Инфоурок Другое КонспектыЭссе "7модуль табысты оқытудың7 кереметі!"

Эссе "7модуль табысты оқытудың7 кереметі!"

Скачать материал

Нұрғалиева Ғалия Ерсайынқызы

Ломоносов орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

ІІ деңгей мұғалімі

Мақала пікір

 

7 модуль –табысты оқытудың 7 кереметі!

«Шығармашыл тұлға өзі үйрене

                                                                  жүріп, өзгені де үйрете алады»

Н.Ә Назарбаев

 

        Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – Мұғалім. Сондықтан мектеп жұмысы мен оқушының заман талабына сай жаңа көзқарастарын қалыптастыру үшін мұғалім өзгеру керек. Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында құрылған курста мен де өз біліктілігімді арттырдым.

2013 жылғы  8 тамызы мен 10 қараша аралығында мен Алматы қаласында Екінші деңгейлік курсын ойдағыдай тәмамдадым. Екінші деңгей бағдарламасының бірінші «Бетпе – бет» кезеңінде  мен өзімді тіпті оқушы ретінде сезіндім  және курс мені  ерекшелігімен қызықтырды.

Оқу барысында жалпы біздің кәсіби қызметіміз бойынша біршама қажетті де пайдалы ақпарат алдық. Сондай-ақ бір-бірімізбен оқу процесіндегі болып жатқан жағдаяттар бойынша көп пікір алмасып, керегін түйіп алдық.

Сабақ берудегі дәстүрлі тәсілден арылып, заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялар бойынша білімімізді толықтырдық.  Сабақ беру барысында оқушының жалпы білім алғаны  ғана емес, сондай-ақ жас ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайына, психологиясына аса көп көңіл бөліп, басты назарда ұстау керектігіне көзім жетті. Нақтырақ  айтсам,  оқушының қызығушылығы мен ынтасын арттыру, бағалау, мәдениеттілікті сақтау, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» бойынша және т.б. көптеген мәліметтер менің білім беруге көп  өзгерістер енгізуге итермеледі.

Әрине, курс оңайға түсті деп айта алмаймын, қиналдым, қиналған кезімде ой бөлісе алатын достарым, әріптестерім қасымда болды. Қиналдырған теориялардың бірі: оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолдануда болды.

Өйткені, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Оқыту-арнайы танымдық іс-әрекет. Ол-балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы. Жұмыс тәжірибемде байқағандай, оқушылардың шығармашылықтарын қалыптастыру оқушының ізденімпаздығы, жаңа нәрсені жасаудағы қажеттіліктердің пайда болуы арқылы дамиды.  Блумның мақсат қою таксономиясының әрбір деңгейінде оқушыны тақырыптың мазмұнын терең ойлап, жүйелі сөйлеуіне жетелейді. Оқушы өзінің игерген біліміне сын көзбен қарап, білімді игерудегі жетіспеушілік тұстарын байқап, қатесін көреді. Өзін бағалауды үйренеді. Бұл әдісте оқушы тапсырманы орындауда ойланады, іздену жолынан өтеді. Бағалау деңгейінде оқушының жеке пікірі қалыптасады. Ұсынысын ашық, еркін айта біледі, шығармашылығы шыңдалады.

Сындарлы оқытуды міндетті түрде мектепте жүргізіп  және диалогтік оқытуды мен сабақтарымда қолданамын және бұл тәсіл менің еңбегімнің жемісі болып, оқушыларым түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүргендері жаңаша оқытудың табысы  деп ойлаймын.Түрлі тәсілдерді: 7 модульді пайдалану арқылы, соның ішінде АКТ, топпен жұмысты, көшбасшылықты қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттырдым. Оқушыға сенім білдірсе, бәрі де қолынан келетінін байқадым. Нәтижесінде: өзіндік пікірі қалыптасқан, сенімі зор, жауапкершілікті сезінген тұлға қалыптасады.

Тәжірибе кезінде мен Кембридж университеті бағдарламасы негізіндегі өзгерістерді енгізе алдым. Соңыма бұл бағдарламаға қызығып, өз еріктерімен қатысуға ниет білдірген әріптестерімді жинай алдым және де өзімнің бар үйреніп – білгенімді әріптестеріммен бөлісуге асықтым. Бірақ бір жағынан қиналдым, бір жағынан қуандым. Қиналу себебім «Бұл қалай болар екен?», «Мен коучинг жүргізе аламын ба?», «Әріптестерімнің өзгеруіне әсер ете аламын ба?» деген сияқты сансыз сұрақтар мазаласа, қуанғаным – осы бағдарламаның берері көп екендігін, жаңа әдіс – тәсілдерді әріптестерімнің тәжірибесіне енгізуіне түрткі бола алатыныма қуандым. Коучте  біршама практикалық  тәжірибесінің болуы міндетті емес  десе де, коучинг сессиясын жүргізуді жоспарлағанда біршама ойлануға,  сессияның шығармашылық жағын да көп ойластыру қажет болды. Себебі, мен мұғалімдерді өзім өзгертуге тырысқаным жоқ, олардың өздерін өзгертуге бейімдеу мен үшін өте маңызды болды. Бірінші күні өзімнің де қатты қобалжуым көп  болды. Коучингті қалай өткіземін? Алған білімімді жеткізе аламын ба? Мұғалімдерге, оқушыларға  ойлануға мүмкіндік бере аламын ба? деген ойлар толғандырды. Коучингтен  кейін мұғалімдер мені сабақтарына шақыра бастады. Бірі  Попова Т.Г. орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болса, екіншісі бастауыш сынып ұстазы Крохина Л.В. болды. Олар сабақтарында жаңа әдіс тәсілдерді, стратегияларды қолданды. Ендеше мұғалімдердің өзгере бастағаны, бағдарламаның мақсаты орындала бастағаны мені қуантты. Ал, Крохина Л.В тек сабақтарын ғана өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен қатар маған тәлім алушы  бола алды. Қазіргі уақытта Лариса Васильевна  Алматы қаласында Екінші деңгейлік курста білім алуда. Сонымен қатар, аудан мұғалімдеріне де  «7 модуль - ҰБТ  дайындығында» және «Қайталау сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының  тиімді жолдары» атты коучингтер  жүргізілді. Әріптестер  белсенді қатыса отырып, өздеріне аса қажетті, оқушыларды оқытып үйретудің жаңа әдіс-тәсілдерімен танысты.    

       Зерттеуге алынған балалардың да бойында өзгеріс пайда болып, оқуға құштарлықтары артқанын сауалнамалар мен қатысқан сабақтарынан көрдім.

         Маған осы  іс тәжірибемде Шульман «үш көмекшісі» ( бас, қол, жүрек) оңтайлы қызмет атқарды деп айта аламын, сабақты әр қырынан, әр оқушының қабылдау қабілетіне қарай ойластырдым, оған керекті  технологиялық білімдерді  біліп қана қоймай, іс жүзінде пайдаланудамын, оқушыларыма сабақты шынайы, әділ жүрекпен беруге тырысамын.

         Себебі: 7 модуль –табысты оқытудың 7 кереметі! 

Екінші деңгейлік курстың бағдарламасы тек мені ғана өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен қатар  2013-2014 оқу жылында 6 A -7 A сыныптарында оқу сапасы  6А- 14%, 7А- 8%  жоғарылады. Қазақ тілі мен әдебиеттен түрлі сайыстарға бес оқушы қатысып, республикалық «Ясауитану» сайысында  Шаяхметова Айнұр ынталандыру ақшалай сыйлығына ие болса, аудандық олимпиадаларда 7 сынып оқушысы  Мнайдарова Әсемгүл, 10 сынып оқушысы Бейсен Арайлым, шығарма жазудан 6  сынып оқушысы Байжанова Г.лдана,  7 сынып оқушысы Бәкірова Аида  жүйелі І  - ІІ орындарды иеленді. Яғни, бұрынғы жылдарға қарағанда белсенді қатысушы болып қана қоймай, мақсаттарын 100% орындады. Жоғарғы сынып оқушыларына ҰБТ дайындығына  да Бағдарламаның жаңа әдіс тәсілдері тиімді болды.

         Сөйтіп, үш айлық курстан кейін  менің бойымда өзгерістер пайда болды ма? деген сұраққа мен былай жауап берер едім.

Біріншіден - білім үдерісіне деген көзқарасым өзгерді.

 Біз білімді жаттанды, дәстүрлі  түрде беріп үйреніп қалғандықтан  және кейінгі кездерде тек қана ҰБТдің,ОЖСБдың дайындығы мен қорытындысына ғана көп көңіл бөлгендіктен  бастапқыда Екінші деңгейлік курсының бағдарламасының мазмұны мені қатты қиналдырды. Бірақ   намысқа тырыстым, мазмұнын меңгеруге тырыстым. Осының өзі мен үшін үлкен өзгеріс.

Екіншіден - оқушыларға деген көзқарасым өзгерді.

Бұрын оқушының пікірімен санаспай, бағалауда да қателіктер жіберетінмін, олардың  көңіл күйіне қарамайтынмын. Енді оқушы пікірімен санасып, өзіммен тең ұстап, керек жерінде ақылдасатын болдым.

Үшіншіден-әріптестеріме деген көзқарасым өзгерді.

Олармен тең дәрежеде сөйлесіп, олардың қойған сұрақтарына бірден жауабын бере салмай, өздеріне тауып алуына бағыт беруге тырысамын.

себебі, әріптестің іс тәжірибесін бөлісе алатын тәлімгермін, «білмеймін демеймін, менің қолымнан бәрі келеді» деймін және баршаны солай үйретемін.

Төртіншіден – ата аналардың,  жерлестерімнің маған деген көзқарастары өзгерді.

Ауыл тұрғындары мені көшеде болсын, дүкенде болсын тоқтатып: «Сіз менің балам оқитын сыныпқа сабақ берсеңіз қайтеді?» деп маған сенім артатындары  маған сондай әсер етеді. Яғни, маған бұдан әрі тоқтап қалмай, әрқашанда заман талабына сай мұғалім болып  тұруыма  күш береді.

Менің оқушыларымда не өзгерді?

ü Пәнге деген қызығушылығы

ü Мұғалімге деген сенім

ü Сөйлеу тілдері жаттықты

ü Ынтымақтаса жұмыстануға дағдыланды

ü Өздеріне  жеке тұлға ретінде қарады

ü Сабақты мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт беруші екенін білді

 

 Қорыта келгенде :

Ұстаз әрекеттері «шәкірттер үшін» ұстанымынан «шәкірттермен бірге» форматына ауыстырылуы қажет!

 

Білім жүйесіндегі өзгерістер. Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивтік) тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған (конструктивтік) білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, өздігімен білім құрастыру  қажет бұл күнде. Ал бұл мақсатқа әр сабақта интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "7модуль табысты оқытудың7 кереметі!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.08.2015 1857
    • DOCX 30.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Галия Ерсаиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургалиева Галия Ерсаиновна
    Нургалиева Галия Ерсаиновна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12955
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов