Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Эссе на тему "Касиптик билим беру проблемалары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Эссе на тему "Касиптик билим беру проблемалары"

библиотека
материалов

 Эссе

                   Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 12 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымымүнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным  мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде химия және биология пәндері мұғалімдерінің жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа, ұлттың зияткер ұл-қыздарына ғылым мен техниканың, қоғамды дамытушы ғылым- химияны оқыту зор міндет. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”- деп айтқаны белгілі.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, колледжге керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.

Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Осы колледжде қызмет істеген уақыттан бастап «химия және биология пәндерін оқытуда оқытушының құзіреттілігін арттыру» атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша  баяндама жасадым. Педагогикалық процесте инновация - оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Мен өзімнің инновацияны сабақтастыру іс-әрекетімді төрт түрлі өлшеммен сипаттаймын:

1) инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну;

2) оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы;

3) енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына, тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым;

4) белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім.

Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Химия және биология пәндерін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын екіге бөліп қарастырдым:

1. Жаңа ақпараттық технологиялар

2. Жүйелі жүргізілетін оқушыны шығармашылық қабілетін жетілдіру жұмыстары.

Қазіргі уақытта елімізде  әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Осы бағытта Назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетіміздің мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесінің негізгі қазығы болып отыр. Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің қосатын үлесім көп екені сөзсіз.

Ал, осы мақсатты орындау үшін колледжіміздің біраз оқу-кабинеттері қазіргі заманауи техника мен зертханалармен жабдықталған. Кез-келген компьютер арқылы сымсыз Wi-Fi желі арқылы интернетке қосылуға болады.Осы желіні келешекте әр кафедра пайдалануға рұқсат алатын болса, онда колледж ұстаздарының жаңашыл , шығармашыл ұстаз болып қалыптасуына жол ашылар еді.

Химия және биология пәндерін оқытудағы интернет – технологиялар білім ортасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға, оқыту процесіне қатынасын өзгертуге, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Медиатехнологиялардың даму жылдамдығын ескере отырып, білімнің жоғары деңгейге шығуы қоғам үшін де, қоғамның мүшесі болып саналатын оқушы үшін де аса маңызды болып келеді. Оқушыға жаңа білімді тиімді іс – әрекет, жаңа технологиялар, ақпараттық дүниемен қарым – қатынас жасау арқылы оңай меңгеру әдістерін дамытуға болады. Мұның бәрі  ақпаратпен жұмыс жасау және оны байыпты ұғыну жолдарын іздеу, оған сыни тұрғысынан қарау, өз пікірін дәлелдей алу қабілетімен қатар шығармашылығын дамытуға бағыт береді.

Осылайша, химия мен биологияны оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін.

Мысалы, «Көмірсулар» тақырыбын оқыту барысында Google компаниясы жасаған Google Earth бағдарламасын қолдануды алайық. Бағдарлама тек интернет желісі арқылы жұмыс жасайды. Бағдарлама арқылы көмірсуларды қолдану, химиялық қасиеттері, алынуы туралы түсіндіру оңайға түседі, сонымен қатар, бағдарламаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар дүниетаным шеңберін кеңейтіп, коммуникативтік құзыреттілігін арттырады.

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда тек компьютерлік технологиялармен шектеуге болмайды, өйткені адам ақпаратты басқа көздерден де – баспа беттерінен, аудио-видео құралдарынан алады. Алайда бүгінгі күні, әрине, басымдылық пен маңыздылық компьютер мен телекоммуникация құралдарына беріліп отыр. Өзім химия және биология сабақтарында интернеттің көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың ақпараттық – коммуникативтік және шығармашылық іс – әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын.

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра  жаңаша сабақ түрлерін өткізу үшін еш қиындық кездеспейді. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзім де, оқушыларымда да  пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым.

Осындай мақсатта жасалған білім алушылар мен ұстаздарға арналған «Білімділер сайты» сайтын  келтіруге болады. Бұл сайт химияны оқытудағы интернет-технологияны кеңінен қолдануды насихаттау, химия сабақтарын өткізу үшін Интернет қызметін барынша кең қолдану, химик ұстаздардың біртұтас ақпараттық ортасын құру және химияны оқытудың сапасын арттыру  үшін дайындалған.  (ақпараттық кеңістікті кеңейту және керек ақпаратты іздеу; коммуникативтік процестерді жүзеге асыру және қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру).

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін қолданып оқитын оқушыларының оқу сапасы да жоғары, сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы – қазіргі заман оқушысының танымдылық, шығармашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі  – ақпараттық коммуникациялық технологияның артықшылықтары деп білемін.

Әрине, бұл жұмыстарымда кемшіліктер де жоқ емес. Сондықтан келешекте өз әдістемелік технологияларым мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін:

- үздіксіз біліктілігімді көтеріп отыру;

- арнайы әдебиеттерді оқу;

- оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын ендіріп отыру;

- өзіндік сарап жүргізу арқылы ұзтаздық шеберлікті жетілдіру.

Қалай болса да химия және биология сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын.

Осыдан түйгенім: жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген  ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлдеп отырған жоқ па?!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров270
Номер материала ДВ-394100
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх