Эссе по казахскому языку "Ыбырай балалар әдебиетінің майталманы"
Логотип Инфоурока

Получите 10₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Другое СтатьиЭссе по казахскому языку "Ыбырай балалар әдебиетінің майталманы"

Эссе по казахскому языку "Ыбырай балалар әдебиетінің майталманы"

Скачать материал

Эссе

«Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің майталманы»

«Ыбырай Алтынсарин атамыз қазақ балаларына арнап шығарма жазған тұңғыш қазақ жазушысы. Ол 1841 жылы Торғай жерінде дүниеге келген. Ы.Алтынсарин біздің жерлесіміз. Биыл атамыздың 180 жылдық мерей тойы. Ыбырай Балқожа бидің тәрбиесін көріп өседі. Ыбырай атамыз қазақ жастарын оқуға, халықты сауаттандыруға көп еңбек сіңірген ағартушы педагог. Ол «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығын жастарды оқуға, білімге шақырады. Ыбырай қазақ жастарының көзі ашық, білімді адам болуға мақсат-міндеттері – халқына пайдасын келтіруге, өнер білімді меңгеру арқылы мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп түсінді. Балаларға арнап «Бақша ағаштары», «Әке мен бала», «Асыл шөп» атты шығармаларын жазды.

Бұл туындылар ізгілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа жетелейді. Балаларды еңбекке баулуға арналған шығармалардың бірі «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш». Ыбырай атамыз сонымен қатар «Қыпшақ Сейітқұл», «Мейірімді бала» атты шығармаларында еңбекті қатты бағалап, тәрбиенің негізгі адал еңбек деп түсінеді.

Ыбырай балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай атамызды оқығаннан өлеңдерін, тыңдағаннан бастап, керемет күйге бөленіп, қайта-қайта тыңдай бергің келеді. «Әр заманның , өзіндік бір құрметті тұлғасы, қаһарманы болады,» -дейді. Алайда, Ыбырай Алтынсарин, қай кезде болмасын халықтың жүрегінен, тарихтан ойып тұрып өзінің өшпес орнын алады. Қазіргі еңбектеген кішкентай баладан, қартайған қарттарымызға дейін оның шығармашылық өмірін, өлең-жырларын дәріптеп келеміз. Себебі, ол жүректен-жүрекке, ауыздан- ауызға таралып жатқан  өмірдің ащы шындығы мен тәтті қызығы шығармаларында, көркем әдебиетінде көрсетіп,өсіп келе жатқан ұрпақтарға өшпес мұра етіп қалдырып кетті. Біз, ұстаздар атамыздың өлеңдерін шәкірттерімізге тек жаттатып қана қоймай, зор мақтанышпен, зор мәртебемен паш ете білуіміз керек. Тіпті дана сөздерін ұрпаққа үлгі етемін. Ол өзінің өмір жолында мәңгілікке ұмтылмас, өшпес  ізін қалдырған ұлы тұлға. Ыбырай атамыз мәңгілікке ұрпақтарының жүрегінде сақталатын ұмытылмас ҚАҺАРМАН!

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Пожаловаться на материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

также Вы можете выбрать тип материала:

Общая информация

Скачать материал

Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.