Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Эссе "Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Эссе "Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға"

библиотека
материалов

Мhello_html_m1de49bb6.gifұғалімнің өзі туралы эссе


«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

Әбу Насыр Әл- Фараби


«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым.Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те,ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?

Ұстаз-адамдықтың диқаншысы.Адам тәрбиелеудің ,жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны.Кіршіксіз,пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де,білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан,өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар.Ендеше ұстаз білімнің отын жағып,бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет.Ол жүректің батырлығын да,сезімнің ақылдылығын да,мінездің жайлылығын да ,білімнің байлығын да топтастырып,бір арнаға тоғыстыратын,бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салды.Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильян Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -деген екен.

Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне,іскерлігіне байланысты.

Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу-бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер,жаңаға жаны құмар,үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.

Тұла бойында тұлпардай тулаған дарынын қамшылай түсіп,жаңа шыңға көтерілем деген бала әркез өмірден өзінің шынайы орынын табатыны хақ.Әйтсе де тал бойына біткен талантын барлығы байқап,көрсете білмейтіні де бар.Тұтанайын деп тұрған жас шоқты үрлеп,лап еткізіп жандыратын жандар да кездеседі өмірде.Олар-өмірдің асуларынан асып,тұңғиығын сүзіп,адамгершілік пен намысты,мейірімділік пен адалдықты тең ұстаған жүректі жандар.Ол жандарды біз «ұстаз» -дейміз. Ұстаздарымыз болмысындағы бар қасиет,құрметін,өмірден санасына түйген байлығының барлығын оқушысына сыйлап, жүрегіне су сепсе де сөнбейтін алау жағады,шабытын шыңдайды.Шәкірттерінің келешегі жөнінде ойланып,олар дың қабілетті шәкірт болып,үлкен биіктерден көрінуін қалайды. Ата--ана,ұстаздар армандайтын шыңдарды бағындыру үшін аса зор қабілеттілік қажет екендігін өмір көрсетіп отыр.

hello_html_m87102a1.gifҰстаздарымыздың бар бақыты өзі тәрбиелеп,өзі білім беріп отырған оқушыларында екені рас.Кез-келген шәкірттің бойында адам сүйсінетін қасиет болады.Оны байқау үшін жіті бақылау мен асқан сезімталдық қажет.Өзгенің бақытын аялаумен,өз уақытын аямаумен ғұмырын өткізетін ұстаздар қауымына бүгінгі таңда жүктелер міндет аса салмақты.

Осындай ауыр жүкті арқалай жүріп,өзім Шаған ЖОББМ-де бастауыш сыныпта дәріс беремін.Ұстаздық еңбек жолыма 11 жыл. Он бір жылдың салқын күзі де,ыстық жазы да,қақаған аязы мен құлпырып өмірге де,өлкеге де нәр берген көктем айлары да осы шәкірттеріммен бірге өтіп жатыр.Жоғары сыныпта өте жақсыға оқып жүрген шәкірттерімді көргенде марқаямын, мақтанамын.

«Бұлақ көрсең, көзін аш»деген халық даналығы бар емес пе? Осы шәкірттерімді «Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік» атануға лайық ,білімге деген құштарлықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыруына жауапкершілікпен қарау -менің міндетім.Білім мен тәрбиені қатар бере отырып,осы шәкірттерімнің талаптарына нұр жауса екен деймін. «Өнерлі өрге жүзеді», «Талаптыға нұр жауар», «Өнерлінің өрісі кең» деген қанатты сөздермен қанаттандырып отырамын.Әлі де балапан қанаттары қатаймаған шәкірттерім талай байқауларға қатысып,талай бәйгенің жүгенін ұстайтындарына ұстаздық жүрегім күмән келтірмейді.

Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1844
Номер материала ДВ-561919
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх