Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыЭссе "Менің психологиялық ұстанымым"

Эссе "Менің психологиялық ұстанымым"

Скачать материал

                                 Менің  психологиялық  ұстанымым

№2 негізгі мектеп психологы Хамитова Ботагоз Госмановна.                                                                             Эссе

Мен және менің мамандығым «Жаныңа жайлы іс тапсаң, өмір бойы жұмыс істемейсің»- қытай философы Коэнфуций. Біз, әрқайсысымыз, өмір бойы таңдау жасаумен келеміз. Күндердің бір күнінде кез келгеніміз болашағымызды айқындайтын, өмірлік бағыт- бағдарымыз болатын кәсіп, мамандық таңдаймыз  .                                                                   

 Менің өмірдегі бақытымжүрек қалауымен ұстаз,психолог болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз,психолог болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен  алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен бала жанының түсінетін , келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын әрқайсымыздың оған деген қатынасымыз әр түрлі. Міне, сол кезде бар күшімізді салып, қателесіп қалмауымыз керек. Психология менің бар қасиеттерімді, ішкі ұмтылыстарымды, өмірлік ұстанымдарымды айқындайтын мамандық екенін түсіндім. Психологиямен қалай таныстым? Студент  болып жүргенде, жан дүниемдегі қиындықтарды жеңуге көмектесетін адамның болуын аңсадым. Сондай адам табылды да, ол Университетің  психологы болатын. Ол адамның өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, қолданылған әдіс-тәсілдердің түрлілігі мені қатты қызықтырды. Сол сәттен бастап мен психология ғылымы жайында көп іздене бастадым, оның қыр сыры мол мамандық екенін түсініп, екінші мамандық ретінде адам жаның инжинері саналатын жантанушы мамандығын таңдадым.  Психолог мамандығын таңдауда еш мүдірмедім, жүрек қалауын тыңдадым, соған бардым, еш өкінбедім. Міне, қазіргі күнде мен психологпын. Психология менің жүрегімнің түбіне терең бойлап, сол жерден ерекше бір орын алған. Ол қызыққа, креативтілікке, игі істерге толы мамандық.Бұл мамандық өте төзімділікті,шыдамдылықты,білімділік пен біліктілікті, мейірімділік пен талап қоя білуді керек етеді.Оқушыларды өзіме тартып,әр оқушының қырларын тани бастадым.Өз жұмысымда өзіме апталық циклограмма аясында,айлық,жылдық, жоспардан тыс сұраныс бойынша жұмыстарды нәтижелі орындауға тырысамын.Әр оқушыны психологиялық сүйемелдеу мақсатымен және қабілетті оқушыларды анықтап,дамыту түзету жұмыстарын жүргізу арқылы, сондай-ақ кәсіби бейімдеулерін анықтап,әр баланың  қызығушылықтарын анықтай келе сабақтан тыс уақытын тиімді жоспарлауына бағыт беремін. Оқушы бойына сенім ұялату, оған әсер ету, оның жетістікке жеткізетін өзгерістеріне себепкер болу үлкен жауапкершілік. Менін  алдыма өз мәселесімен келген әр бір оқушы, сол мәселенің шешімін де бірге әкелетіндігі мәлім. Біз тек қана сол шешімнің, жолдың бар екендігіне көз жеткіземіз, оқушының түсінбей жатқан жақтарына айқындылық кіргіземіз. Қазіргі заманда, бәрі асығыстық, шешімдер де, әрекеттер . Әр бала-қайталанбас тұлға.Оның жан дүниесі-өзінше бір әлем. Ал, жантанушы осы әлемді шартарапқа жетелеуші. Оқушылардың  өмірді түсінуі де, өмірді сезінуі де, қабылдауы да, бағалауы да өзгерген. Дүниенің жаһандануы, ақпараттың шексіз таралуы, оның қол жетімді болуы сол өзгерістерге үлкен септігін тигізеді. Өйткені бәрі бір- бірімен байланыста, бәрі бірі- біріне әсер етеді. Жаңа ұрпақ, балалардың да тез есеюі, білімді болуы, жан-жақты ақпаратталынғандығы қазіргі психолог маманының іздену қабілеттілігінің жоғары болуына, заман талабына сай келуіне, бәсекеге қабілетті, икемді болуына талап қояды. Міне, сондай психолог болуға мен де талпынамын. Әр уақытта да мен ізденіс үстінде жүрмін: ғаламтор беттерінен, кітаптардан, теледидардан ғылыми жаңалықтарды, білім беру технологияларын, психотехникаларды, әдіс-тәсілдерді оқып, игеріп алуға ұмтыламын. Мектепте оқушылармен, ата- аналарымен, ұстаздар қауымымен белсенді жұмыс атқарып жатырмын. Өзімнің даму деңгейімді бақылау үшін жұмыс күнделігін жүргіземін, сол күнделігімді апта соңына қарай қайта-қайта оқимын. Өз жетістіктерімен мен сәтсіздіктерімді саралап, содан сабақ алуға тырысамын. Бұның барлығы болашақта мені үлкен жетістіктерге жетелейтіндігіне сенемін. Қазіргі кезде психология саласы елімізде бірте-бірте дамып, ғылым салаларының арасынан өзіне лайықты орын иеленуге қадам жасап келе жатқаны белгілі.Оқушының шығармашылығына,жан-жақты дамуына басты назар аударамын. Еңбек жолымда шәкірт тәрбиесіне үлес қоса отырып,тәрбиеші үйрете жүріп,үйренетінің білдім.Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе,қиын әрі күрделі іс,тіпті ол тоқтаусыз соғып жатқан жүрегін сияқты.  Бұл үрдіске мен де өз септігімді тигізуге бар күш-жігерімді, қабілетімді саламын. Психология ғылымының биік шыңдарынан көрінуге талпынамын. Өйткені мен өмірімде дұрыс таңдау жасадым. Мен  Психологпын- бақыттымын, себебі мен күнде таңертең мені асыға күтетін оқушыларымды көремін.

 

 


Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

  Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын  алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай , жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С.Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым – қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет – журнал  оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар ».

         Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата – анасы» деген сөз бар. Ата – аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата – аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныптаоқитынын, сабақтарын, жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен. Бұдан шығатын түйін бала тәрбиесіне ең әуелі ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл – ойы, сана – сезімі,  адамгершілігі әсер етпек.

      «Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата – ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала үшін алғашқы тәрбиеші, педагог ата – анасы. Бала мектепте 6 – 7 сағат болса, 18 сағат үйде болады, сол себепті ата – ана баласының  оқуын, жүріс – тұрысын, жолдастарын, сонымен қатар киетін киімінде қадағалап, аптаның соңғы күндерінде сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшыларымен байланыс жасап, сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыру қажет.

   Кейбір ата-аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады. Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар,өзімшіл,кекшіл болатынын өмір көрсетіп келеді.

        Ата – ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс.

1.       Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

  1. Білім алуына көмектесуге міндетті;
  2. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;
  3. Үнемі ата – аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;
  4. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
  5. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Ата –ананың жауапкершілігі:

  1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
  2. Мұғалімге, мектептің педагогиклық ұжымына балағаттау және  әдепсіз қарым – қатынас жасағаны үшін жауапты;
  3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;
  4. Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;
  5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
  6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

          Бүгінгі оқушы ертеңгі мемлекетіміздің үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтанда бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Менің психологиялық ұстанымым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 021 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2015 10494
    • DOCX 20.7 кбайт
    • 41 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таугудретова Жанар Алгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таугудретова Жанар Алгалиевна
    Таугудретова Жанар Алгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20877
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Использование гелотологии (смехотерапии) в практической деятельности психолога

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Современные нейропсихологические технологии в обучении детей, в том числе с трудностями в обучении

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 320 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 620 человек

Курс повышения квалификации

Психологическая консультация и реабилитация в спорте

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе