1978430
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое СтатьиЭссе на тему "Адамның жақсылығы ұстаздан"

Эссе на тему "Адамның жақсылығы ұстаздан"

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,

М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Курмашева Жумагул Нурлыбаевна

Ұялы тел:87759381381



Адамның адамшылығы -жақсы ұстаздан!



Жай мұғалім - хабарлайды,

Жақсы мұғалім - түсіндіреді.

Керемет мұғалім - көрсетеді,

Ұлы мұғалім - шабыттандырады.


Уильям Уорд


Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Мен, 2003 жылы Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы мемлекеттік Университетін бітіріп, Ақшұқыр ауылындағы Маршал Әбдіхалықов атындағы мектепке мұғалім болып орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің үлкен армандарымның жүзеге асуына үлкен үлесін тигізді. Бұл мектепке кіргеннен-ақ, оқушылардың түрлі қылықтары мен күлімдеген жүздері мені қуанышқа бөлейтін. Мектеп ұстаздарынан әрбір ұстазға тән төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Атап айтар болсам, мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ардагер ұстазы Әбетова Шолпан апайдан балаларды аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Осыдан кейін менің түсінігімдегі ұстаз –рухы таза, ой- өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі –жылы, көңілі дархан адам болып қалыптасты.

Шын ұстаз-ұстаз болуды адам балалық шағынан армандайды. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытып, балаларға білім беріп қана қоймай,тәлім-тәрбие беру, адалдыққа баулу, әр оқушының пікірін саралау оңай шаруа емес.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», - дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса,

бұл- ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Жас ұрпақтың тағдыры, олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында.

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын , ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі , мейлінше шешен, өнер –білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп айтып кеткен ӘЛ-Фараби. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуінің , бәсекеге қабілетті болуының ең басты ощағы-ұстаз берген білімде. Себебі, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу –ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсеңде, «болдым, толдым, мен бәрін де білем» деп айтуға болмайды. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыруы керек.Себебі, біздердің алдарымызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да, ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қоймай, қазақи болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық. Адамның адамшылығы міне осындай ұстаздардан тұрады.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі болмақ.




Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-170406

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»
Курс профессиональной переподготовки «Стандартизация и метрология»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.