Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Эссе " Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың жолдары"

Эссе " Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың жолдары"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары.

Заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру саласында да өзгерістер болып жатыр. Балаларды жан-жақты дамытып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу- ұстаздар алдында тұрған басты міндет.Сондықтан да болар жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім-білік дағдыларын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Ағылшын тілі пәнін үйрету, оқытудағы басты мақсат-оқушыларды шет тілінде қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді азамат тәрбиелеу. Пәнді оқыта отырып , әр кластағы балалардың қарым-қабілетін, қабылдауын күнделікті сабақта байқаймын. Сабақ барысындағы оқу,жазу,аударуды әр оқушы әртүрлі қабылдайды. Жазу арқылы сөздік қор жиналады, оқушылар жүйелі ойлайды,ізденеді. Сабақтарда ережелерге мысал болатын сөйлемдер жазу,ауызекі диалог жаздыру,өз пікірлері мен көзқарастарын қағаз бетіне түсіру, достарына хат,мінездеме жаздыру жұмыстары жүреді. Бұл жұмыстар оқушылардың жазуына мүмкіндік туғызады. Оқушының жазған шағын мәтіні немесе әңгімесі үлкен шығармаға ұласады. Оқушы шығармашылығын арттыра отырып, «Демалыста», «Мектепте», «Менің ауылым», «Отаным», «Саяхатта» тақырыбында әңгімелер мен мәтіндер жаздырып отырамын.

Ағылшын тілі пәнін оқушыларға үйретуде жазу, тыңдау,сөйлеумен қатар оқу біліктілігі жүреді. Оқушы оқу арқылы кез келген мәтіннің мазмұнын түсінеді.Оны оқушының жас ерекшелігіне және білім деңгейіне сай аламыз. Мәтін оқу міндеттері: мағұлмат алу, түсіну, жоспар құру, мәтінге байланысты суреттер қолдану.Оқуға жаттықтырудың тиімді жолы- диалогпен оқыту.Оқыған мәтінің мазмұнын екі оқушы бір-біріне сұрақ қою арқылы мазмұндап айтқызу олардың сөздік қорын дамытады.Оқушы шығармашылығын шыңдау, оны биіктерден көру-ұстаз жұмысының бір парасы. Қабілетті көре отырып, оқушыны жетелеп, білім-білік дағдыларын одан әрі дамытып, олимпиадада өресін таныту – уақыт ұттырмас мәселе.Қабілетті оқушымен жұмыс істей отырып, шығарма жазу, өлең шығару , кроссворд құрастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беріп отырамын. Нәтижесінде оқушының сөз қоры көбейеді, танымы артады, ойын жүйелеп айтады және бірізділікке, шығармашылыққа,ізденімпаздыққа машықтанады.Сабақта тақырып мазмұнына сай ойын элементтерін пайдаланамын. Ойын, оқушының пәнге деген ынта-ықыласын арттырады, тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. 5 кластан бастап, ағылшын әліпбиін дұрыс меңгеруге,орфографияны дұрыс оқытуға,лексиканы меңгеруге, дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға, оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу,дұрыс айту дағдыларын қалыптастырады.Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын грамматиклық құрылымын, білуін жетілдіруге көмегі көп. Екі тілде жаттаған мақал-мәтелдер оқушының ой өрісін кеңейтеді. «Білім мен тәрбие егіз» десек білімді де санаулы ұрпақ тәрбиелеуде ойынның,әңгіменің,мақал-мәтелдің маңызы зор.

«Үш тұғырлы тіл үйрену» ұстанымын өз жұмысыма жоба етіп енгізе отырып бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелей бермекпін.




Автор
Дата добавления 26.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров76
Номер материала ДБ-054011
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх