Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Эссе: "МЕНІҢ КӘСІБИ ҰСТАНЫМЫМ"

Эссе: "МЕНІҢ КӘСІБИ ҰСТАНЫМЫМ"

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

«Менің кәсіби ұстанымым»


Ұстаз, Ұстаз!!!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық

Әл-Фараби, Ыбырай мен Ақанды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылменен емдейтін

Болса-дағы малға кедей өмірде,

Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!


Ұстаз – күннің сәулесіндей шашылған нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, тынымсыз күн шуағын шашатын лаулаған жалын иесі. Ұстаз ұрпағына тән иба мен имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірімділікке баулу, қазақтың өте бай таусылмас салт-дәстүрлерін әрбір оқушының зердесіне жеткізуге тынымсыз ізденетін айбынды да, айбарлы тұлға. Көл жағасында көл ағысын бақылай отырып қай жерде балық аулау тиімсіздігін сезсе сол тұсқа көп тұрақтамайтын балықшы іспеттес, ұстаз өз ісінің хас шебері. Ұстаз әр баланы, әр оқушыны бір көргеннен көзқарасынан, іс-қимылына, жүріс-тұрысынан бақылап, баланың жұдырықтай жүрегіне жылылық ұялатуға бар шеберлігін салады.

Жас ұрпақ батыл, төзімді, құрыштай шымыр, жігерлі болып ер жетуге тиіс. Өйткені, жас ұрпақ – Отанымыздың болашағы, үміті мен тірегі. Мұғалімнің мерейі - шәкіртінің озғаны ғой. Өмір атты дүрия дүрмектен туа бітті, әруағы қасым арғымақ сөздің жалына жабысып, аламан жұртын меңгерген, алыс күнге қол берген, білімі дария, ақылы жария, мінезі баладай, білгені данадай дегендей, бұл сөзді ұстаз тұлғасы ғана көтере алатын жүк деп айтар едім. «Шоқпарды да алып жүре алатын адамға» бермейтін бе еді, бабаларымыз. Сол сияқты, бабаларымыздың сөзі күміс, ісі алтын, ендеше, сөзі жоспар, ісі өнеге болатын ұстаздардың еңбегі жана берсін. Рухы аспанда қалықтап, болашақ ұрпағымызды салт-санамен, тәлім-тәрбиемен биікке жетелей берсін.

Қызметімдегі басты ұстанымым – ой әлемім аспан кеңістігіндей кең болса, бүкіл күш қайратымды жұдырықтай дүрсілдеген жүрегіме сыйғызып, шәкірттеріме бар білгенімді үйрету.

Ойым адал, мақсатым биік, жүрісім ширақ, жоспарым нық, әрбір оқушымның талапты да талантты, сабырлы да ибалы, ақылды да білімді болуына күш салсам білім саласындағы еңбегімнің жанғаны деп білемін.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге - мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін.

Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында «Келешігіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі»,- деп айтқан болатын. Ел ертеңі - жастар, яғни біздер ұстаздар еліміздің болашағы жас ұрпақ үшін күш жігерімізді аямаймыз.

Алға, самға ұстаз ақиық

Болашақ үшін аянба,

Биіктеп өссін бәйтерек

Жас ұрпақ сенің саяңда.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров43
Номер материала ДБ-315750
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх