Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалыЭССЕ на тему "Кәсіптік білім берідің проблемалары"

ЭССЕ на тему "Кәсіптік білім берідің проблемалары"

Скачать материал

Кәсіптік және техникалық білім берудің проблемалары

 

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар

колледжінің оқытушысы Абдразахова П.

 

                                                                            Ғалым да, шахтер де бас иетін,

                                                                      Ұстазым, бар сенің қасиетің.

                                                                                 Білім берген, ой берген, ақыл берген,

                                                                                 Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең

                

          Осы  тақырыпты  алғаннан  соң  көп  ойландым.   Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.

      Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

       Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.   Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап  сыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де колледждің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам  тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде  дамытады. Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып  табылады.

         «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын  мәңгілік  есінде  сақтайды. Нағыз  мұғалім,  міне, осы. Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық.

          Жаһандану  заманында  ұлт­­тық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көр­сет­кіші – білім  деңгейімен  өлше­неді.  Сондықтан,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігіп,  білім  беру  жү­йе­сін  халықаралық  биікке  көтеру  кезек күттірмейтін  өзекті  мәселе.

          Бұл  мәселені  шешудің  кілті  ұс­таз  қолында.  Өйткені,  ұстаз  ел­дің ертеңгі  тізгінін  ұстайтын  ұрпақ  тәрбиелейді.  Адам  тәр­бие­леу  – ұлы міндет.  Ол  міндетті  атқарушы  –  ұстаз.  Ұстаздың  негізгі  құралы  – сабақ.

    Сабақ  скрипка  аспабы  секілді:  онымен  жай  гаммаларды  ой­науға немесе  Паганинише  саусақ  ұшын  сымға  жеңіл  тигізіп,  одан  ға­жай­ып  үн шығаруға  да  болады.  Әрбір  сабағы  ғажайып  әуенге  толы  на­ғыз ұстаз    болу  кімнің  де  болса  арманы.

Менің  түсінігімдегі  ұстаз – рухы  таза,  ой – өрісі  биік,  ұлты  мен Отанының  болашағы  үшін  тер  төгіп,  шыдамдылық  пен  та­бандылықтың  үлгісін  көрсетуші,  өз  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен білімін  болашақ  ұрпақтың  бақыты  мен  кәдесіне  жаратып,  қоғамды өрге  өркендетуші,  жа­ңа­шылдықтың  бастаушысы,  жү­ре­гі – жылы,  көңілі – дарқан  адам.

Ұстаздан  дәріс  алмаған  адам  қазір  жер  бетінде  жоқ  десе  де болар.  Бұл  мамандық   содан   да  киелі.  Жан – Жак  Руссоның  «Ұстаз  болу  –  өз  уақытыңды  аямау,  бас­қаның  бақытын  аялау»  деген  нақыл  сөзі жаныма  өте  жақын.

           Ұстаз  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла  бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның  бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі  ниет  иесі.  Шәкірті  өзінен  оз­ған  ұстаз  – еңбегі  ақталған  ұстаз.  Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін  шебер  ұстаз   үз­дік­сіз  ізденісте  болып,  қоғам  сұ­ра­нысына  сай  білімді, шығарма­шыл, өзін – өзі  дамытып,  жетілдіре  алатын  болуы қажет  деп  ой­лай­мын.  Мен  ұстаздықтың  ауыр  жү­гін  арқалауды  өз  жүрегімнің қа­лауымен таңдадым. Маман ұс­таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба­ланы тұлға деп тану, оның  пікірімен  санасу,  оқушының кішкентай  қуанышын,  табысын  ба­ғалай  білу.

         Бо­лашақта  мұғалім  мамандығы  ең  беделді,  әрі  жоғары  ақы  төле­не­тін  мамандықтың  біріне  айналуы  үшін  оны  сүйіп,  талмай  еңбек  ету қажет.

Ұстаздық  қызметте,  шәкірт­термен  қарым — қатынаста  ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә­дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне  көзім  жетті.

         Қытай  философының  «Маған  жәй  айтсаң  –  ұмытамын,  көрсет­сең есімде  сақтаймын,  ал  өзімді  іс – әрекетке  қатыстырсаң  үйрене­мін» деген  даналығы  білім   алу­шының білімге  ықыласын  атты­руда ақпараттық — комму­никатив­тік  технологияларды  пайдалана  отырып, өзіндік  ізденіс  жүргізуді  практикада  жүзеге  асырудың  маңызды  екендігін  көрсетеді.

        Сапалы  білім  негізі – жан — жақты  ақпараттық  материал­дар­ды, көрнекі  құралдар  мен  ұтым­ды  технологияларды,  тиімді  әдіс — тәсілдерді пайдалана  отырып,  білім  алушыға  ешбір  кітаптан  таба  ал­майтын  білім  беру.  Өйткені,  тек  оқулықтағы   білімді  жеткізуші  мұ­ғалімнің  құны  жоқ  деп  ой­лай­мын.  Оқулықтағыны  оқушы  өзі  де  оқып  алады.

Сондықтан  бүгін  білім  бе­ру­дің  сапалы  болуы  үшін:  біріншіден,  ұстаздың  жан – жақты  ака­демиялық  білімінің  бо­луы,  екіншіден,  мұғалімнің  өз  ма­ман­ды­ғы­на  деген  шынайы  сүй­іс­пенші­лігінің  және  ешқан­дай  дипломмен  бірге  берілмейтін  шығар­машылық  қабілеті,  балаға  деген  кіршіксіз  адамгершілік  қа­сиет­тері  болуы  шарт.

        Осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда  Елбасы Н.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  ет­іп,  өмір  сүретіндер  – бүгінгі  оқушыларды,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұс­тазға  жүктелетін  міндет  ауыр» – деген  еді.  Біз  осы  сөзге  сай  болуымыз  керек.

               Бүгінгі таңда жастардың білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Жастардың біліктілігі мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру арқылы ғана   еліміздің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктері қарыштап дамымақ. Сол себепті осынау ақпараттандыру ғасырында елімізге білімді де білікті, белсенді,  азаматтық ұстанымы бар кәсіби мамандар қажет-ақ. 

            Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Жолдауында: «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» делінген.  Жолдаудың бұл тармағы кәсіби білім беру ұйымдары сындарлы ойлай алатын, шығармашылық әлеуеті жоғары,  өз кәсібін  толық меңгерген тұлға тәрбиелеуге бағдарлануы тиіс екенін көрсетеді. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алдына оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту арқылы жастардың таңдаған мамандығымен қызыға айналысуы, материалдық жағдайын жақсартуға болатынына көз жеткізіп, ұлттық экономиканы үздік кадрлармен қамтамасыз ету міндетін  қойып отыр.  

            Теория мен тәжірибенің ұштастырылуымен берілетін кәсіби білімнің кепілі –– оқытудың дуальдық жүйесі. Бұл –– күнделікті алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда бекіту арқылы сол саладағы тиімді еңбекпен жалғастыруға берілген мүмкіндік.  Оқытудың дуальдық жүйесі ––  қазіргі кезде кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Бұл жүйе Германия, Дания, Швейцария, Австрия сияқты көптеген еуропалық елдерде және соңғы жылдары Қытайда және Азияның басқа елдерінде кең тараған. Оның ерекшелігі –– өндірістік оқыту мен теориялық оқытуды біріктіреді. Ал артықшылықтарына келсек, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілуі, оқуын бітірмей-ақ өндіріске жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болуы, тәжірибеден өту барысында еңбекақы төленуі және т.с.с.

            Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша ТжКБ оқу орындарында білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейін жұмыспен қамту мен үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін  оқытудың дуальдық жүйесі сұранып-ақ тұр. Кәсіптік білім беру орындарына  дуальдық оқыту жүйесін енгізу арқылы мамандық бойынша теориялық білімі мен іс-тәжірибелік дағдысы бар, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап, еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсарта аламыз. 

            Егемен еліміздің жарқын болашағы үшін көлік мамандарын даярлауда аянбай еңбек етейік, әріптестер!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЭССЕ на тему "Кәсіптік білім берідің проблемалары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 1209
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдразахова Перизат Рыскулбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8231
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профориентационная деятельность для лиц с интеллектуальными нарушениями и выпускников коррекционных школ

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс повышения квалификации

Эмоциональное выгорание социальных работников. Профилактика и методы борьбы

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы по профилактике суицидального поведения подростков

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 381 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 190 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек