Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Эссе на тему "Тәрбиеші - болу бақыт"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Эссе на тему "Тәрбиеші - болу бақыт"

библиотека
материалов

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағалайын. Өйткені менде 7 жылдай бала бақбашаның - тәрбиешісі болып жұмыс істедім. Ал қазіргі таңда мектепте мектепалды даярлық сынып мұғалімі - тәрбиеші болып жұмыс істеймін.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетілігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан – тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізіп отырсам, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне" бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала – пәк , тап – таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Баланың адамшылық ар – ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту керек.

Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл – ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта – жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой – өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш – ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл – парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек.Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.

Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектепалды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, оларды мектептегі түрлі шараларға белсене қатыстырып отырамын.

Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс – тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты мақсатым.

Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілінде дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Тәрбиеші жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен көрінеді.

Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол – өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу – тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін – өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу – тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Осыны мен тәжірибелік сабақтар жүргізген кезде түсіндім, балаларға түрлендірілген сабақтар, ондағы жаңашылдық, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс , өте ұнады. Әрине оқушылардың сөздік қорының аздығы, материалды үстіртін білетіндіктері алғашында байқалды.

«Оқытудың жеті модульін сабақта тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлау белсенділігін арттыру» деген осы тақырыппен жұмыс жасап келемін.

Жаңаша оқытуды өзімнің іс – тәжірибиемде қолданамын. Осындай жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек. Мұғалімге білім беруде, яғни оқушылардың қалай оқу керектігін үйрететін жаңаша технологиялар керек. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістететін негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан әр мұғалім заман ағымынан қалмай өзінің педогогикалық тәжірибиесін жетілдіріп отыру керек. Мен жаңаша оқытудың жеті модульді қарастырған курска қатысқаныма өкінбеймін. «Қалай оқу, оқыту керектігін үйрету?» – деген көптен ойландырып жүрген сұраққа жауап таптым. Өз іс – тәжірибиемде жаңа тәсілдерді қолдану үшін сыныпта топтарға бөліп оқытамын. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер: «Диалог арқылы оқу» және «қалай оқу керектігін үйрету», сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру, дұрыс бағалауды үйрету, АКТ – ны нәтижелі пайдалану, жас ерекшелігіне сәйкес білім беру, өзім көшбасшылық жасай отырып, оқушыға бағытталған жоспар құра отырып, қызмет етемін. Мұғалімге арналған нұсқаулықта жазылғандай «Білім бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Ол оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеру», бұл жерде мұғалімнің шеберлігі қажет. Әрбір бала – жеке әлем, сондықтан әр балаға ерекше қарай білу керекпіз. Оқушының танымдық қабілеттерін аша отырып, оған білім алуды үйрету. Білім үдерісінің нәтижелі болуы балалардың өздігінен меңгеруі, таныта білген білім –дағдылары мен амалы, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модульдері аясында ғана жүзеге асады. Мен оқыған бағдарламада, іс –тәжірибемде пайдалануды мақсат еттім. Әр сабақта оқыған модульдерді ұтымды пайдалана отырып, білім берудегі өмірлік азығым болатынына сенімдемін. Әрине үйреніп қалған дәстүрлі сабақтардан арылып бірден жаңаша тәсілге ауысу оңай болған жоқ. Жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін теориялық білімді жетік меңгеру, сыни тұрғыдан ойлау, білімнің жаңа тәсілдерін оқу және оқу нәтижелерін сыни бағалау, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды, сандық жүйелерді пайдалану, дарынды және талантты балалармен жұмыс жасауды, топпен жұмыс істеудің тәсілдерін сабақ барысында қолданып, өзімдік танымның және оқушыларға бағытталған білімді тиімді беру мақсатында өз –өзімді реттеп жұмысқа кірісіп кеттім. Мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, тиімді жұмыс жасау жолдарын таптым. Балаға қалай оқу керектігін?, нені үйрету?, қалай ықпал жасау? оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынас, өзіндік ой пікірін жүйелеу, алған білімін өз бетінше жалғастыра алатын, диалогті оқыту, білім алу, білім беру осы бағытта жұмыс жасауым негіз болды. Қоғамдық білім негіздері пәні ауызша, ауыз екі сөйлеу арқылы сабақта жүзеге асатын болғандықтан сабақтарымда «Диалог арқылы оқу» әдісін кеңінен қолдандым.

Бірінші сабақта диалог құра отырып оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау мақсатында қоғамдық орындарда кездесетін әдептілік пен әдепсіздік тақырыбында диалог құрдым. Балаларға диалогты байланыстыра отырып, киноның үзіндісін көрсеттім. Бірінші топқа автобус аялдамасында автобусқа мінген атаға жас баланың орын бергенін, ақсақалдың ризалығына бөленгенін көрсетім. Екінші топқа саябақтағы жастардың әдепсіздігін көрсетім. Үшінші топтағы Айым, Азиза, Эльмира мәдениет үйінде кино көруге келген оқушылардың әдепсіз қылығын көрсетті. Өздерінің кинодағы ролдерін көріп қызықтап отырды. Сайран отырған топ көшеде екі тәртіпсіз баланың екі тәрбиелі баламен кездесіп қалғандағы іс – әрекеттерін айтып берді бірақ та, тіл байлығы жетпегендіктен Аида көмек берді. Осы жеті модульді қолдана отырып, топпен жұмыс жасау балаларға да, өзіме де ұнады.











«Төлдер айтысының» ертеңгілігі


hello_html_m28d46f6f.jpg

Сабақтың тақырыбын жұмбақ арқылы ашу кезеңі


hello_html_m51a9fcde.jpg

Үй жануарларын топтастыру кезеңі


hello_html_m677f061d.jpg


«Төлдер айтысын» сахналаудан үзінді


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров97
Номер материала ДБ-294360
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх