баланы қоршаған ортаны оң қабылдауын қалыптастыру;

-қазақтың және басқа да халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрету және насихаттау

 

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша:

-эстетикалық талғамды балаларға үйрету;

-өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс-әрекет аясында көрсету;

                  

 

«Денсаулық» білім беру саласы бойынша:

-салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру және оны балаларға үйрету;

-баланың жыл бойын дене дамуының оң динамикалық нәтижелеріне қол жеткізу;

-бала денесін дамыту мен сауықтыру бойынша өзінің іс-әрекетін отбасымен ынтымақтастық негізінде құру.

            Ата-аналармен жұмысқа да үлкен мән беремін, себебі отбасы баланың тұлғалық дамуында шешуші рол атқарады. Отбасы бала үшін-өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы зор. Себебі, отбасы  баланың эмоционалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саяси, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты –баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді. Балаға білімді, іскерлікті, дағдыны игеру мен таным қабілетін дамыту үшін қолданылатын  жұмысымның әдістері: көрнекілік, бақылау, тәжірибелік және ойын, бейне таспалар мен слайдтар .

 Жас ерекшелігінің әр сатысында бала іс-әрекетінің түрі ғана өзгеріп қоймайды, оның мазмұны да, тәсілі де, сипаты да, ниеті де өзгереді. Іс-әрекет үстінде бала жан-жақты дамиды, айналадағы дүниеге, адамдарға қарым-қатынасы дағдыланады.          

  Әлемдік білім кеңестігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда.  Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан  ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашуда. Заман талабына орай барлық мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға бірдей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен біліммен қамтамасыз ету болып табылады.

  «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» -десек, жаңа заман талабына сай құзыретті, креактивті тұлға тәрбиелеуде педагогтардың білікті де шығармашыл, шебер, өз ісінің маманы болуы тиіс. Сондықтан әр педагог-тәрбиеші өз білімін ,іс-тәжірибесін үзбей жетілдіріп, тынбай еңбек етсе ғана әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткіземіз.

 Тәрбиеші -бала айнасы, балаға қуаныш пен шаттық сыйлай білсек, бала да дәл солай өседі. Ендеше балаға қуаныш пен шаттық, бақыт пен күлкі сыйлай білетін айна алдындағы тамаша образды сомдай білейік.

 

             

 

Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі. Ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыстар

Бағыттаушы дәріс. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісімектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педогогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты , әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.

Балабақша тәрбиешіснің міндеттері:

§     а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;

§     б) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;

§     в) Балалардың денсаулығын сақтауға , қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;

§     г) Балаларды отбасында, балалабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

§     д) Аудандық, қалалалық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педогоикалық кеңестің жұмысына қатысады;

§     е) Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.

Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.

Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытра алатын, адамгершілік жоғары , мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын , әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші- әдептілі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртіпті, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа , адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады.

Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жамандыда тез қабылдайды.

                

Тәрбиешіге қойылатын талаптар:

1.            Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;

2.            Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;

3.            Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;

4.            Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;

5.            Жұмысты ұйымдастыра білет, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;

6.            Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.

Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті , әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестерінежоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.

Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайрымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы , ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.

 Тәрбиешінің педогоикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы , анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педогоикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педогоикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.

Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеру, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педогогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру, т.б.

 Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны.
Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы. Әдістеріне тоқталамыз. Отбасы –бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен , қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адасдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасына барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық- баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділігі ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:

Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары 

 

Педагогикалық білім беру-бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және оларды негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан жақты терең талдау жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайға немесе құбылысқа талдау жасау болып табылады.

 

Коференция-бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.

 

Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесніде ерекше маңызды орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеуді өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады. Ата-ананыңрөлі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы, т.б. тақырыптар болуы мүмкін.

 

Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар , психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі –белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуда.

 

Практикумдар –ата-аналардың бала тәрбиесі жайында, педагогикалық жағдаяттардан шығуда олрды педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.

 

Ашық сабақтар- ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуға балбақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасадың жолдарын үйренеді.

Жеке тақырыптық кеңестер-бұл ата-аналарменөзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасыментығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып, жоспарлап алғаны дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қорытынды

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Болашақ педагог моделі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2017 10956
    • DOCX 10.7 мбайт
    • 45 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ертилиева Бибигуль Мухамедовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11040
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация музыкального воспитания детей в дошкольной организации

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 150 человек из 50 регионов

Курс повышения квалификации

Администрирование деятельности дошкольной образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нормативно-правовые и организационные основы деятельности учреждений дошкольного образования

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе