Инфоурок Другое СтатьиЭссе: "Болашағым мен мүмкіндіктерім"

Эссе: "Болашағым мен мүмкіндіктерім"

Скачать материал

                                            Аты-жөні, тегі: Советова Гүлзада Нұрболатқызы

                            Мектебі, сыныбы, селосы: А.М.Горький атындағы

                                            мектеп-лицейі, 9 «Б» сынып, Форт-Шевченко     

                                            қаласы, Баутино селосы

       Байланыс тел: 8(771)8414322

 

 

ЭССЕ

«Болашағым мен мүмкіндіктерім» атты шығармашылық жұмысы

 

“Болашақ жастардың қолында’’- деген Елбасымыздың қанатты сөзі көптеген    жастарымыздың алға ұмтылуына, мақсат қоюына,  сол мақсатқа жетуге деген құштарлығының оянуына себепші болған ғажап бір асыл сөз. Сол жастардың қатарына өзімді де жатқызғым келіп тұр. Себебі, қазіргі XXI ғасырда менің  ұққаным: ”білімсіз күнің қараңғы” – болатындығы. Осы,  елбасымыздың сөзі менің өмірлік ұстанымым болды десем қателеспеймін. Бұл бір ауыз сөз сізге де ой салама? Болашаққа сеніммен қарауға себепші бола алама? Елбасымыздың жастар үшін жасап жатқан жаңа қоғамына көз тастап, мен осы қоғамның бөлшегі болып қана емес сонымен қоса, оның дамуына, қанатын кең жаюына өз септігімді тигізгім келеді. Қазіргі жастарда да осындай ой барма екен? Мұны білмедім... Алайда, өз туған жеріміз үшін еңбек ету арқылы оның бізге берген мүмкіндіктерінің ақысын қайтара аламыз.

          Мен әлі мектеп оқушысымын.  Және де қазіргі заман жоғары оқуды,  қатаң білімді, жауапкершілікті талап ететінін мен жақсы түсінемін. Сондықтан да көштің артынан қалмауға, сабағымды жақсы оқуға және жаңа мәліметтер іздеуден талмаймын, шаршамаймын.  Себебі бұл менің болашағым.

Менің болашағым … Менің арманым… Менің тәтті қиялдарым ... Қандай әсем сөздер...! Жаныма майдай жағатын асыл да қымбат менің болашағым.  Менің  үлкен-үлкен мақсаттарым осы бір ауыз болашақ сөзімен байланысқан.  Кейде тәтті ойларға беріліп кетемін,  сонда денемді лаулаған ыстық жалын орап,  төбем көкке жетіп, қанатым пайда болып, көк теңізде қалқып жүргендей сезімде боламын. Бұл қиялда қазіргі иә дәл қазіргі уақыттың шиеленіскен қиындықтары артта қалдырылып, мен өз әлемімде, өз болашағымда жүремін. Әрине, көзімді ашқан кезде шындықтың ешқайда қашпағанын, менің өзімнің қиял әлеміне қалуға дайын тұрғаным анық белгілі болады…

Менің болашағым туралы кейде көп ойларға кетемін.  Болашақ,  мектеп өмірі аяқталғаннан кейінгі менің мамандығым...  Мен қазірден мамандық туралы көп ізденемін. Жүрегім қалайтын мамандық ол алыста,  оған қолым жете алмайды, жеңілдің астымен өтіп кететін жол емес. Сондықтан да, ұзақ та, қиын да болса ауыр жолмен жүруге дайындык үстіндемін. Қазіргі қоғам өмірі қандай сала жағынан даму да, қай сала да мамандар жетіспейді,  ауылыма,  туған жеріме қандай мамандар қажет ? Міне, ең басында өзіме осы сұрақтарды қою арқылы оған жауап беруге тырыстым. Ата-анаммен ақылдастым. Менің қатты қуанатыным ата-анамның маған қинап, өзім қаламаған маман иесі болуымды талап етпейтіні. Осы жағынан келгенде маған еркін таңдау ұсынылды. Ақырында  болашағымды байланыстыруға дайын  мамандық тапқандаймын.

Мен табиғатымнан мәдени,  яғни, қазақ әдебиеті,  тарих, ағылшын тілі, сияқты пәндерге жақынмын. Қазірден тарихқа күрделірек дайындалу үстіндемін. Заңгер...  Өмірімді байланыстырғым келетін мамандық. Адам өмірі ойыншық емес.  Соны жақсы түсіне алатындар ғана заңгер атана алады деп ойлаймын. Заңгерлер әрдайым шындықтың жағында болуы тиіс,  адамның өтірік немесе ақиқатын айтып тұрғанын бір көргеннен аңғара алатын заңгер болуға ұмтыламын. «Мен Гарвардты, Қазақ Ұлттық Университетін, немесе Оксфордты,  Евразиялық Ұлттық Университетті  бітірдім. Мен үздіктердің ішіндегі үздік заңгермін. Мен ең күштісісімін!», - деу өте үлкен қателік. Егер сенің талантың болса, сен тіпті ауыл колледжін бітірсең де,  білімің мен барлық қиындықты жеңесің,  барлық тасты жарып, биікке көтеріп аласың деген орасан ойдамын.

Мамандық деген сөзді қалай түсінуге болады? Сол үшінде өзімізді жан-жақты сынау үшін, бізге, мамандықпен танысу және өзің өзі тану пәндері өткізіледі. Бұл пәндер бізге алдағы болашақ мамандағымызды тандауға көп септігін тигізуде деп ойлаймын.  Өйткені бізде бұл сабақтар жоғары денгей де өте қызықты да көңілді өтеді және де  ұстаздарымыз өз ісінің жақсы маманы деп айтсам болады. Мамындықпен танысу сабағы  бізге  қабілеттілігімізді, білімділігімізді және де өзіміз дұрыс тани алмаған жақтарымызды  ашуына көп көмегін тигізді. Дұрыс таңдалмаған мамандық адамның өзіне ғана емес қоғамға да кері әсер ететіндігін бізге жақсы ұғындырып түсіндірді. Әр істің  кызығы мен шыжығы мол болады. Осы мамандықтар әлеміне саяхат жасай отырып, психолог мамандарымыздың  солардың әр қайсысысының қыр сырын бізге үйретуден жалықпады, шаршамады. Солардың еңбектерінің арқасында біз қазіргі кезде Қазақстанға қандай салада мамандар жетіспейтіндігі туралы көптеген мағлұматтар алдық  және оларға қызыға бастаған, болашақта таңдағысы келіп, ниет білдіріп жүрген сыныптастарым бар.  Кез - келген адам адал,  адамгершілігі жоғары, еңбекте қабілетті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы жемісті болып , өмірде жарқын із қалдыра алады деген ойдамын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта келгенде, болашақ өз қолымда. Оны мен бір жұдырықпен құлата сала да немесе қара қылды қақ жарған біліміммен көтеру де қолымнан келеді.  Ол үшін еңбектенуіміз керек және бізге осындай бейбіт елде өмір сүргенімізге, тегін білім алуымызға, еркін ойлауымызға үлкен септігін тигізген бірден-бір тұлға Елбасымыз деп білемін. Өзімнің болашақ мамандығым арқылы туған еліме, жеріме, ата-анама, мені қоршаған достарыма сәлде болса көмегімді  тигізе алсам,  менің арманымның орындалғаны...

        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе: "Болашағым мен мүмкіндіктерім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2017 19816
    • DOCX 17.4 кбайт
    • 32 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Алмагуль Балшыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Алмагуль Балшыбаевна
    Казиева Алмагуль Балшыбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41157
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой