Эссе
Менің келесі оқу жылына кәсіби өсу бағытындағы мақсатым.
Мен ұстазбын, мұғаліммін, оқытушымын. Пәк сезімді бүлдіршіндерді, жас өспірім балаларды өмір сүруге үйретушімін, тәрбиелеушімін.
Менің қазіргі жеткен ойым, тұйықталаған философиям- ұстаздық болып туылу керек. Қай сабақтан беру, қайда ұстаздық ету- маңызды шығар, бірақ басты маңыздылық- ұстаздық болмысыңды қаншалықты түсінуіңде. Мұғалім тек оқытып , үйретіп қана қоймайды, өзі өмір бойы оқиды, үйренеді. Қанша уақыт ұстаз болсаң, сонша уақыт оқушысың.
Күнде сабаққа келіп , оқушыларды оқытасың , үйретесің, тәрбиелейсің.
Ал сабақтан соң, көп нәрсеге үйреніп қайтасың, тәрбиеленіп шығасың.
Бала деген - қаймағы бұзылмаған сүт, мөлдір қоюланбаған су, тап-таза ақ парақ, жып-жылтыр айна. Жақсысы да, жаманы да бетінде . Айнаға қарайсың да, кемшіліктеріңді түзетесің , жетістіктеріңе қуанасың . Тоқтауға уақыт жоқ, өмір атты кітаптың парақтарын солармен бірге ашасың , солармен бірге жабасың.
Мүмкін, ұстаздық өмірдің ғанибеті де осында шығар?!
Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұстаздық еңбек жолындағы өмірілік ұстанымым - әрқашан ізденісте, ой қозғалысында болу. Ал ұстаздардың ішінде Тарих пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін қолданып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Менің әдістемелік - шығармашылық тақырыбым –
« Тарих сабағында оқушылардың құзыреттілігінің қалыптасуына жағдай жасау ».
Мен оқушылардың Тарихи сауаттылығын арттыру, оқушылардың құзыреттілігін қалыптасуына жағдай жасау мақсатында Мослаудың алты қадамын, Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясын, Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясын «Сын тұрғысында ойлау» технологиясын қолданудамын.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу - басты бағытым. Менің міндетім оқушылар бойына іскерлік, ізденушілік, жауапкершілік, ерік-күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін , дарынын ашу – мұғалім міндеті, ендеше, менің ұстаз ретіндегі басты мақсатым - бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті тану, бала болашағының іргетасы дұрыс қалануына үлкен мән беріп, жауапкершілікпен қарау.
«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы»дегендей, өркениетті еліміздің тірегі болып табылатын жас ұрпақтың тәрбиелі де жан-жақты, білімді тұлға болып қалыптасуы ұстаздар қауымының қолында. Сондықтан жоғардағының барлығын орындау келесі оқу жылында тың серпіліспен, Оқушылардың танымдық қабілетін артыру мақсатында шығармашылықпен жұмыс жасамақпын. Оқушыларға қазірден бастап жазға тапсырмалар мен шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу арқылы оқушыларға жобалық тақырыптар беру.
Тарих пәні мұғалімі:Малик Ж