Инфоурок Биология СтатьиЭссе: "Ұстаздық ұлы қызмет"

Эссе: "Ұстаздық ұлы қызмет"

Скачать материал

Ұстаздық ұлы қызмет

(эссе)

 

Мұғалім-мамандық болса, ұстаздық қызмет-табиғат дарытқан құдіретті қасиет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық сәуле, мұқалмас жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де-осы ұстаздық қасиет. Өмірден өз орнын тапқан шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса, асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының даму тарихындағы жасаған рухани, мәдени қазынасы, тәжірибесі, соның ішінде «көргенділік» деп аталатын адамгершілік, тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын тауып келеді. Қазіргі оқытудың мазмұны да, сипаты да, соған орай, амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін шыңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс- мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай, кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану-басты ұстанымым.

Ұлы ағартушы ғалым, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміз, қазақ мектептерінің бар келешегі, көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін» деген пікірі бүгінгі күнгі мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі.

 Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы». Өз ісіне шын берілген, мамандығының кәсіби шебері ғана «тентек» деген шәкірттің өзін өз пәніне қызықтыра алады. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу- сіз бен біздің үлесімізде. Осы орайда, сабаққа қабілеті орташа оқушыларыммен басқа бағытта жұмыстанып, пәніме тартқым келді. Сөйтіп, мектепте экологиялық тәрбие беру бағытында «Жас өскін» және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында «Денсаулық» топтарын құрдым. Бұл топтың қызметтерін биология пәнімен байланыстыруға тырыстым. Сабақтарымда тақырыптарға сай, топ құрамына тартқан оқушыларымның атқарған қызметтерін елеп, көп алдында кішкене ісі болса да, мадақтап отырдым. Осының арқасында оларға сенімділікпен қарап, жауапты жұмыстарды да жүктей алатын жағдайға жеттім. Олардың да пәнге деген қызығушылығы жаңа қырынан таныла бастады.

Ұстаз білім беру, тапсырма орындату, айтқанын тыңдату бағытындағы өзгермес ережелермен қатып қалмауы тиіс. Ол білім мен тәрбие бере жүріп, шәкірттің ең сенімді адамы болуы тиіс. Сондықтан сыныптағы әрбір оқушыммен тең дәрежеде сөйлесіп, өздерін еркін ұстауларына, ойын анық жеткізуіне ерекше көңіл бөлемін. Осы орайда тағы бір оқиға желісін өрбіткім келеді. 2012 жылы кабинетімде түстен кейінгі болатын сабағыма дайындалып отыр едім. Есікті тықылдатып, аяғын имене басып қара торы әйел кірді. Маған «Сіз Назгүл Бақтыгерейқызы боласыз ба?» деп сұраулы жүзбен қарады. Мен сабақ беретін оқушыларымның бірінің анасы шығар деп, басымды изеп жауап бердім. Алдыңғы партаға кеп отырған әйел, қалтасынан дәптердің бүктелген бір бет парағын шығарып, «Мынау қызымның хаты, кір жуайын деп жүріп, қалтасынан тауып алдым. Оқып шығыңызшы...» деп маған ұсынды. Хатты оқи отырып, қыздың жалғызсыраған жанайқайын естігендей болдым. Менің оқып болғанымды көрген қыздың анасы «Мен қызымның тілегімен келіп отырмын. Ол өтпелі жаста, айналадағы ортасымен, мұғалімдерімен тіл табысуы қиын боп жүр. Сіз қазір уақытша сабақ беріп жүр екенсіз, сабақ кезінде оған жылы сөйлеп, өзіңізге тартатын көрінесіз. Өзіңіз сабақ беретін сыныптардағы қыздармен тең дәрежеде, құрбыларындай сөйлесіп, араласады екенсіз. Соған қызығады, сізге жақын болғысы келеді. Сондықтан психологқа да, сынып жетекшісіне де бармай, сізден көмек сұрай келдім. Сізге келгенімді қызым білмейді...» деп сөзін аяқтады. Әңгіме желісін тыңдай отырып, көз алдыма қара торы, бұйығы, талдырмаш қыз бейнесі келді. Мен қыз анасының өтінішін аяқсыз қалдырмайтынымды айтып, хатты сұрап алып қалдым. Бөлмеде жалғыздан-жалғыз, ойланып, ұзааақ отырдым... Осы кезде тек мұғалім болудың аз екендігін, сонымен қатар, адам жан-дүниесінің арашашысы, рухани дем беруші жанашыры болудың да қажет екендігін түсіндім... Өзіме жауапкершілігі жоғары жүктің артылғанын сезініп, психологиялық әдебиеттерді, ғаламтор желісін ақтара жүріп, кешіктірмей үлкен дайындықпен қыздар жиналысы, сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткіздім. Азғантай уақытта сыныптағы қыздардың қарым-қатынасының реттелуіне көңіл бөліп, аталмыш қызды «Денсаулық» тобына тартып, өзіме жақын ұстадым. Бұл оқиға менің ұстаздық қызметімді тағы да жаңа бір қырынан тануыма мүмкіндік берді. Әр сабағыма кірген сайын, сабақ бастамас бұрын, алдымдағы оқушылардың көңіл-күйіне назарымды аудару-қазіргі менің әдетіме айналды...

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болу-менің басты мақсатым боп қала бермек!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе: "Ұстаздық ұлы қызмет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 3020
    • DOCX 19.3 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлепова Назгул Бактыгереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлепова Назгул Бактыгереевна
    Тлепова Назгул Бактыгереевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23294
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 395 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе