Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Эссе Менің Атазаным урок

Эссе Менің Атазаным урок


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


«Жітіқара ауданы әкімдігінің

білім бөлімі» ММ«Степная

орта мектебі» КММ

мұғалым Искеева Айман

Истаевна



«Менің Ата заңым»


Күн суыта құстар жылы жаққа ұшар болса, бозторғай өзінің жылы ұясын, Отанын тастап, өзге тіршілік иелері секілді жылы жаққа ұшпайды екен. Туған ұясыныңың суығы мен ыстығына бірдей көнген сол елеусіз бозторғай әрекеті – көз алдыма бейне бір қазақ еліндей елестейді. Еліміз басынан нелер заманды өткермеді. Қаншама қантөгіс,нәубет, зобалаң, ашаршылық, көтеріліс, жер үшін талас, ел үшін болған күрес, қазақтың ешқашан еңсесін түсірмеген. Әрқашанозбырлықтанытқантағдырқиыншылығынамойымағанқазақбүгінгікүнісолтабандыәрекетініңжемісін ала алдыдепайтсақ, артықболмас. 

Тәуелсіздік алғалы бері еліміз жаңа, заңғар, биік белестерге қол жеткізді. Соның бірі әрі бірегейі - азаттықты айқындайтын, дербес мемлекет екендігімізді көрсететін аса бағалы құжат – Ата Заңымыз. Заң деген ұғым менің түсінігімде, ең бірінші Бауыржан атамыз айтпақшы, тәртіптен басталған. Тарихымыздағы “Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы”, «Жеті жарғы» деген заң жинақтары - біздер үшін әлі күнге дейін өшпес, асыл да құнды мұра. Сол заңдардың жалғасы болып келе жатқан қазіргі Ата Заңымыз - бейбітшілігіміздің белгісі, барлық заңдарымыздың Темірқазығы, тәуелсіздігіміздің тірегі. Заң деген - асыл да құнды дүние, біздің тұрмыс - тіршілігіміздің куәсі, салтымыздың айнасы, қоғамымыздың берік тұтқасы. Сондықтан да, адамзат баласының әрбірі сол заңға бағынуға және оны қалтқысыз орындауға құқылы. Заңды құрметтеуге, оны оқып- үйренуге және әр уақытта намысымыздың туы ретінде бағамдауға міндеттіміз!

Мен тәуелсіз, азат елдің ұланы ретінде өз замандастарымды заң аясында еңбек етуге шақырар едім. Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 21 жыл толып отыр.Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген, айдарынан жел ескен айбынды елімнің келешегі нұрлы да жарқын боларына кәміл сенемін! Мен 10 сыныптың оқушысымын.Алар асуларым әлі алда. Елімнің өркен жайып,әл – ауқатының молайып,дами беруіне өз үлесімді қосамын, сол үшін бар күш – жігерімді жұмсауға дайын екендігімді жеткізгім келеді. 

Ең бастысы, Қазақ елінде кейбір көршілеріміздегідей, «ертеңіміз қалай болады» деген үрей жоқ, араб елдеріндегідей тығырыққа тірелтетін дағдарыстардан да аулақпыз. Ал ондай дағдарыстар туындауының бір негізі конституциялық қайшылықтардан, даму бағытын айқындаудың олқылығынан туындап жатқаны да белгілі болып жатыр. Керісінше, қазақ даласында орта қол шаруасын айналдырған халықтың ақжарқын жүзі мен ертеңге деген сенімін байқаймыз. Осының бәрі қолданыстағы Ата Заңды арқау ете отырып, оның ережелерінен еш ауытқымай, елге, халыққа қызмет етіп отырған Тұңғыш Президент – Елбасының сабырлы конституциялық саясатының арқасы. Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Конституция Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр. Ендеше, әрбір қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі!

Сондықтан да, менің алаңсыз білім алып, өмір сүруіме жағдай жасап отырған Ата Заңымызға деген шексіз құрметімді, жүрекжарды алғысымды ақындарша бір шумақ өлең жолдарымен былай жеткізсем деймін: 

АтаЗаңым - сен боласыңәрқашандаайбыным, 

Сенсіз бәлкім туылмайды менің жаңа ай, күнім. 

Мен еңсемді түсірмеспін,түсірмеспін сен барда, 

Сен менің көктен биік саналатын байлығым.

Сенің арқаң Ата Заңым, қазақ биік белесте, 

Қасым хан мен Есім хандар осы заңнан,

Осы заңнан бастау алған емес пе?! 

Әр азамат сені сақтар мәңгі есте. 

Ата Заңымыз туралы шағын шығармамды түйіндей келе айтарым, күллі адамзат баласы табиғат заңына бағынғандай, Ата Заңымызды құрметтеп, қастерлейік! Ата Заңым, сен менің әрқашан да намысымның айбыны болып қаласың!


Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров48
Номер материала ДБ-332695
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх