Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Эссе "Мамандығым - мақтанышым!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Эссе "Мамандығым - мақтанышым!"

библиотека
материалов

«Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін»


Жүсіпбек Аймауытов 



Балалар үйі өзіне тән жұмыс ерекшелігі бар өте маңызды балалық шақ аумағы. Балалар үйі жұмысының басқа білім мекемелерінен – балабақша мен мектептен айырмашылығы бар. Балалар үйінде жұмыс істеу – өмірдің белгілі бір стилі іспеттес, тіпті күнделікті өмірге деген өзіндік көзқарас, басқаша ойлау. Тағы бір ерекшелік – үлкен жүктеме мен ауқымды жауапкершілік.

Алғаш балалар үйіне жұмысқа орналасқан кезде «мен олар үшін өз адамы бола аламын ба?», «мені өз отбасыларына қабылдай ма?», «тырнақтай болса да ата-аналарының орнын баса аламын ба?» деген ойлар жиі мазалады. Маған сеніп берілген балалар өмірі мен денсаулығын сақтау жауапкершілігі менің жаным мен жадымда. Қысқа уақыт ішінде балалар үйінде болған уақытымда оларды жүрегімнің жылуымен жаулай аламын ба? Аяқтарынан тұрып кеткенге дейін дайындай аламын ба, мына арпалыс өмірге шыдамды қылып тәрбиелей аламын ба деген сұрақтар есімнен бір сәтке де шыққан емес. Ия, олар құшақтарын жайып, өз жүректерінің кілтін ашып мені күтіп отыр деп кім айтты? Өз мақсаттарына жету үшін оларды жиі алдап, сатып кеткен жоқ па?...

Мені басында балалар үйінің балаларының әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалғандары және құқыққа қайшы жағымсыз әдетке әуестіктері, өткен қылмыстық өмірлері, ауыр тұқымқуалаушылық жағдайлары қорқытты. Оларды тек менің төзімділігім, көңіл аударуым және махаббатым ғана құтқарып алады деген түсінік пайда болды. Ал ондай қасиеттер менде көп пе? Бәріне бірдей жеткізе аламын ба?

Балалар үйінің тәрбиешісі өте маңызды адам, өйткені топтағы жағдайлар, жауапкершілік жүгі оған артылады.

Балалар – біздің айнамыз, олар бізден үлгі алады, тәрбиеленушілердің басқа үлгі аларлық көз алдарында ешкім жоқ. Оларға көп уақыт бөліп, өзіңді соларға арнасаң, жаның мен жүрегіңді сезіндіре алсаң, балалар да жылдам қолын созады. Балаларды тәрбиелеуде таңғажайыптар мен шығармашылыққа берілген дұрыс, бірақ та педагогикалық еңбектің ауыр, қиын жолына даяр болу керек. Тәрбиеші жұмысы нақты көрсеткіштер арқылы бағаланады – мектептегі бағалары, жатын бөлмесіндегі тазалық, тәртіп бұзушылықтың болмауы, түзету, дамыту жұмыстары мен тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуі т.б.

Мен өзімнің жұмысым мен өз тәрбиеленушілерімді өте жақсы көремін. Оларды тәрбиелеуде жақсы жақтарын ашуға көмектесуге тырысамын, әр адамдағы бұғып жатқан сүйіспеншілік көзін ашуға көңіл бөлемін. Әрқашанда өз жетістіктеріңді сақтауға және адам болып қалуға тырысу қажет.

Тәрбиеленушілердің әрқайсысына жол табамын десең, олардың алдында жүрегің ашық болуы керек. Олар қандай болса, сол қалыптарында жақсы көргенің дұрыс. Ар заңы алдында қызмет етіп, өз жұмысыңды жақсы көрсең ғана тәрбиеленушілер жүрегінен орын аласың. Л.Н.Толстой «Егер тәрбиеші өз жұмысын сүйсе және тәрбиеленушілерін сүйе білсе ғана – ол жақсы педагог» деген ойы неткен керемет.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі тәрбиешісін анасы, досы, ұстазы деп таниды. Мен үшін балалармен жұмыс істеу олардың алдында ашық болу, өз істеріңнің адал болуы деп білемін. К.Д.Ушинский: «Үлкен адамдардың жүрек жылуынан ғана тәрбиелеу күші шығады», - деп айтқан екен және ол күш шыншыл болуы керек.

Бүгінгі күні менің байқағаным: балалар үйінің тәрбиеленушісі сүйіспеншілік пен сенімділіктің, шыдамдылық пен қолдаудың арқасында ғана өз мүмкіншіліктері мен талаптарын және өз күштеріне сене алу қабілеттерін шыңдай алады және бұл сүйіспеншілік күші күйрету емес, жақсылыққа бағыттайды.

Балалар үйінде тәрбиеші болып қызмет ету оңай сияқты көрінетін шығар. Менің ойымша, жаныңның жарасының орнын ешқандай жалақы толтыра алмайды. Бүгін міне алты жылдан аса уақыт өткен соң түсінгенім: балаларға сүйіспеншілік, өзіңе деген сенім мен өзіңді құрметтеу, шыдамдылық, болашақтан үміт күту, ең бастысы, балалардың жәудіреген көздері, бауыр басып алулары балалар үйіндегі жұмысымды тастап кетпеуіме себеп болды. Өйткені бұл менің мамандығым! Өйткені бұл менің жұмысым! Өйткені мен бала тәрбиелеп отырған анамын! Сондықтан балалармен жұмыс мен үшін бір ғанибет!

Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және тақырыпта айтылғандай «Мамандығым – мақтанышым!» деп зор ықыласпен айтамын.





Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров89
Номер материала ДВ-534704
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх