Инфоурок Другое СтатьиЭссе "Менің педагогикалық сенімім"

Эссе "Менің педагогикалық сенімім"

Скачать материал

hello_html_m2ed4c346.jpg

Аты жөні: Курмашева Гульнур Алтаевна

Туған айы, жылы: 05.08.1983ж.

Мекен – жайы: Ақтау қаласы 26-11-28

Телефон номері: Үй тел.8(7292) 414359

Бітірген оқу орны: 1.Маңғыстау гумманитарлык колледжі

2.Маңғыстау «Болашақ» институты

Мамандығы: Шетел тілі

Біліктілігі: 1.Негізгі мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

2.Шетел тілдерінің бакалавры

Білімі: Жоғары

Біліктілік санаты: I санат

Еңбек өтілімі: 12 жыл.


Куәліктері: 1. № 983 «Практический психолог в образованнии» (26.01.2001-29.05.2003)

2. №1429 «Жаңа буын оқулықтарының мазмұны, құрылымы және оқыту әдістемесі» (08.11.-16.11.2004)

3. №1000 «Оқушылардың ағылшын тілінен оқу жетістіктерін арттыру» (6-14.06.2005.)

4. №0816 «Мультимедиялық лингафондық кабинеттегі жұмысты Baiterek багдарламасы арқылы ұйымдастыру » (04.03.2010.)


Сертификаты: №111922 «Intensive English teaching methods»(16-24.07.2012)


Біліктілік санатын беру куәлігі: 1. №27 «Екінші» біліктілік санаты (20.03.2008)

2. №25 «Бірінші» біліктілік санаты (14.05.2013)



Жетістіктері: 1) 2004-2005 жылы Аудандық «Жас мұғалімдер слеті» II орын 2) 2004 жылы О.М.Б.Ж.И. «Үміт старттары» конкурсының марапаттауы 3) 2005 жылы Аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хаты 4) 2005 жылы Аудандық «Жыл мұғалімі - 2005» «Талапкер» номинациясы 5) 2006-2007 жылы Аудандық «Жас мұғалімдер слеті» III орын 6) 2006-2007 жылы «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін» Өтес орта мектебі директорының марапаттауы. 7) 2010 жылы Аудандық оқушылар олимпиадасы: Ағылшын тілі. Ізтілеу Сымбат I орын 8) 2010 жылы Қ.Р. Кіші Ғылым Академиясы ғылыми конференциясы Мамедниязова Лаура «Құрмет грамоты» 9) 2010 Аудандық оқушылырдың ғылыми жоба сайысы Ықсан Абай IV орын 10) 2010 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша Ізтілеу Сымбат «Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институтына» ағылшын тілінен оқу грантына ие болды. 11) 2011-2012 жылы Республикалық «British Buldog» интеллектуальды ойын Сисенғали Ақбөбек II орын. Оңаев Ғибрат II орын Аманкалиева Камила III орын. 12) 2012 жылы Аудандық «Жыл мұғалімі - 2012» «Жаңашыл ұстаз» номинациясы 13) 2012 жылы Аудандық оқушылырдың ғылыми жоба сайысы Түгелбай Әдемі IV орын













Тақырыбы: Менің педагогикалық сенімім


Ұстаз өз оқушыларының өмір жолын ұстаған бағытын, бажайлап зерттеп білсе ғана, оның оқушы жайлы ұғым түсінігі кеңейе түседі.

А. С. Макаренко


Ұядан түлеп ұшқан балапандай алтын ұя мектебімізбен қоштасып,

«өмір» атты үлкен теңіз айдынында болашаққа қарай өз кемемізбен жүзе жөнелгеніміз кеше ғана еді. Терін төгіп білім берген аяулы ұстаздарды қимай қоштасқанымыз есімде.

Бала кезден армандаған «ұстаз болсам» деген тілегім орындалып, менде еңбек жолында еркін адымдап, үміт пен сенімге толы жүрегіммен қалаған педагогикалық қызметімді бастадым. Бүгінде ұстаз өмірін шәкірттсіз елестете алмаймын. Бұған дәлел педагогтық сенімнің молдығы. Ұстаз жыл бойы бірнеше жүздеген шәкірттерді түлетіп ұшырып, қияға қанат қақтырды. Бүгінде солардың бәрі өз орындарын тауып, дүниенің бір кірпіші болып қаланды. Өзінің жүрек қалауымен таңдаған ұстаздық қызметін ешкім де бұлдап көрген емес.

Мен де өз мектебіме ұстаздық мамандығымен оралғаныма да тоғыз жыл болыпты ау.

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» - деп ата бабамыз

айтқандай XXI ғасырдың алғашқы жылдарында жұмыс жасап жатырмыз.

Әрине заманымызға сай жаңа өзгерістер, жаға талаптар, жаңа ойлар туындайды. Біздің ойлауымызша «Болашақ» - ғасыр мектебін, көптеген қиыншылықтарға қарамай оны өркендету, оның сапасын арттыру біздің басты міндетіміз деп ойлаймын.

Алдымызға келіп отырған жас балаға білім, тәлім тәрбие беру, жаман әдеттен арашалап, жақсыға үйрету екендігін бір сәтте естен шығарғым келмейді.

Міне, менің ұстаздық мамандығымды таңдауыма да осы бір ой елегім мен ұстаздарыма деген шынайы махаббатым, оларға еліктеуім де болар. Тіптен өз жанұямның ұстаздар әулеті екендігінен бе?! Әйтеуір мен үшін ұстаздық қызметтен артық қадірлі де, қасиетті мамандық жоқ сияқты.

Ұстаздық барлық мамандық атауының анасы іспетті. Анасыз, ананың ақ сүтінсіз әр бала өз мақсат, мүддесіне жете алмайтындығы қандай ақиқат болса, ұстазсыз қандай жан болса да, қандай мамандық иесі болса да шырағы жанбайтыны анық. Жанұямда марқұм атам, Құрмашев Ільяс сонау 1956 жылдары оқуын аяқтағаннан кейін Атыраудан Маңғыстауға білім дәнін себушілердің бірі ретінде жіберіліпті. Ол Тұщықұдық, Шебір жерлерінде, кейін Сам, Ұштаған жерлерінде қазақ тілі, әдебиетінен сабақ берген. Әжем, Тұрбалаева Балсүйген бірнеше жылдық өзінің мұғалімдік еңбегінің жемісін көріп, «Оқу ағарту ісінің үздігі» атанып зейнеткерлікке шыққан. Ал әкем, Құрмашев Алтай аз уақыт бастауыш сыныптарда сабақ беріп, пионер комсамол ұйымдарында жұмыс жасаған. Анам Сауірбаева Жалғанды қазірдің өзінде бастауыш сыныптарда сабақ береді, жоғарғы санатты мұғаім. Мектебінің, ауылдың қалаулысы. Мен де осылардай баланың арасында жүрсем, баламен жұмыс жасасам деп армандайтынмын. Сол арманның бүгінгі орындалысы, алғашқы баспалдағы деп білем. Білім саласы қиын да, қызығы мол әлем деп түсінем. Білім саласында қызмет ететін біздерге, яғни ұстаздар қауымына артылған міндет ерекше. Болашақты жасайтын жастар болса, сол жастарды ішкі жан дүниесімен, парасатымен, жүріс тұрысымен, сөйлеу мәдениетімен тәрбиелейтін ұстаздар.

Қашанда өмір ағымына, заман талабына сай жеңу үшін білімдар болу керек. Сонымен қатар әрқашан кім кімге де керек нәрсе халықтық педагогика тәрбиесін оқушыға жеңіл жеткізе білу емеспе?!

Еңбек жолымды алғаш бастаған күндерімнің бірінде өз сыныбымда (бесінші сынып) мынадай ситуациялық жағдайды кездестірдім.

Сыныпқа кірсем оқушылар түгел емес екен. Терезеге көз салып қарасам, біздің сынып оқушылары талдың шыбықтарын жұлып алып, теледидардан көрген батыстың бейне көріністерінен алғандарын қайталап жүргендей. Оқушыларды ішке шақырып, сабағымды бастап кеттім. Сабақ соңында сынып сағатында оқушыларға дауыс көтермей, халықтық педагогикалық тәрбиені ұлағатты әңгіме арқылы жеткіздім. Осы кезде мен Бекет атаның мынадай әңгімесін айтып бердім.

Бекет Пақыржан қажыға кездесіп, оның шәкірттерімен қатар жеті жыл дәріс алады. Бекетке Пірдің пейілі ерекше ауады.

Күндердің күнінде Пір шәкірттерін жинап алып; «Ал, енді оқу жылы аяқталуға жақын. Қайта жалғастырып оқуға оралғанға дейін отын жинап беріп кету парыздарың», дейді. Шәкірттер келіседі. Олар қолына балта, ара алып тоғайдан отын дайындайды және молырақ әкелуге тырысады. Ал Бекет болса бәлендей көп емес, әбден қураған, жарамсыз тамырларды әкеледі. Бұны шәкірттері Пірге жеткізуге асығады. Пір сыртқа шығып, тасыған отындарды қарап, шәкірттерінің айтқандарына көз жеткізеді. Сонда Пір Бекеттен:

  • Өзге шәкірттер әкелген отын көп, ал сенікі аз, әрі шіріген, қурағаны қалай? деп сұрайды.

  • Уа, Пірім, рұқсат болса сауалыңызға жауап берейін.

  • Рұқсат айта бер.

  • Айтсам мен қолымдағы балтамды ыңғайлап ағашқа жақындай түссем болды: «жас едім, өркенімнің өскенін , жапырағымның жайылғанын армандап едім. Балта жүзін аулақ қыла гөр, қайырымды адам», деп көз жастарын көл қылады. Жаным ашып, қыршыннан қиюға батпаймын. Өзегінен айырылған, омырылып түскен әбден қурап қалғанын теріп, уақытым текке кетіп жүргені», дейді Бекет.

Міне осы әңгімеден кейін оқушылардың айналадағы дүиеге көзқарасының өзгергенін байқадым. Көктемде мектеп ауласына ағаш отырғызып, ақтап мәз болды.

...Ия, келешекте біддің қазақ балаларын мектеп қабырғасынан ақ жан жақты, білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға ұстаз.

Оқушыларға оқу тәрбие жұмысын жүргізу барысының басты міндеті сапалы сабақ беру.

Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамдабасты қағида «Жеті түрлі ілім біл, жеті түрлі тілін біл» дегенге саяды. Өзім сабақ беріп жүрген сыныптарымда осы бағытты ұстанамын. Қазақ мектебі оқушыларының шет тілін терең меңгеріп, еркін сөйлей алуына, шетел мәдени ғұрыптарын өздерімен салыстыра, солардың жақсысына азда болсада көмегім тисе деймін. Сондықтанда шет тілін оқытудың басты проблемасын шешу мақсатында шет тілін оқытудағы тиімді әдіс тәсілдерді қолдануды басты мақсат етіп қоямын, сол жолда еңбектенемін.

Шет тілін оқыту күрделі өзгерістерді бастан кешуде. Оқытудың басты міндеттерін, оқу құралдары оқыту әдістерін қайта қараудың қиындықтары кездесіп келеді. Алдыңғы қатарда мәдениетаралық коммуникация ретінде, яғни әр түрлі мәдениет өкілдері - адамдардың қарым – қатынасы, ретінде шетел еілінің қызметі алға шығып отыр. Бүгінгі таңда әлемде көптеген себептермен оның мәселелері жалпы адамзаттық құбылыс және ерекше ғылым аймағы ретінде өзекті болып отыр.

Шетел тілі бұрынғы өмірдің көрінісі деген пікір қалыптасып, ол шетел тілін оқыту ісіне теріс көзқарасты туғызды.

Қазіргі таңда шетел тілін меңгерудің ең басты проблемалары; ауыл мектептеріндегі оқулықтардың және шет тілі мамандарының жетіспеуі, шет тілі кабинетінің жоқтығы көп қиындық келтіреді. Мен алғаш жұмысқа келген жылдарда, өзім жұмыс жасап жатырған мектебімнің шет тілі кабинетінің жоқтығы, оқулықтың жетіспеуі көп қиындық келтірген болатын. Қазіргі таңда бұл қиындықтардың бәрі де артта қалды. Мектебімде екі шет тіліне арналған лингафон кабинеттері, үш шет тілі маманы бар. Бұл да қазіргі таңның жетістігі. Жәнеде мен шет тілін оқытуда тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланамын. Осылардың пайдасымен оқушыларымда биіктерден көрініп, әр түрлі марапаттаулар алып жатыр.

«Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдіс тәсілдердері мен құралдарының сабақтаса бірігуі және олардың етене қолданылуы сабақ сапасын арттырады» деген пікірге толық көз жеткіземіз.

Оқушылардың ағылшын пәні жөніндегі білімін тереңдете отырып, әр түрлі тиімді әдіс тәсілдер арқылы пәнге деген қызығуын және сабақтың сапасын арттыру,оқушылардың тіл байлығын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты. Осындай мақсатта сен өзім сабақтарымды түрлендіріп, әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып отырамын.

Сабақ барысында 5-6 сыныптарда тілдесудің ең тиімді тәсілі тақырыптық рөлдік ойындар. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қарайды. Осы орайда 5- сыныпта “My flat” тақырыбынды;

Do you have your room?

Is there a table in your room?

Are there books on the table?

сұрақтарына карточка арқылы сөйлем құрастырып, немесе оқушыларға диалог арқылы құрастыруға беремін. Онда олар жаңа сөздерді, яғни a door, a chair, a table т.б. және in, on демеуліктерін қолдану арқылы құрайды.

Is there a flower in the living room?

Yes, there is

Are there books on the table?

No, there aren’t

Сол сияқты рөлдік ойындар арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытамын.

Сонымен қатар ойын немесе саяхат сабақтары оқушыларға өте ұнайды. Мысалы 6- сыныпта «This, that, these, those» тақырыбын “Shop” ойыны арқылы түрлендірдім.

Shop assistant: Can I help you?

Dina: Yes, how much is this book, please?

Shop assistant: It’s 60 p.

Dina: And how much are these pens?

Shop assistant: They are 10 p. each

Және сонымен бірге попури ойыны да өте тартымды. Оқушыларды топтпрға бөліп алып, алдын ала жазылған өлеңдердің бірінші жолы айтылады. Оны қарсы топтың ойыншылары аяқтайды. Мысалы:

  1. What is your name?

  2. Sleep my babies do not cry?

  3. Happy birthday to you.

Немесе оқушыларға бүгінгі өтетеін тақырыптын әр түрлі сөздер құрастыруға беремін. Мысалы:

Travelling: in, all, travel, etc.

America: are, came, etc.

Осындай тиімді сабақтың бір түрі сайыс сабақ. Сайыс сабақта оқушылардың білімі артады, жүйеленеді, өткен тақырып қайталанып, қорытындыланады. Сайыс сабақ өткізер алдында оқушыларға алдын ала ескертемін. Сол тарау арқылы дайындалуын талап етемін. Сайыс сабақты көбіне қайталау барысында қолданамын. Бұл сабақта оқушылар екі топқа бөлінеді. Сұрақтар мен тапсырмалардың қиындығы, күрделілігі оқу бағдарламасынан аспау керек . ауызша және жазбаша жұмыстарды тең бөлінеді.

Мысалы: дауысты әріптердің дыбысталуы. Сәлемдесу. Қоштасу.

Мұндағы мақсат оқушыларға өткен тақырыптарды меңгерту, қайталау. Тіл байлығын, сөйлеу мәнерін дамыту. Оқушыларды әдептілікке үйрету.

Тапсырма:

I топ II топ

А) Дауысты А, Е, I дыбыстары A)Дауысты О,U,У дыбыстары

туралы түсінік беру. туралы түсінік беру.


Ал, жоғары сыныптарда сабақ өту барысында көбіне СТО (сыни тұрғысынан ойлау) технологиясын және интеллектуалды ойындарды қолданамын. СТО технологиясы арқылы баланың сабаққа деген қызығушылығы, ой өрісі кеңейеді. Мысалы 9- сыныпқа «Verb» тақырыбында осы технологияны пайдаландым.


hello_html_6096a26.gifhello_html_5789e2f7.gif

hello_html_7f3fc9fe.gif

hello_html_493d49b8.gif

Verbs


hello_html_m48312614.gifhello_html_m8de550a.gif


hello_html_m399e9bc9.gif

hello_html_4641c3ba.gifhello_html_m697b7f35.gif


hello_html_213016d4.gif







hello_html_50958c4.gif






Интеллектуальды ойындар баланың щйлау қабілетін арттырады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сұрақ жауаптар айтыоады. Пән аралық байланыс орнайды. Жалпы ағылшын тілі сабағында пән аралық байланыс, көбіне қазақ тілімен, орыс тілімен, география, биология және тарих пәндерімен кездеседі.

Сонымен менің түйгенім сабақта әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының білімін, қызығушылығын, тіл байлығын тереңдетіп, дамытып оқытуға болады. Сонда сабағым сапалы нәтижеге жетеді де, оқушының меңгеруіне де жеңіл болады.

hello_html_ma91a6df.gif

hello_html_49235aa7.gifhello_html_24a3efc5.gif


Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі мәселенің бірі.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардан кейін шетел тіліне, әсіресе ағылшын тіліне қызығудың серпілісі пайда болды.

Ағылшын тілін үйретудің нәтижелігі пәннің оқытылу сапасына тікелей байланысты. Ағылшын тілі басқада білім беретін пәндер сияқты тәрбиелік, білімділік жағынан маңызды міндеттер атқарады.

Ағылшын тілін меңгеруде тек сол тілдің теориясын, грамматикасын, фонетикалық ережелерін білу жеткілікті емес. Мен ойым, оқушыларға сол тілдегі дана сөздер арқылы, сол елдің салт дәстүрімен таныстыру. Өз тіліндей мақал мәтелдермен, ертегілермен, жұмбақтармен, тақпақтармен салыстыра отырып, үш тілді салыстыра оқытамын. Осыларды қолдану арқылы оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамытуға болады.

Мысалы 8- сыныптағы «My favourite sport» тақырыбын мына мақалмен байланыстырдым.

Sound mind, in a sound body.

Здоровье теле, здоровье души.

Жаны саудың, дені сау.

Өз тіліміз өзге тілді үйретуге тірек дегендей, ағылшын тілімен байланыстыра оқыту өте маңызды.

Және де «Байтерек» бағдарламасы арқылы сабақты өткізу, оқушыға өте пайдалы, қызықты болып өтеді. Оқушы тыңдау, көру, орындау арқылы сабақты тез меңгереді.

Мен мынаған кәміл сенемін. Ұстаздың шәкіртке нағыз сүйіспеншілігі оларға өзімізде бар, өзіңіз үшін қымбат нәрсені белгілі бір адамға емес, ұжымға беруге деген орасан зор тілек.

Ұстаздың қызметін зерттеу әр түрлі екендігі белгілі. Егер де өз қызметіне шебер мұғалім, барынша бар нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Менің ойымша ұстаз жұмысы жүрек пен ақыл ойдың қиысып тұрған қиын да ауыр еңбегі.

Бірер жылғы жұмыс барысымда көзімнің жеткені, көрін үйренгенім аз емес. Қол жеткізген жетістіктерімде жоқ емес. Ендігі болашақтағы мақсатым шәкірттерімді білімді де, тәрбиелі етіп, биік шыңдарға жетелеу, өз мамандығымның жан жақты қалыптасуын алға қою. Тәжірибелі ұстаздардың ақыл кеңесін ала жүріп, ерінбей еңбек етсем, мен де шығар биігімнен табыламын деп ойлаймын.

Ойымды қорыта келе Ғафу Қайырбековтың аяулы да, ардақты ұстаздар қауымына арнаған өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ұстаз болу жүректің батырлығы

Ұстаз болу сезімнің ақындығы

Ұстаз болу сезімнің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы.






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Менің педагогикалық сенімім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 125 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 2193
    • DOCX 2.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Гульнур Алтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курмашева Гульнур Алтаевна
    Курмашева Гульнур Алтаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17110
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек