Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / ЭССЕ на тему "Түркістан – екі дүние есігі ғой"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

ЭССЕ на тему "Түркістан – екі дүние есігі ғой"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Түркістан – екі дүние есігі ғой
Сабақтың мақсаты:
 
Білімділік: Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Түркістан, ондағы орта ғасырларда салынып, біздің заманымызға жеткен тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Ахмед Иасауи кесенесі, оның салыну тарихы жайлы мағлұматтар беру
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін айтып жеткізе білуге үйрету, рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – мәдениет ескеткіштерін қадірлеп, қастерлей білуге үйрету, имандылыққа тәрбиелеу, отанды сүюге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бүктеме, Қазақстанның саяси картасы, ән «Ғасыр әлдиі», бейнефильм «Түркістан»
Сабақтың түрі: Драмалық - композициялық сабақ
Сабақ өту әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, көрініс, қосымша деректермен жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды орындарына жайғастыру
ә) үй тапсырмасын сұрау
Арыстан баб кесенесінің ерекшелігі қандай? Ол қай ғасырда салынған еді? Кесене қай жерде орналасқан?
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары арқылы еске түсіре отырып, жаңа сабақты бастаймын.
2. Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
1. Ежелгі қала Тркістанның географиялық орны, тарихы жайлы
2. Тарихи мәдениет ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмед Иасауи кесенесі
3. Ахмед Иасауи – ақын, ісләм дінін таратушы және оның әулие атануы
4. Әмір Темірдің көрегендігі
5. Көрініс: «Әмір Темірдің түсі»
6. Ахмед Иасауи кесенесінің салынуы жайлы
7. Түркістан кеше, бүгін, ертең
Ең алдымен оқушыларды үш топқа бөліп, алдын - ала тапсырмалар беріліп, зерттеу нысаналары белгіленді.
I - топқа: Ежелгі қала Түркістанның географиялық орны және тарихы жайлы
II - топқа: Мәдениет ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмед Иасауи кесенесі жайлы; Ахмед Иасауи – ақын, ісләм дінін таратушы және оның әулие атануы
III – топқа: Әмір Темірдің көрегендігі; Ахмед Иасауи кесенесінің салынуы жайлы; Түркістан кеше, бүгін және ертең қандай болмақ.
Осы жерде оқушыларға мынандай сұрақ қоямын:
Сұрақ: 1. Түркістан қандай қала, ол қай жерде орналасқан?
2.«Түркістан» деген сөздің мағанасы нені білдіреді?
Осы сұрақтардың көлемінде оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылардың жауабы тыңдалып болған соң Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі оқылады.
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
Осы жерде тағы да оқушыларға сұрақ беріледі.
Сұрақ: Тарихи – мәдениет ескерткіштері деген не? Оқушылардың жауабы тыңдалады. Содан кейін мұғалімнің өзі кесене жайлы өзі айтып өтеді.
Оқушыларға сұрақ:
1. «Мәдинеде – Мұхамед, Түркістанда Қожа Ахмед» деген сөз неден қалған?
2. Қожа Ахмед Иасауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармасы қандай еді?
3. Ахмед Иасауиге зәулім кесене салдырған Әмір Темір кім еді?

Оқушылардың жауабы тыңдалып болған соң, «Әмір Темірдің түсі» деген көрініс көрсетіледі.(үнтаспада баяу қобызда күй орындалып тұрады )
Көріністен соң оқушыларға мынандай сұрақтар беремін.
Сұрақтар:
1. Неліктен бірінші Арыстан баб кесенесі салынды?
2. Қазіргі кезде осы сәулет өнері ескерткіштерінің сақталып бізге жетуінің қандай маңызы бар?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді және басқа оқушылардың да пікірлері тыңдалып, мұғалім сабақты өзі қорытындылайды.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар түгел бағаланады.

Автор
Дата добавления 11.05.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров198
Номер материала ДБ-075292
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх