Инфоурок Всеобщая история КонспектыЭссе на тему "Қазақ хандығы"

Эссе на тему "Қазақ хандығы"

Скачать материал

 «Жансүгіров атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ хандығы- ұлт тарихы

(эссе)

 

 

 

 

Орындаған:                                                      тарих пәнінің мұғалімі:

                                                                   Ж.Т. Демесинова

 

 

 

                                    

 

                                     Қызылағаш 2015жыл

        Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз болды.

        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу,  бірлесу жолында келе жатқан халық» деп атап көрсеткен болатын.   Қазақ халқының тарихи тамыры тереңде жатыр.  Біз – Орта Азиядағы ежелден келе жатқан мемлекеттердің біріміз. Қазақ хандығы –  біздің еліміздің түп-ғұмыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманы.

         Қазақ хандығы – бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Тарихқа сүйенетін болсақ, тұңғыш ханы – Керей, соңғы ханы –  Кенесары Қасымұлы болып саналады.  Қазақ хандығының құрылу тарихына тоқтала кетейік.

        1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпаларымен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін қалаған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері –  Шу мен Талас өңірі деп айтылады. Әбілқайыр ханға наразы сұлтан, әмірлер, ру-тайпа басшылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі.

          Қазақ  хандығының құрылуын осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процесстердің заңды қорытындысы деп санауға болады. XVғасырдың 60 жылдары қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуды мекендеді.

          XVI-XVII ғасырларда  Қазақ хандығы нығайып, шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс орнатты.

          Ұлан байтақ елімізге,  жерімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Ең қатерлісі XVI-XVIII ғасырларда жоңғарлардың шапқыншылығы болды. Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай,  Қаракерей Қабанбай,  Шапырашты Наурызбай,  Баян батыр секілді көптеген батырлар Абылай ханның ақ туының астына бірігіп,  Жоңғар шапқыншылығынан  қазақ жерін толық азат етті. XVIII ғасырда қазақ  хандығының  тәуелсіздігіне  қатер  төндірген  тек қана Жоңғар хандығы ғана болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұхара хандықтары, батыс пен солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, орыс казактары үнемі шапқыншылық жасаумен болды.

          Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қиын кезде Әбілқайыр хан бастаған қазақ сұлтандары, билері мен батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.

           Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Қазақ халқы сан рет  ұлт-азаттық  көтеріліске  шықты. Бұл ұлт-азаттық  қозғалыстардың негізгі мақсаты – ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қозғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру болған.

          Қаншама  қиындықты  бастан  өткерсек те, еліміздің бар мақсаты  халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Тарих толқынында қайсарланып,  шыңдалған  еліміз, ұлан-ғайыр жеріміз, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалды. Қайратты хандарымыздың саясаты мен ержүрек, батыл батырларымыздың ерліктерінің арқасында бүгінгі таңда тәуелсіздікке жетіп отырғанымыз ақиқат. Бүгінгі елдігіміздің арқауы – Қазақ хандығы. Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен сан ғасырлық күресінің нәтижесі.

            Қазақ хандығының құрылғанына биыл 550 жыл толып отыр. 550 жылдығының аталып өтуі –  барша қазақ халқы үшін ерекше тарихи оқиға болып отыр. Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Бұл той қазақ хандығы туралы мәліметтер кеңінен таралып, оның тарихтағы алар орны ерекше екендігін дәлелдеді.

          Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр  болады.  Мәңгілік  еліміз  барда  қазақтың тарихы да мәңгілік» деп жарқын болашаққа сенім білдіріп айтқан.

          Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау көне тарихты кең көлемде қайта жаңғыртып, ұлт рухын көтеретін тағылымды бастама. Жарқын болашағымызға  нық сенім білдіре отырып, өткен тарихымызды жаңғырту – ол  біздің  мойнымызға артылатын міндеті болып табылады.

     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему "Қазақ хандығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 719 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 6117
    • DOCX 18.8 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Демесинова Жанар Турысбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Демесинова Жанар Турысбековна
    Демесинова Жанар Турысбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6228
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека