Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЭссе "Менің алғашқы қадамдарым"

Эссе "Менің алғашқы қадамдарым"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

http://www.aruna.kz/upload/resize_cache/iblock/fc1/75_0_16a9cdfeb475445909b854c588a1af844/8aade81d45c6ef37d48241b706c3660e.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапарова Аксымбат Молдатаевна

Жұмыс орны:            Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

Почта :                      dauletik_241211@mail.ru. 8 775 359 05 82, 6-17-25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  

                                                                                       «Егер мұғалім өз ісін ұнататын болса, ол тәуір

                                                                                        мұғалім. Егер мұғалім өз оқушысын тек атасы

                                                                               мен анасы секілді сүйетін болса, ол барша

                                                                                   кітаптарды оқыған, бірақ ісіне де, балаға да

                                                                                       құлқы жоқ мұғалімнен жақсылау. Егер мұғалім

                                                                       балаға да, ісіне де болған махаббатын

                                                                             ұштастыра алса – ол ұстаздың төресі».

А.Н.Толстой

Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырушы, әрі іске асырушы тұлға – бұл мұғалім. Бұл тұжырымды анықтамаға келтіретін болсақ: мұғалім бұл арнайы дайындығы бар, педагогикалық қызметпен кәсіби деңгейде айналысатын адам. Бұл арада «кәсіби» сөзіне назар аударған жөн. Кәсіптік болмаған педагогикалық іспен адамдардың баршасы шұғылданады, ал педагогикалық заңдарға сәйкес әрекетіне келіп, не, қай жерде, және қалай істеу керек екендігін білетін, өзінің кәсіби борышын сапалы орындау жауапкершілігін мойнына алатын тек мұғалім ғана.

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай  атамыз  айтқан осынау   қастерлі   мамандықтың   иесі  атанғаныма    бір  жыл   болды.  

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Есімде еңбек жолын бастаған күн,

Өткізер арман қуған бастан әр кім.

Арманмен әр күн сайын асығатын,

Ұмтылған үйренуге жас маманмын.

 

Құлшынып кірісушіем әр іске мен,

Мақсатқа жетер күнді алыс демен.

2 –ші «Ә» бақытымның бір бөлшегі,

Тілінде мемелекеттік дәріс берем

 

Өкінбен бүгініме өткеніме

Бар бақыт адам еңбек еткенінде.

Тәрбиенің, тәлімнің дариясы,

Мен үшін барлық қызық мектебімде...

«Қадамына шуақ шашар үнемі» - деп М.Шаханов ағамыз айтпақшы, ұстаз адамды алғаш мектеп табалдырығын аттаған, бүлдіршін кезінен бастап, бар мейіріммен, білім айдынына жетектейді. Ерінбей, жалықпай бағбанның тал еккені сияқты, шәкірт жүрегіне білім нәрін егуге тырысады. Сол жеткіншектерден ертеңгі күні асыл ана, ардақты азамат тәрбиеленіп шықса, күллі еңбегінің ақталғаны деп біледі.

Бастауыш сынып мұғалімі – ерекше мұғалім. Ол балалар мен ересектер әлемін ұштастырушы. Ол енді қалыптасудағы сәби психикасының терең құпияларын жете таниды, балаға білім бере алады, оны тұлға – азамат болуға баулиды. Маңыздылық тұрғысынан бастауыш сынып мұғалімінің еңбегін басқа кез келген ешбір еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі мұғалім төккен маңдай тердің жемісі – тұлға. Осы аса білгір, өте жауапты, бала өміріндегі тұңғыш мұғалімге отбасы мен қоғам өзінің ең ардақты перзентін, аяулы азаматы мен елінің тағдырын, өз мемлекетінің жарқын болашағын үлкен сенім және үмітпен тапсырады. Мұғалім мінберіне көтерілген адам баршаға жауапкершілігі мол, бәрін біледі де істей алады. Мұғалім лауазымының сипаты да оның осы әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігімен анықталады. Педагог еңбегінің бүгінгі нәтижесі қаншама жоғары болса, біздің қоғамымыздың ертеңгі мәртебесі де соншама жоғары болмақ. Әр адам мен бүкіл халықтың тағдырына шексіз байланысты мұғалімдіктен басқа қызмет түрін ойға келтіру тіпті де мүмкін емес.

Мен алғашқы қадамымды «Дипломмен ауылға» бағдарламасының көмегі арқылы  Қостанай облысы, Затабол ауданы, Заречный ауылында  Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінен бастадым. Мен мектепке келгенде бәрі маған қызық болып көрінді, себебі жат адамдар жат жер. Маған 1 сыныпты берді. Бұл сыныпта 17 бала болды. Алғашқы жыл болғасын қызыға кірістім. Тіпті оқушылармен жұмыс жасау оңайға түсіп жатыр деп есептеймін.  Алғашқы рет ашық сабағымды бердім, алғашқы рет оқушыларымды мерекелік шараларға дайындадым, алғашқы рет  ата- аналармен жұмыс жүргіздім. Тәжірибесі бар мамандардың арасында жүріп өзіңді шын ұстаз ретінде сезінесің. Мектепте жұмыс істей  жүріп,  мен арманыма бір қадам болса да жақындай түстім деп ойлаймын. Менің ендігі белесім, ендігі асуым - ол қанаты қатайған маман болу және де менен үлгі алардай ұстаз болу.

Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын.  

Ұстаздың әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы.

Әрбір адам-туысың, досың, жұрағат,

Әрбір сабақ- ұғыну, үйрену, ұлағат.

Әрбір сөзің-шындық, бірлік, адалдық,  

Әрбір ісің-тірлік, тілек, адамдық, - деп Ы. Алтынсарин айтпақшы, өмірден алған әр сабақ – ұлағат боп, әр сөзіміз шындық пен адалдыққа, әр ісіміз тірлік пен адамдыққа бастап отырса, еңбегіміздің жемісін әрқашанда көре береміз деген ниеттемін!

Бейбіт күнде сыйлаған далам - гүлін,

Мен сыйлаймын адамның адамдығын.

"Әліппе оқу, жазу жазып" үйретем деп -

Таңдағанмын ұстаздық мамандығын.

 

Өткен шаққа келмейді алаңдағым,

Өмір өзі үйретер маған бәрін.

Кәсібімді өзімнің ұнатамын,

Оған дәлел - алғашқы қадамдарым.

 

Жаңа өмірдің жырлаймын дастан – әнін,

Еш мұқалған емес қой бақ – талабым.

Білімім бар, жігер бар , жастығым бар,

Болашаққа сеніммен аттанамын.

Халқымызда «Жас келсе – іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Менің алғашқы қадамдарым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 793 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 3205
    • DOCX 92 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапарова Аксымбат Молдатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапарова Аксымбат Молдатаевна
    Жапарова Аксымбат Молдатаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79072
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе