Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Эссе "Оқыту, оқу" мақала

Эссе "Оқыту, оқу" мақала


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_54556967.png


Уразбаева Ұлжан Джайбауовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

«Үмбетәлі атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік мекемесі

Оқыту! Жарату! Жеңу!


Қазіргі заманның қиындықтары мен кедергілеріне төтеп бере алатын, өзіне сыни көзбен қарай отырып, тәрбиелей алатын, білім және білікпен қаруланған жеке тұлғаны өз деңгейіне жеткізу мұғалімдердің қолында. Сондықтан осы мамандықты таңдап алған соң, өз ісіне беріліп, тәжірибесін шыңдап, басқа әріптестерден үйреніп, әдістемелік көмек алмасып отыруы керек. Баланың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін ұстаз өзі білімді, білікті болуы керек. Әрқашанда өзінің білімін толықтырып, нығайтып отыратын саналы ұстаздың шәкіртінің білімі әлемдік білім деңгейінің терезесіне тең келетін болады. Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған Кэмбридждік оқыту бағдарламасынан мол әдістемелік көмек алуға болатынына дәлелдер жеткілікті болды.

Мектептегі жұмыс кезеңінде оқушылармен арамызда бұрынғыдан да жақын достық, өзгені тыңдап, құрметтеуге деген көзқарастарымыздың жиі көріне бастағанын сездім. Ә, дегеннен бәрі жақсы болды деп айта алмаймын. Десе де, бірте-бірте келеңсіздіктерді жеңе бастадық. Оқушылардың да көп көмегі тиді. Сабаққа ең алдымен қызығушылықпен келетін болды. Екіншіден, басқа дереккөздерден көптеген мәліметтер жинап келіп, өзіндік іздену арқылы білімдерін толықтырып отырды. Әр сабақ сайын тың ойлар, идеялар туып, талқылау, талдау жиі орын алып отырды. Бұл мен үшін келесі сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді кіргізуіме ой салды. Шаттық шеңберін орнату оқушының көңіл-күйін көтерді. Бағалаудың түрлі критерийлері сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, оқушыны ынталандыра түсті. Сонымен бірге осы курстың өзге тыңдаушыларының атқарған жұмыстарын көре отырып, ой елегінен өткізіп, өзіме құнды деген мәліметтер, ақпараттар алдым. Келешекте тәжірибе жүзінде тиімді пайдалануға еңбектенемін.


Автор
Дата добавления 27.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров59
Номер материала ДБ-056457
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх