Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЭссе "Мен бастауыш сынып мұғалімімін

Эссе "Мен бастауыш сынып мұғалімімін

Скачать материал

«Мен бастауыш сынып  мұғалімімін»

эссе


Күздің жайма шуақ күні. Ақырын жел соғып тұр. Жапырақтардың сыбдыры... Иә дәл мен ең алғаш жұмысқа келе жатқанда да осындай табиғат есімде қалып еді. Мен жұмысқа келе жатырмын, жапырақтар сусылдап түсіп жатыр. Бірнеше жапырақтар менің алдыма түсті.Олар әртүрлі, бір-біріне мүлде ұқсамайды, олар менің бастауыштағы әдемі, ойнақы, нәзік бүлдіршіндерім сияқты. Осы ғажайып сәтте, менің бойымды қуанышты сезім баурайды, осы әлемде өмір сүріп, оның ғажайып қызығын көре алатыныма Аллама ризашылығымды білдіремін. Бұл керемет ғажайып әлемге мен бүлдіршіндер көзімен қарай алатыныма ризамын.Өйткені, өзім тандап алған мамандығым бойынша мектепте бастауыш сынып мұғалімімін.
          Әрбір ұстазда мақтан етер бүлдіршін болса, онда еңбегі зая кетпегені. 
Мен өз мамандығымды, бүлдіршіндерді өте жақсы көремін, сыйлаймын, құрметтеймін.
Ақырын жүріп анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас, 

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді. Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Күнде ертеңгісін жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелегендей болады. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп... 
Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.
Бүлдіршіндердің сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізгенді жақсы көремін. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра оқыту көп нәрсені талап етеді. Әрбір бала-бір-бір әлем. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Әсіресе ойын  технологиясын көп қолданамын, бұл технологияны қолданғанда бүлдіршіндердің көздері жанып тапсырманы орындауға асығып отырады.Осы технологияларды сабақтарымда үнемі қолданып отырамын соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп отырмын.Бүлдіршіндердің бір орында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде қимылды-әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, ертегі негізіндегі тапсырмаларды қолданамын. Ойында әрбір баланың шығармашылық қабілеті, ерік-жігері, көңіл-күйі ерекше байқалады. «Ойлы бала-ойыннан белгілі» деген халық даналығы. Сондықтан,баланың ойынға деген қызығушылығын сабақ процесімен әр сабағымды ұйымдастырамын. 
Өз тәжірибемде осының біреуін қолдану үшін күнделікті сабаққа кірген кезде бүлдіршіндердің жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл - күйлерін түсінуге тырысамын. Кейбір бүлдіршіндер көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болса, кейбіреулерінің сабаққа ешқандай құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен әр сабағымды шаттық шеңбері, жүрек жылуы,  жылулық шеңбері, жақсы лебіз, психологиялық сәт немесе жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын. Бұл әдіс бір жағынан бүлдіршіндердің көңілін көтереді, екінші жағынан сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады.
       Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балаларды  дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін. 
Мұғалімге қойылатын жауапкершілік зор.Сонымен қатар бүлдіршіндердің соған сай үйренсем – білсем деген талаптары күннен – күнге өсіп келеді. Мерекелік ертеңгіліктерде үйірме жұмысында қазақ тілінде тақырыпқа сай тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтелдерді жатқа айтқызып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға тырысамын. Ұлттық мерекелерде қазақ халқының салт дәстүрлерінен үзінді, қойылымдар көрсетіледі.Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып басқан және таудай болып шыққан бүлдіршіндерді сауатты, саналы азамат болып өсіру біздің қолымызда. Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарынан қоссын дегім келеді
.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,-деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына
басшылық етуді мойнына алған маман.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе,
Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым өмірдегі үйренерім –қазақ тілі пәнінен сабақ беріп  жетік меңгерткен  -Оралова Айжан мұғалім.
Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. 
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: 
Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! 
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. 
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: 
Жай мұғалім хабарлайды, 
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді, 
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты»,- дейді осы мектептегіАйгүл  апай. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: 
- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
- Қызметке бейімділігі
- Кәсіптік білімі мен біліктілігі 
- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
- Ұйымдастырушылық қабілет
- Заманға сай жаңашылдық

Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Мен бастауыш сынып мұғалімімін"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 395 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 8446
    • DOCX 20.4 кбайт
    • 72 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Райгуль Шаймардановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 19588
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции