Инфоурок Школьному психологу СтатьиЭссе на тему "Я-психолог"

Эссе на тему "Я-психолог"

Скачать материал

Мен қандаймын

Алдымен соны білгін,

Өрт болса да жартысы өмірімнің

Өкініштен өрбіген қара өлеңді

Қырандардың қанаты деп ұғындым.

Не істемедім,

Көк шарлап самғап ұштым.

Өн бойыма бітсе де таңдағы ұшқын

Сүйем дедім сүйе алмай сан сүрініп,

Шырмауына түскенмін алданыштың.

Кей кездері сыр ашпас тұйық болдым,

Кей кездері жарысқан киік болдым.

Кей кездері уақытша болса дағы

Шынайы жүрегіммен сүйіп көрдім.

Тап-таза шындық!  Расында да мен сүйіп көрдім, іңгәләп дүние есігін аштым- өмірді сүйдім, әріп танып- білімді сүйдім,  сырлас таңдап- досымды сүйдім, жарымды тауып- жүрегімнің жартысын сүйдім, Ана атанып- бөбегімді сүйдім,  мамандық таңдап- кәсібімді сүйдім.  Менің жүрегім сүйіспеншілікке толы! Бұның бастауы- арманнан. Алдымен ойдың адамында ешқашан арман таусылмақ емес. Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан бастап сол арманның жетегінде жүреді, шегіне жетпейді, жетсе де жеткенін сезбейді. «Арманым жоқ»  дейтіндер қателеседі, я өтірік айтады. Адамның арманы болмаса- ертеңі болмағаны,  арманы бітсе- ертеңі бітеді, мақсаты түгесілгені. Менің де  қазіргі таңдағы бағдарымның, таңдауымның басты ұйытқысы- арман. Армандадым, жабырқап жүрген пенденің маңдайына тигізген алақаным арқылы жанымның бар жылуын дарытуды армандадым,  сөзіммен емдеуді, жүрегіндегі үрейге үміт отын үрлеуді, қиялына қанат қосып, мақсатына жетуіне  шыңдауды армандадым. Міне, осы армандарымның жетегіне еріп «Психология» атты үлкен әлемге аяқ бастым. Әрине,  психолог  болу оңайдың оңайы, жеңілдің жеңілі деп айта алмаймын, ол үшін төзімділік пен табандылық, жасап жатқан ісіне деген сенімділік және адам жанын ұғатын үлкен жүрек қажет. Психологты мен  ақ параққа теңеймін, парақ қандай таза болса психологтың жаны да сондай таза. Сол параққа күнделікті әртүрлі тағдырлар жазылады, ойлантады, толғантады. Сондықтан да психологтың жүгі ауыр.  Алайда мен психолог болғаныма еш өкінбеймін. Алдыма келген әр баланың жүрегіндегі мұңды, қорқынышты сейілтіп қуаныштың лебін ессем, өткінші  бала сезімдеріне жол тауып көрсетсем, отбасындағы кикілжіндердің кішкентай жүректеріне  тұнып қалмауы үшін арпалыссам, бойларына сенімділік, күш-қайрат, шынайылық сынды қасиеттерді дарытсам,  өмірдің жарқын жақтарына жол көрсетіп бағдаршам болсам- өзімнің психолог ретіндегі миссиямды адал орындап келе жатқандығым деп өз-өзіме баға берем. Дәрігерлер Гиппократ алдында ант етсе, мен Ар алдында ант еттім. Және де сол берген анттан еш секіріп кетпей, үміт отын маздатқалы келген жүректерге  от беріп, жабыққан жандарға пана болып келемін. Бұл менің өзімшілдігімнің көрсеткіші емес, бұл менің психолог ретіндегі, адам ретіндегі парызым деп білемін. Және солай ете бермекпін. Жүйрік жылдар екпініне ілестіріп кешегі мен бүгінгінің бәрін тарихқа айналдыруда. Ендеше, бүгінгі  бүлдіршін, жасөспірім ертең-ақ толысып, үлкен өмірден өз орнын тауып жатқанын көргенде менің де бір марқайып қаларым сөзсіз. Себебі оның жұдырықтай жүрегінде бір кездері мен тұтатқан бір от бар, мен үрлеген бір сәуле бар...

...Мен психологпын!

 

Айболатқызы Рауан

                                                        «№8 жалпы орта білім беретін мектеп»ММ      

                                                                                             педагог-психологі

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему "Я-психолог""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 398 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2016 729
    • DOCX 16 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айболаткызы Рауан Айболаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айболаткызы Рауан Айболаткызы
    Айболаткызы Рауан Айболаткызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5169
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Кризисная психология: актуальные вопросы и новые методы работы

Кризисный психолог

300/600 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 292 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 401 человек

Курс повышения квалификации

Современные методы арт-терапии: базовые техники

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 437 человек

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе