Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЭссе "Ұстаз туралы ойтолғау

Эссе "Ұстаз туралы ойтолғау

Скачать материал

                           

 

Ұстаз туралы ой толғау

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып , тәлім – тәрбие беру , жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта – ықыласты оятады.

Ұстаздық мамандық – мамандықтың ең асылы, ең қасиеттісі. Менің ұстаз мамандығын таңдауыма алғашқы қалам ұстатқан мұғалімім Сайраш Ахметбекова қатты әсер етті. Ол кісі маған бәрінен ақылды , бәрінен сұлу , бәрінен жақсы көрінетін. Кейін мен де сол кісінің жолын қуып , ұстаз мамандығын таңдадым. Бастауыш сынып пәнінің мұғалімімін. 7 рет 1 сыныптан қабылдап, 4 сыныпты бітіртіп шығарып салыппын. Бастауышты бітіртіп шығарып салғанда иықтан бір жүк түскендей болады. Ал қайтадан 1 сыныпты қабылдағанда үлкен жауапкершілікті сезініп, солармен бірге жасарып келгендей боламын. Олардың күлімдеген көздерін, кіршіксіз пәк жүздерін көргенде бойыма қан жүгіріп, жүрегіме нұр құйылғандай болады. Мен өз мамандығымды сүйемін. Әрбір ашық сабақ өткізген сайын күні бүгінге дейін өзімді жаңа ғана ұстаз болып келіп, жаңа сабақ өткізіп тұрғандай сезінемін. Мен үшін әрбір сабақ – үлкен жауапкершілік, үлкен абырой. Әрбір адам алған асуларын ұстаз еңбегінің жемісі , нәтижесі деп түсінулері керек деп ойлаймын. Еңбек еткеніме 30 жылдай уақыт болып қалыпты. Сан қилы асулардан өтіп, биік белестерге жеттім. Бірақ «болдым, жеттім» демеймін, өйткені тоқтап қалсам сүрініп кететін сияқтымын. «Маған жақсы ұстаз бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп ұлы ағартушы- педагог Ы. Алтынсарин айтқандай мектептің жүрегі үздіксіз соғып тұру керек.Мынау қайнаған заманда жаңа технологияларды қолданып, жаңаша еңбек ету – менің ұстанымым. Еңбегімнің бағасын ата-ана, жұртшылық береді. Солардың «Ләйла – жақсы мұғалім» деген сөзі, кеше ғана «Әліппемен қоштасудағы» бір оқушымның «мұғалім, ханшайым болып кетіпсіз» деген сөздері менің шаршағанымды , қартайғанымды ұмыттырғандай, риза болып қаламын. Бүгінгі таңда шәкірттерімнің бірі дәрігер, бірі мұғалім, бірі инженер дегендей әр салада қызмет етуде. Солардың жетістігін көріп бір марқайып қаламын. Еңбегім еш кетпеген екен ғой деп одан сайын құштарлана еңбек етіп келемін. Өскелең ұрпаққа білім бере отырып, ел ертеңін қолға алар ізбасарларды тәрбиелеудемін.Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ. Себебі, технологияның дамыған кезеңінде өмір сүріп жатқан жастарға алаңсыз білім алуға жан- жақты жағдай жасалған. Елбасының айырықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтауарқылы білім сапасын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.Осының барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде , күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген Серке Қожамқұловтың сөзінен ұстаз қауымына деген үлкен құрметтеушілікті байқаймыз. Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған ұстаз ғана өз еңбегінің жемісін көре алары сөзсіз дей келе , қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова апамыздың мына өлең жолдарымен өз ойымды аяқтағым келіп отыр:

«Ұстазсыз жанда сөнбек күн

Шәкіртсіз өмір – сусыз жер

Көрінбес ғажап еңбектің

Бейнетін көріп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын , жігер күт

Ұстазым, сенің әр күнің

Әр сәтің тұрған , бір ерлік»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Ұстаз туралы ойтолғау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 19070
    • DOCX 15.8 кбайт
    • 21 скачивание
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Узбаева Лайла Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Узбаева Лайла Амантаевна
    Узбаева Лайла Амантаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23059
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 198 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе