Инфоурок Начальные классы КонспектыЭссе "Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым"

Эссе "Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым"

Скачать материал

Эссе  «Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым»

   Сматаева Жулдуз Турсумбековна

Аққайың ауданыСмирнов №3 орта мектебі                           

                                                                                бастауыш сынып мұғалімі

  Білім берудің маңызды шарты-оқу үдерісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды дұрыс  бағалай отырып, саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруы керек екені белгілі. Жалпы білім беретін мектептердің мақсаты бұрынғысынша дара тұлғаны дамыту болып саналғанымен, оны жүзеге асыру жолында атқарылатын жұмыстарға деген көзқарас өзгерді. Бұрын оқушының белгілі көлемдегі білім, білік дағдыларын қаруландыру жеткілікті болса, ендігі жерде баланың ой-өрісін өсіріп, өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істейтіндей мүмкіндік беру, әрбір шәкірттің өзін - өзі дамытуына, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуіне толық мүмкіндік жасау. Менің ойымша жан- жақты дамыған, білгендерін өмірде қолдана алатын оқушы тәрбиелеу үшін ең алдымен мұғалімнің өзі заман талабына сай білікті маман болуы керек деп есептеймін. Мен « Білім беру үрдісінде заманға сай мұғалім болуым  керек » деп ой түйдім. Осы курсты оқудағы бірден -бір мақсатым да осы еді. Курсты ойдағыдай бітіріп, өз мектебіме сенімді оймен келдім. Мектеп ұжымы мені қуана қарсы алды. Ендігі жерде алға үлкен бір ғана мақсат қойдым: «Жаңа форматтағы мұғалім ретінде құзіретті оқушы тәрбиелеу».  Осы мақсатқа жету барысында әрбір сабағымда нәтижелі болу  үшін, жоспарды талапқа сай етіп құрдым.  Жақсы құрылған жоспармен сабақ өту мұғалімге үлкен көмек деп ойлаймын.   «Жаңа форматтағы мұғалім»  деген атаудың өзі ұстазға үлкен күш-қуат береді екен.  Бұл атауға сай болу үшін біз Кембридж  бағдарламасынан үйренген жеті модульді әрбір сабағымызда тиімді пайдалануымыз керек. Жеті модульді үйренудегі бір ерекшелігіміз біз бұрынғыдай сабақта үйретіп қана қоймай, сонымен қатар оқушының өзіне ізденуге мүмкіндік береміз. Мен өзгерісті бірінші өзімнен бастадым,  ең алдымен өзімді реттедім, оқыту үдерісіне қазіргі жаңа заманауи әдіс- тәсілдерді қолдана бастадым; осы тәсілдерді қолдану үшін Кембридж бағдарламасының үшінші негізгі  деңгейі бойынша өз біліктілігімді арттырдым; әдіс- тәсілдерді қолданып, сабақ барысында  кездесуі мүмкін  кедергілерді дер кезінде анықтау және оны жою үшін сабақ жоспарын дұрыс құратын болдым.

         Оқушыларға білім беріп қана қоймай, олардың өз бетінше  білім алуы үшін ізденуіне, проблемаларды шешуіне, алған білімдерін өмірде орынды қолдана білуіне бағыт-бағдарды дұрыс бере бастадым.    Оқушының жан дүниесін бұрынғыдай емес, жақсы түсінетін болдым. Мен мұғаліммін деп жекеленбей, оқушылармен жақын жұмыс жасайтын болдым. Дәстүрлі сабақ кезінде оқушылар ойларын шешіп айта алмайтын еді, себебі олардың бойында «Айтқан жауабым дұрыс болмаса ше!» деген үрей болатын. Сондықтан мен екінші өзгеріс деп оқушыларыма берген еркіндікті айтқым келеді.   Осыған байланысты оқушыларым да өз ойларын еркін ортаға салатын болды. Дәстүрлі сабақ кезінде оқушылар   мұғалімді тыңдап қана тыныш отырса, ендігі жерде олай болмайды, себебі олар өздері ізденеді, ақпарат жинайды, жинаған ақпаратын мектепке келіп қорғайды. Мұндай оқушы алған білімін өмірде кеңінен қолдана алады.  Өзгерістің барлығы жаңа жоспар құрудан басталды. Қысқа  мерзімді сабақ жоспарын құру кезінде енді сабақтың басталуына аса назар аударатын болдым, тренинг, топқа бөлу оқушы назарын сабаққа аударады; сабақтың негізгі бөлімінің қызықты, әрі түсінікті болуына үлкен әсерін тигізеді екен.  Сабақ жоспарын құру кезіндегі ең маңыздысы мақсатты дұрыс қоя білу керек деп ойлаймын. Сол мақсатқа жету үшін әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалану керек, ең маңыздысы оқушы осы әдіс арқылы сабақ мазмұнын тез, әрі анық түсінеді. Тиімсіз қолданған әдістің  мақсатқа жеткізбейтіні анық.  Осы жоспарлардың өзі мұғалімді жаңа форматты мұғалім болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Сабағымда бір ғана модульді пайдаланумен шектелмеймін, Кембридж бағдарламасының бір ғажабы, үйренген жеті модульді бірінен- бірін бөліп қарау мүмкін емес, олар бір- бірімен тығыз байланысқан. Мәселен,  «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінде  диалог негізінде оқыту және оқу мен  қалай оқу керектігін үйрену тәсілдері кеңінен қолданылады. Бұл модуль оқушыларды жұппен, топпен жұмыс жасауға, бір- бірін құрметтеуге,  бір -бірінің пікірін тыңдауға үйретеді; Сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушылардың  ғана сыни тұрғыдан ойлауын дамытып қоймай, сонымен қатар мұғалімнің де сыни ойлауын дамытады;  осы модульдердің бір ерекше түрі, оқушыларды бұрынғыдай мұғалімнің бағасын ғана күтіп, оны не үшін алғанын білмей күдікпен  кететін оқушылар енді өзін- өзі және бірін- бірі бағалауды үйреніп,  алған бағасына көңілі толып кететін болды және сабақ соңындағы кері байланыс та мұғалімге үлкен көмек береді, келесі сабақта оқушының  түсінбеген жерінен сабақты бастаса, тақырыпты меңгермейтін оқушы болмайды деп ойлаймын; Сабақтарымда АКТ-ны қолданғанды тиімді деп ойлаймын, оқушылар заман талабына сай тәрбиеленеді;  дарынды және талантты балаларды анықтау мақсатында сабақтарымда оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды да ойластырамын, себебі оқушыларымның жас ерекшеліктерін де ескеруім керек; топпен жұмыс жасағанда әрбір топтан көшбасшы байқалады. Сабақтарымның барлығы кедергісіз өтуде деп ойламаймын, сол кедергілерді жеңу үстінде көптеген жұмыстар атқарып келемін. Енді оқушыларымда өзгеріс байқала бастады, олар:  еркіндік, өз ойын жеткізе алуы, топпен және жұппен жұмыстағы белсенділік, ізденушілік, кездескен кедергілерді жоя білу қабілеті, дүниетанымының кеңеюі, бағалаудағы әділдік, көшбасшылық, басқалардың ойына сыни көзбен қарау және ең бастысы өзіне, мұғалімге деген сенімділік.   Оқушылар да бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда мына сабақтарда өздерін еркін ұстап, ойларын жетік айта бастады. Демек, 7 модульдің қыр – сырын меңгеріп, сабақтарымды түрлендіре отырып, мен жақсы нәтиже көрсете аламын деп санаймын. Алайда, жеткенмен тоқтап қалуға болмайды, әлі де алдағы уақытта осы модульдерді пайдалана отырып, сабақтарымды түрлендірсем, оқушыларымның білім көрсеткіштері жоғарылайды деп ойлаймын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 641 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 2030
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сматаева Жулдуз Турсумбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сматаева Жулдуз Турсумбековна
    Сматаева Жулдуз Турсумбековна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 27811
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1102 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе