Инфоурок Другое СтатьиЭссе на тему "Өнегелі ұстаз"

Эссе на тему "Өнегелі ұстаз"

Скачать материал

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,

М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Курмашева Жумагул Нурлыбаевна

Ұялы тел:87759381381

 

ҚР Ассамблеясының 20 жылдығына орай өзге ұлт өкілі туралы эссе

 

Өнегелі - ұстаз!

 

«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде,

күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін»

С. Қожамқұлов

 

         Дамудың сыры-бірлікте, табыстың сыры тірлікте. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз- Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру- елдік мақсат. Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз -бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!-дейді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

         Ғасырлар бойы тағдыр тауқыметіне ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. «Бақ та , тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады»,-деген дана бабаларымыз. Эссе тақырыптарын таңдаған кезде көп ойландым. Шындығында , барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып, үйрететін абзал жан бұл – Ұстаз!

       «Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы» деп, дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.  Ұстаз берген тәрбие

 Әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ  болары анық.

         Халықтар  ынтымағы мен бірлігін берік ұстаған баршаға үлгі. «Әркім өзінің сүйген ісімен айналысар болса, оның сол салаға да, елдің дамуына қосар үлесі мол »- дейді өзге ұлт өкілі ардақты ұстаз – Михтахова Бибінұр апай.

         Михтахова Бибінұр апай өзге ұлт өкілі. Ұлты –Қарақалпақ. Ғұмырының қызықты да қуанышты кезеңін ұстаздық жолға арнаған ол Ш. Ералиев атындағы орта мектебінде орыс тілінің салтанат құруына айрықша септігін тигізген жандардың бірі. Михтахова Бибінұр апай  1928 жылыдың 3 желтоқсанында Саратов облысында дүниеге келген. 1948 жылы Орал қаласының педагогикалық институтын бітіріп, Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласына жолдамамен келіп, оқытушы болады. Ұлағатты ұстаз сол уақыттан бастап қазақ балаларының сауатын ашып, үлкен өмірге жолдама берді. 1988 жылы жылы зейнеткерлікке шыққанымен де ұстаздық қызметтен қол үзбеді. Бибінұр апай Партия қоғамында тәрбиеленгендіктен , қоғамдық жұмыстарға араласып, белсенді қызметтер атқарған. Апайдың шәкірттері- Маршал Әбдіхалықов, Толыбеков Бөрібай, Бекбосынов Нұрғожа, Есенкөбекова Гүлсағия сынды ұлы тұлғалар.

      Қазіргі Ақшұқыр ауылымыздың саналы ұрпағына білім беріп келе жатқан алтын орда сол Бибінұр апайдың шәкірті Маршал Әбдіхалықовтың атында. Бибінұр апай «Білім беру саласының озық қызметкері» белгісімен, қоғамға қосқан үлгісі үшін, балаларға берген білімі үшін көптеген мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұстаздың шәкірттері бүгінде елдің дамуына барынша үлес қосуда. Бибінұр апайдың жары Жүсіпов Өмір ағайда осы мектебіміздің ұлағатты ұстазы болған. Бүгінгі таңда 88 жастағы апайдың 5 баладан 16 немере, 12 шөбере сүйіп отыр. Үлкен немересі Өмірова Жұлдыз КИМЭП білім ордасында жоғарғы білім алуда. Екінші немересі Өміров Ақжол –экономикалық лицейдің 7-сынып оқушысы.  Бибінұр апа өз немерелерін мақтан тұтады. Олардың жеткен әр жетістіктері үшін әркез куанып отырады.

          Менің түсінігімдегі өнегелі -  ұстаз  ол осы Бибінұр ұстаздай рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттерімен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жүрегі -  жылы, көңілі – дарқан адам.

         Француз ойшылы Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген әдемі сөзі бар. Осыны өміріне мақсат еткен Бибінұр апай тәріздес қызметіне адалдық танытатын ұстаздар барда, қазақтың жұлдызы жарқырай бермек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему "Өнегелі ұстаз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 1144
    • DOCX 13.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Жумагуль Нурлыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4727
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой