Инфоурок Другое КонспектыЭссе на тему "Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым"

Эссе на тему "Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым"

Скачать материал

           «Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым»

 Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

 Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

 Шаршаса да осы жолдың бойында,

 Қандай рақат,шын бақытын тапса адам - деп  ақын  жырлап  өткендей , шынымен де , мен үшін  «бақыт» деген          тармағы     кең       ұғымның

бір шеті  осы ұстаздық мамандықпен  ұштасып  жатыр.                                                        Анығында «ұстаз» деген кім? Ұстаз – шәкіртін  адалдыққа  баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын  жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.

 Алайда  өзімді , бүгінгі таңда ,  «керемет  ұстазбын» деп  айту  астамшылық  болар  деп  ойлаймын.  «Ұстаз»  деген  ұлы  атаққа  ие болу үшін  әлі  талай  маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп ,талай - талай  белестерді  бағындыру керектігін  мойындаймын.

   Ал, мен – заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары , үздіксіз ізденісте жүрген ,жан-жақты дамып, қалыптасып  келе   жатқан  қатардағы  мұғаліммін.

     «Жаңа формация педагогі»... Бұл атау да бүгінгі таңда педагогика  қызметі саласында   жиі  ауызға  алынып  жүрген  жаңа ұғымдардың бірі екендігі баршамызға аян.  Қазіргі кезде жаңа формация мұғалімі  ретінде даму-уақыт талабы.

          Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  жылдар ішінде егемен еліміз дамудың , жаңарудың даңғыл жолына түсті.Болашаққа  нық сеніммен қарайтын болдық.Қарап тұрсаң, өзгеріп жатқан дүние шаш етектен. Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп,артта «шаң қауып қалмаудың» амалын істеп бақ.  Сондай өзгеріс білім беру саласын да бей-жай қалдырмаған.

Атап айтсақ, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің  үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық,өзгеріс, жаңа бастау десек те болады.

...Курсқа келгенше  кезекті , бұрынғы қатысып жүрген біліктілікті арттыру курстарынан артықшылығы бола қояр ма екен деген үмітімнен күдігім басым болып келген едім. Мен  бекер күдіктенген екенмін.Бұл курс барысында менің дәстүрлі педагогикадан қасаң болып қалған стереотиптерім күйрей сынды. Мен жасқанбай,қателігімді бетіме басар –ау,жерден алып-жерге салар адам жоғын біліп еркін ой айттым,еркін дәлелдедім, мәселенің түйінін тереңінен түсіндім.Шығармашылыққа негізделген шыңдалған ой айту үшін өзіңнің өреңнің биік болуы қажет екенін пайымдадым. Жаңа дүниені жатсынбай қабылдадым.

       «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.

      Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай.

Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу.  Жаңа бастамалардан мен бұрын қорықпасам да, бір дүдамал ой кейін тартатын.  Қазір мен кез келген істі ешқандай іркіліссіз қолыма алатын болдым, яғни  тәуекелге бел бууға әр уақытта дайынмын, мені ештеңе тоқтата алмайтынын аңғардым. Себебі мен нені және қалай істеу керек екенін үйрендім.

   Екінші жетістігім - өзімді шыдамдылыққа  үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым.  

      «Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей ,мен де әр сабағымда  балалардың  қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау , диалог арқылы оқыту) кеңінен қолданамын . Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені  қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап,көшбасшы болуға,өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге , бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай.

          Дәстүрлі сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Ойлап қарасам, мен оқушыны ойландыруға жағдай жасамаған екенмін. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды.Бір мысал. «Алпамыс батыр» жырының кейіпкерлері»  деген сабақта кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін бір топ жазса, келесі топ бас кейіпкер Алпамыстың батырлығы, адамгершілігі, тапқырлығы арқылы мұратына жеткенін анықтады. Нәтижесінде жырдың негізгі тақырыбы –елді , отанды ішкі ,сыртқы жаулардан қорғау болса, идеясы- жамандықты жақсылықтың әрқашанда  жеңетінін оқушыларым өздері  ашты. Бұл кезеңде мен оларға тек бағыт беруші ғана болдым. Жеті модульді сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді.

         Мен енді басқа машинаға отырдым деп есептеймін. Бірақ бұл көліктің  жүргізушісі – (мен емес) менің оқушыларым. Олар басқарушы,жаңа  жол іздеушілер , ситуациялардан шығып ,мақсатына жетушілер. Ал мен болсам, бағыттаушымын.

        Өзімнің осы жетістігімді  басқа әріптестеріммен бөлісу мақсатында шағын шығармашылық топ құрып  және оларға ықпал ете алдым. Іс-тәжірибе барысында менің сабақтарыма қатысқан әріптестерім мен қолданған әдіс-тәсілдерді өздері де сабақтарына енгізе отырып, оң өзгерістерімен бөлісті.

      Ойымды  қорыта  келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды өзгерттім, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден бала еркіндігін шектемеу, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін- өзі реттеуді үйренді, бесіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестеріме де ықпалым болды. Менің түсінгенім- жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.

     «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші,  жаңа ғасыр мұғалімінің  бойында  сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау  сияқты қасиеттер  тоғыса  келе , олар мейірімділік  атты  ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана  біз діттеген мақсат - мүддемізге  жетіп, «ұлы ұстаз» деген  ардақты атаудың шын  иегері болатынымызға  кәміл сенемін.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему "Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 078 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 788
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акатова Айжан Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акатова Айжан Аманжоловна
    Акатова Айжан Аманжоловна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42086
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе