Инфоурок Другое СтатьиЭссе на тему "Мен ұстазбын"

Эссе на тему "Мен ұстазбын"

Скачать материал

Эссе « Мен – Ұстазбын»

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

         

Ұстаз.  Осы бір  ауыз  сөзде  қаншама  құдырет, қаншама күш жатыр. Ол – кім?  Ол - адам  өмірінің  бағбаны,  бағы, болашағы, бүгіні мен ертеңі. Ағаштың  күтімі  жақсы болса, жемісі мол болмақ.  Сондай –ақ, бүгінгі  ұрпаққа беретін білімнің  күші  - оның  ертеңгі  елге жасайтын қызметінің күші. 
        Ұстаз сөзінің ұғымы кең.  Ұстаз  болу  деген  сөз - өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізу дегенді білдіреді.  Бала  кезде «Ұстаз» сөзі көз алдымызға мейрімді, білімді, парасатты, жүрегі жұмсақ асыл жанды елестететін  еді. Бірақ,  оның талмай іздену, маңдай терін төгу арқылы ғана көп жетістіктерге қолын жеткізе алатындығын  сол  жолды  таңдаған  адам  ғана түсінер  еді.  Мен  осы  жолды  таңдадым,  Ұрпақ тәрбиесі - қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұлы іс екендігін біле,  түсіне  отырып  осы  жолды  таңдадым.   Кез келген қиындыққа шыдай білген адам сол еңбегінің жемісін көреді. Сол еңбегінің жемісін көру үшін ұстаз бойында ұстамдылық, дарындылық, байсалдылық, ізденімпаздық сияқты алуан түрлі қасиеттер болуы шарт.  Әр ұстаздық  жолды  таңдаған  адам  бойында  болатын  осы  қасиеттерді мен де бойыма  жинауға  тырысып келемін.
       «Ұстазсыз ғұмыр - сөнген күн»деп ата - бабамыз айтқандай, бұл өмірді ұстаздарсыз елестету мүмкін емес.

          Мен бүгінгі таңда Ақмола облысы, Целиноград ауданы,  Тайтөбе ауылы  орта    мектебінде  бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істеймін. Алдымдағы шәкірттеріме  қарап  отырып ойланамын.   Бүгін  менің  алдымда  отырған  бала  -   ертең  елімнің  болашағы. Демек, ел ертеңі осылардың  қолында.  Яғни,  менің ұстаз ретінде зор жауапкершілігім тек  бүгінгі  жас ұрпақтың  ғана емес, ертеңгі  ел  алдында деп пайымдаймын.  Бастауыш сынып оқушылары   тап - таза ақ парақ,  жып - жылтыр айна  сияқты ойы  да,  миы  да,  жүрегі де  таза.  Таза  ақ  параққа  түсірген   суретің  айқын  көрінетіні  секілді  оларға  берген  тәлім-тәрбиең  де, білімің  де   айнадай көз алдыңда тұрады.  Оларға  қарайсың да кемшіліктеріңді түзетесің, жетістіктеріңе қуанасың. Менің  өмірлік  ұстанымым – оқи алмайтын  бала жоқ, оқыта  алмайтын мұғалім бар. Сондықтан,  менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым да жоғары, айқын.

     «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ  жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім.
     Қорыта келгенде  айтарым мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын.  Ш.А.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды...» деген сөзін  үнемі  есте  ұстаймын. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым - қатынасты, олармен сөйлесу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан - жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қарауға  тырысып  келемін.  Кәсіби міндетім - бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл - ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге қабілеті мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау,  жан - жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым  деп  санаймын.

 

 

Кемелова  Айнура  Бауыржановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби міндетім - бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балалардың ақыл - ой ынтасын көтеріп, білімді игеруге қабілеті мен дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау,  жан - жақты дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, білімді жас жеткіншектер тәрбиелеп шығару. Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым  деп  санаймын.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему "Мен ұстазбын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2019 1461
    • DOCX 16.6 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кемелова Айнура Бауыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кемелова Айнура Бауыржановна
    Кемелова Айнура Бауыржановна
    • На сайте: 5 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4312
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции