Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭссе, тема "Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі"

Эссе, тема "Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі"

Скачать материал

 Қ А З А Қ    Х А Л Қ Ы Н Ы Ң    М Ә Д Е Н И Е Т І ,

С А Л Т – Д Ә С Т Ү Р І .

 

       Мәдениет  дегеніміз – адамдардың  өмірі  мен  іс – әрекетін  ұйымдастыруы  және  материалдық ,  рухани  байлықты  жасауынан  көрінетін  қоғам мен  адамның  белгілі  бір  тарихи  даму  дәрежесі.    Материалдық   мәдениеттің  даму  дәрежесін  еңбек  құралы  байқатса ,  рухани  мәдениет  қоғамдағы  этностық ,  әлеуметтік  топтар  мен  жеке  адамдардың  рухани  өмірін ,  шығармашылық  үрдісін ,  адамдардың  бір-біріне ,  табиғатқа деген  қарым-қатынасын  қамтиды.  Дәстүр   әлеуметтік   нормалардың   жинақталған   түрі   болғандықтан ,  ол   әдет-ғұрып ,  салт-сана ,  жол-жоралғы ,  рәсім   сияқты  категорияларды   өз  ішіне   қамтиды.  Дәстүрлі  мәдениетті   дамытуда   қазақ   халқы   әлемдік   мәдениет   тарихында   өшпес   із   қалдырды  және   келешек   ұрпаққа   аманат   етіп   табыстады.    Ұлы   жазушы ,  ойшыл   М.  Әуезов   дәстүр  туралы   толғай   келіп:  «   Дәстүрді   тарихта   келе   жатқан   халықтың   эстетикалық   бейнелеу  нақыштары   мен   ұлттық   тіл   байлығы   арқылы    айқын   көруге   болады.    Халықтың   ұлттық  мінезі,   дамуы,       ұлттық    дәстүрлердің    белгілерінің    кейбірі    күннен  -   күнге    құри  бастайды.   Дәстүрлер    жаңаша   түрленіп ,  толысып   отырады.   Жаңа   дәстүрлер   туады.» -  деп  жазған   еді.   Сондай - ақ    « Дәстүрдің   озығы   бар,   тозығы   бар» ,   деген   еді   дана   халқымыз.   Әрбір   азамат   өз   халқының   салтын ,   дәстүрін,   әдет-ғұрпын,   тілі   мен   дінін  білуі   және   құрметтеуі   тиіс.   Біз   жас  ұрпақты   отбасында,   мектепте,   оқу   орындарында   мәдениет   пен  салт-   дәстүрін    халқымыздың   өткені  мен  болашағы    екендігін   бойына    сіңіре  беруіміз     керек.    Қай    халықтың    болмасын,    басқа   халыққа   ұқсамайтын   басты   белгілері  - ана  тілі   мен   әдебиеті,   салт-дәстүрі,   өнері   мен   мәдениеті.   Ұлттық    мемлекет   идеясы  ұлттық   дәстүрі   мен   салт- санасына,   әдет – ғұрпына   келіп   тіреледі.   Келешекте   өзіміздің  өткен   жолымызға,   ұстанып    келген    салт- дәстүрімізді    көз   алдымызға    келтіре    отырып,  ұлттық    сананың     өзі    әрбір    адамның     жеке    санасы     сияқты,    әр    ұлттың     өз   тіршілігін    өзінің    барар    жерін,    өз    алдына    мақсат    қоя    білуі    деп   түсінеміз.    Осыған  байланысты 

Ә.  Кекілбаев    айтқандай    «Дәстүр – әдеппен ,   әдет – ғұрыппен,    мың    жылдап  қалыптасқан    дағдымен     күресу    есуастық.    Бірақ    оларды     жаңаламай ,   жаңғыртпай    сол  қалпында     ұстануға    тырысу    өз    аяғыңды     өзің    тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар».    

            Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың     Қазақстан     халқына    

 « Қазақстан -2050»     стратегиясы:    « Қалыптасқан  мемлекеттің      жаңа    бағыты»      атты      Жолдауында:     Дәстүр     мен     мәдениет  - ұлттың   генетикалық     коды.     Патшалықтың     төңкеріс    дүмпуі    мен   басқа  да    ауыртпалық    пен   қиыншылықтарға    қарамастан     біздің    елімізде    тұрып    жатқан    қазақтар    мен    басқа да   ұлт   өкілдері    өздерінің    мәдени    ерекшеліктерін     сақтап    келді.   Қазақ    мәдениеті    мен  салт – дәстүрі    дүние    жүзі     халықтарының    мәдениеті    мен    салт – дәстүрінен    көп   алда  болып     келді.    Қазақ    еліне,    оның     салты     мен     дәстүріне ,    мәдениетіне    ХVІІІ ғасырда  атақты     ғалымдар    В.Жуковский,   Г. Потанин    халқымыздың     салт-дәстүрін ,    әдет – ғұрпын   аса    қызығушылықпен     жинап     жариялады.     Сондай- ақ 

А. С. Пушкиннің   «Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу»   жырын   жазып   алып   аудартуы   қазақ    халқының   салт-дәстүріне ,   мәдениетіне  құрметін   қызығушылығын    білдіреді.

        Қазақтың   мәдениеті   асқақтап,    салт -  дәстүрі    мен   әдет – ғұрпы   жалаулап   тұрған   кездерде  келін   күйеуімен   ажырасып,   төркініне   барып   отыратын   ұнамсыз   жағдайлар   болмаған. Егер   тұрмыс   құрған   әйелдің  күйеуі    қайтыс   болған   жағдайда   жыл   садақасынан   соң,  ауыл  ақсақалдары   келіннің   келісуімен   өзінің   қалаған   қайнағасы   немесе   қайнысына   қосатын  болған.  Әрине,   келіннің   төркініне   де   барып,   ата-анасының   келісімін   алатын   болған.  Осы  жерде   айта   кететін   жайт,   қазақ   халқы    « Жетімін  жылатпаған,  жесірін  қаңғытпаған».  Себебі,   жесір   қалған   келінді    және   одан   туған   баланы   алып   басқа   адам   мен   тұрмыс  құруына   рұқсат   беруді   біріншіден,  ар   көрсе,   екіншіден,   баласының   шаңырағын   құлатпай ,  өз   қамқорлықтарына   алып   отырған.   Қыздар    тәрбиесіндегі   салт-дәстүрлерге   тоқталатын  болсақ,    қазақта    аналар     қыздарының    тәрбиесімен    өздері    айналысқан.   «Қызға  қырық  үйден    тыйым»,    «Қыздың   жолы   жіңішке»    деген    астарлы    сөздердің    мағынасын   түсіндіріп    келген.    Қазақтың      қыздары    ер    адамдардың     және     жасы    үлкендердің   алдынан    кесе    көлденең     өтпеген.    Қазақ     қыздарының     парасаттылығы     мен    ақылдылығы,     мәдениеттілігі    туралы     аңыз    әңгіме    бар.   Ертеде    аталарымыз   7-8 жыл   ел   көрмей   жорықта   жүретін  болған.  Жорықтан    оралып   ел   шетіне   келіп,   бір   құдықтың   басына   аттарын   суару   үшін ат   басын   бұрады,   сол   жерде   бір    қыз   бала   сәлем   беріп,   ішіндегі    егде   тартқан   бір   кісінің  атының   тартпасын   босатып   ерекше    ілтипат   көрсетіпті.  Бұны    байқаған    жорықшылардың   бірі:   «Шырағым,   осынша  адамдардың  арасынан   не  үшін   мына   кісіге  ерекше  құрмет  көрсетуің   қалай?», - деп   сұрайды .  «Бұл   кісі  менің   нағашы   әкемнің  жалғыз   қызының   күйеуі   еді», - деп   жауап   беріпті  қыз.  Жолаушылар   жолға   түсіпті.   Жолда     келе   жатып:    «Жаңағы    баланы    таныдыңыз  ба?», - деп    сұраған     жолдастарына:   «Елден   кеткелі   жеті- сегіз  жыл  болды,   адамдар     өзгеріп  кетті ғой   тани  алмадым,   ауылға    жеткен соң   сұрастырып       білерміз», -  депті.   Ауыл   адамдары    қуанышты   кейіппен  қонақтарды     күтіп   алыпты.   Сол    арада   малын   суарып    болып ,   қыз   балада   үйге     келіпті.  Қызының   қонақтарға    сәлем   бермегеніне   ренжіген   анасы:    «Әкең   бастаған    ауыл   азаматтары   бірнеше   жыл   далада    жорықта       жүріп ,   елге   аман – есен   оралып    отыр,  неге  сәлем   бермейсің?», - деген     анасына:   «Мен   жаңа   судың    басында   көріп   амандасқан   едім», - деп      жауап   беріпті   қыз.  Анасы   мен  қызының    әңгімесін  естіген  әкесі  мен     оның   жолдастары    қыздың    ақылдылығына,   сабырлылығына ,    парасатына   қайран  болыпты.    Бұндай   ақылдылық   пен  сабырлылық      тек  қазақ   жастарында   болған.     

        Қазақ   жұртының    қазақ   болып , елге  айналуында ,  өркендеуінде      хан  -   сұлтандарымыз ,  батырларымыз   және  көсем   билеріміздің     ерекше  үлес  қосқанын  айту   егемен  елдікке  қол  жеткізу   арқасында    ғана  мүмкін   болды.                

Мұхаммед  (с. ғ.с)  пайғамбарымыз   былай  депті: « Ұлтты  үш   нәрсе    сақтап   қала   алады.   Біріншісі - тілі , екіншісі - діні , үшіншісі - салт – дәстүрі».   Бұл   үш  тұғыр  қазір  бізде  сақталған   және  халқымыз   өте     жоғары   деңгейде  қастерлеп  қадірлейді.

Қай  халықты алсақ  та,  қандай  ұлтты   танысақ та, олардың  ұлттық салт- дәстүрлері,  тілі,  діні  арқылы  білеміз. Сондықтан  да  өзім  өзге  ұлт өкілі  болсам да,  қазақтың  кең  байтақ жерінде тұрғаным үшін, Қазақстан азаматы екенім үшін мақтанамын. Қазақ пен қарақалпақ елінің  салт –дәстүрі мен  мәдениетін ажыратпай қатар ұстанамын. Себебі, ұстанымы, дәстүрі, діні бір. Қазіргі таңда қазақтың қара шаңырағына келін болып, аяулы жар, ардақты ана, асыл әже атанған жайым бар. Қазақ ұлтынан келін түсіріп, үлгілі ене болып отырмын. Қазақ мектебінің қабырғасында  қазақ балаларын  оқытып, тәрбиелеп, ұлттық мәдениетін жаңғыртып, құрметті ұстаздардың қатарындамын.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 003 485 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2017 15277
    • DOCX 35.1 кбайт
    • 58 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ержанова Лизахан Узакбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ержанова Лизахан Узакбаевна
    Ержанова Лизахан Узакбаевна
    • На сайте: 4 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21996
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой