Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыЭссе Возможности ИКТ в повышении качества

Эссе Возможности ИКТ в повышении качества

Скачать материал

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«№36 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Тақырыпқа эссе:

 

Қазақ тілін сапалы

үйретуде   ақпараттық

технологияның мүмкіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қазақ тілі мұғалімі

Нетбаева Жанна Қайдарқызы

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

2016 ж.

                  XXIғасырда ел білімін жетілдіруді

                                                жолға  қоя алмаған мемлекет  әуел бастан

құлауға құлдырап құлайды

                                              Н.Ә. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси  модернизациялау  жолында» атты елге жолдауында  білімді жетілдіру  жолдарын көрсетіпбілім сапасы деңгейінің  жоғарғы  болуына аса мән   берді. [5].   Бұл тоқталған мәселе  туралы ертеден  қозғалып келе жатқан датүрлі әдістәсілдер мен, технологиялық оқыту жолға қойылса да, әлі де білім сапасына  деген алаңдаушылық басым. Осы тақырыптағы  сұхбаттар  әр елде  жүргізілуде.

Білім алушыларға жүктелген ақпараттар  тасқыны шамадан  тыс көпжаттап алушылық, конспектрефератБұның бала денсаулығына, психикасына зиянын тигізетіні  анықБірнеше он жылдықтардан  кейін өмір нені, қалап, нені талап  ететінін қалай  анықтауға боладыНені оқыту және  қалай оқыту? [12].   

Алайда өз бетімен ойлап, жұмыс істеу  қашанда қажетті әрі маңызды екенінде сенімі мол. Л.С. Выготский «Ешкімді және ештеңені үйретуге болмайды, айналып келгенде  оқушы  өзі оқиды» деп жазған екенОсы  бір сөзге тоқтала отырыпменің ойымша білім  сапасын көтеруді анықтаудың жолы да осында дегім  келеді. Ол үшін оқушының өз бетімен білім алудағы ұйымдастыру әдістәсілдерін ойластырып,   үйренуші мен ұстаздар қажеттіліктерін  қамтамасыз етіплайықты орта  туғызу ләзім [6].

          Қазіргі таңда  оқыту үрдісінде  түрлі педагогикалық  технологияларды  енгізуге баса назар аударылуда. Сабақта компьютерді  пайдалану арқылы  оқытудың  түрлі әдістәсілдері енгізіліп, жандандырылудаКомпьютерді  сабақтың барлық  бөлімінде пайдалануға болады, алайда ұстаздың өз міндеті  сақталуы керек.   Бақылаукорректировка жасауда, сабақ  функциясын бағалауда  компьютер  белгілі ықпал жасайды, компьютерді пайдалану, өз бетімен жұмыс  істеу дағдысын дамытуды  жеделдетеді [10]. Компьютерді  пайдалану үстінде  жекелей мінездердің қалыптасыпмәселен  әрекет етубасқаның ойына сын көзбен қарау, секілді  досына қажетті жағдайда көмектесуге әзір болусекілді қасиеттердің  ұжымдық жұмыс жасау  кезінде пайда болатынын ұмыстпағанымыз жөн болар [1].

          Ал тілдік тәрбие мәселесіне  тоқталар болсақҚазақстан Республикасында  соңғы он жылдықта  тілді оқытудың әлеуметтікмәдени жолы  біраз өзгердіМектептерде оқыту жолдарыеңбек жолында  маңыздылығы артса, оны үйренудің  тікелей қажеттілігі  туралы түсінік қалыптастыСауалнама сұрақтарына жауап берген 6 – сынып  оқушылары «қазақ тілін үйрену ұнайды мадеген сауалға 86% (пайызыұнайды деп жауап бергенӘрі қарай  үйренуді  жалғасырамыз деушілердің  пайызы да  осындай  86 % [7].

          Сонымен қатар   Мемлекеттік тілді үйрену  мен қызмет ету аясы  туралы  бағдарламаның  шешімі  меніңше әлі алда.

          Тілді үйренуші  шәкірттеріміз қаншама алтын  уақыттарын жаңа сөздер мен грамматиканы  жаттауға жібереді. Ал мектепті бітірген  түлектеріміз  ауызекі  тілдесуге дәрменсіз болып шығады.

          Мен 64 мың ғана халқы бар Венеция еліне  қызыға қараймын, мұнда  әлемдік қатарыстағы  тілдермен сөйлесетін жылына 11 миллион түрлестер келеді екенВенецияның кез келген баласы өзінің  төл тілі италиян тілінен басқа  екі - үш тілде  еркін сөйлесе аладыМіне, бұл нағыз тілді оқыту  үрдісінің  көрінісі. Мен тілді оқу емессол тілде сөйлеу керек  деген ойға сенімдімін. Бала сөйлегенге дейін атаанасы  қазақ немесе орыс тіліндегі сөздіктерді қолына бермейді ғой.

          Менің педагог ретіндегі  басты мақсатым  өзгенің  тілін өзіңдікіндей көру арқылы  үйрету. Мен тілді  үйренуге  бейімділігі  жоқ деген сөзге  өз басым сенбеймін. Қазіргі кезде коммуникативтік  технологияны  екінші тілді үйренуге  пайдаланып жүрМақсат тілдік қарымқатынас арқылы  үйрету. Ал жылдан  жылға қазақ тілін пайдалану  аясының кеңейуі оны  шәкірттердің  тереңдете  жетік игеріп, тілдік қарымқатынасқа  түсінуіндегі дағдының қалыптасуына  зор ықпал етуде [8].

          Қазақ тілін сөйлеп үйренуде  басты мақсатымызға  жеткізер дағды, іскерлік бен бейімділік  екенін еске ұстаптөмендегі келтірген негізгі  ерекшеліктерге аса  мән беруіміз қажет.

-         Қалыпты жағдайда  шектелген мөлшерде  ауызша түсіне алуға;

-         Көру және есту арқылы шағынәрі жеңіл мәтінді  түсіне білу керек. Бұл дағды  мен іскерлік  екінші  тілді игеруге аса маңызды болғаныменмақсатымызға жету үшін  бұл аздық етедіСонымен қоса тілді  меңгерудегі қажеттілік ұлт ерекшелігін, оның жоғарғы сыныптар мен ортаңғы сыныптардың мәдениеті мен өнерін, тарихын біліп, түсінуге  жетелейді.

Жалпы алғанда  компетенциялық қорды таратуда, ұлттық деңгейде  еркін қазақша сөйлесу, мемлекеттік тіл ретінде  ұлт  аралық қатынас құралы болса, онда шәкірттердің сол тілде сөйлеуіне әсері мол болар еді.

     Менің қазақ тілін берудегі  істәжірибемде байқағаным оқушылардың  тілдік параметрлерге қарағанда лексикалық сөйлеу қоры  әлдеқайда  бай екенін көрсетті. Бұл жалпы Қазақстан Республикасында  орыс тілді  тұрғындарға тән ерекшелік  екені байқалады. Балалар  жалпы ауыз екі тілдің мазмұнының 40 – 50 % пайызын  қабылдаптүсінеді. Алайда  өз ойларын толықнақты жеткізе алмайды. Сондықтан, оқушылардың тілдік қарымқатынас  жасауын жетілдіру үшін, арнайы ортаны  қалыптастыру  мәселесі  туындайды. Тілді  үйренуде тілдік  ортаның маңызы мен әсері  туралы өз еңбектерінде  Л.П. Федеренко, В.П. НигорадзеА.А. Жегловалар да қарастырады.

     Біздің мақсатымыз  қазақ тілін ауыз екі тілде  белсенді  қолдана білу болғандықтан, ұстаз жұмысының мақсаты да  балалардың  үйренуге деген қызығушылығын тудырып, сабақта түрлі  қызықты әңгімелесу түрлерін енгізу арқылы саналы әрі  арнайы үйренушілерге көмек беру, бағыт беру болып табыладыМенің ойымша тілдік ортаны  тудыруактульды әрі күрделі, алайда шешімін табуға  болатын жағдай. Тілдік ортаны туғызу туралы  ғалымдар оны екіге бөліп қарасырады. Біріншісін табиғи  орта, екіншісін жасанды, арнайы туғызу арқылы дейдіОсынау тілдік ортаны туғызу  мен оқыту үшін технологияларын қарастырып, осының негізінде педагогикалық  жағдайға сай әдістәсілдерге жүгінуіме мәжбүр болдым.  

     Менің ойымша  қазақ тілі сабағында  тілдік ортаны   қалыптастыру үшін ақпараттық технологияны  пайдалануымыз  абзал деп білемінСебебі бұл технологияны  пайдалану  сабақтың өтілу барысын өзгертедіҰйымдастыруда  дәстүрлі емес. Әрі саналы білім алуға әсері  мол. Бұл технологияның артықшылықтығы да сонда; «оқушы 10 % оқығаннан есте сақтап қалады, 20 % естігенінен, 30 % көргендерінен, 50 % көріп әрі естігендерінен, 70 % өзара талдаудан соң, 80 % жеке өз тәжірибесіненжәне 95 % өз беттерімен үйреніп оқығандарынан оқушы  есіне сақтап қалады» (Джонсон) [11]. Міне, осы  сөйлеудің  ерекшеліктері  ақпараттық технология  негізінде жүзеге асады. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйретудің  басты міндеті қарапайым сөйлеу дағдысын, белгілі бір сөздік  қорын меңгеру болса, оған арнайы мынадай жаттығу  түрлерін пайдалану керек деп ойлаймын.

1)    Сұрақ – жауап диалог.

Үйренушінің жұмысындағы басты түйін, оның компьютердегі  сауалға нақты жауаптарды,  тілдік материалдар мен схемаларды  пайдалану негізінде беруі;

2)    Диалог  таңдап алынған  жауаптар арқылы компьютердегі  сауалға жауап беруші өз қалауы бойынша  ұсынып отырған нұсқаның біреуін таңдап алады.

3)    Диалог еркін жауапқа  құрылған.  Мұндай диалог берілген сауалдардың барлығына жауаптар  беріліп, әзірленген нұсқалармен  қамтамасыз етіледі.  Бұл жауап берушінің өз жауабын дұрыс бергенін түсініп  бағалауына өте маңызды.

4)    Бос тұрған орынды толтыруға арналған  жаттығу. Компьютер  үйренушілерге мәтін немесе  сөйлемдер  ұсынады. Орыс тілінде  берілген сөзді  аударып,  қажетті формада қолдануы керек.

5)    Сөздікті меңгеруіне байланысты өзін - өзі тексеру  жаттығулары. Жаттығудың мынандай нұсқалары болуы мүмкін.

А) Компьютер 2 тілдегі сөздердің тізімін береді.  Жұптарын екі тілде  табуды ұсынады.

В) Компьютер  қазақ тілінде 2 тізім ұсынып оның  антонимдік және синонимдік  жұптарын табуды  нұсқайды.

Г) Компьютер қазақ тіліндегі  2 сөздер тізімін ұсынып,  оларды мазмұны сәйкес сөздермен  жұптастыруды талап етеді.

6)    Мұндай «Түзету» атты компьютерлік бағдарлама  алғашқы  тапсырманы  дұрыс орындамай, екінші  тапсырманы шығармайды. Компьютерді пайдалануда лексикалық бірліктер  ерекше орын алып,  оқушылардың  сөздік қорын  молайту – психологиялық ерекшелігімізді  үйреніп, түсінігі қалыптасады. Балаларға бұл сәтте  дауысты түсіндірудің  қажеттілігі шамалы. Керісінше  сөздік жұмысын  өз бетімен орындау кезінде алда  тұрған  ақпараттарды  түсінемін деген   қуаныш сезімі басым болады.  Бұл таңдап алынған лексикалық материалдар 

-         Мазмұны  күнделікті  өмірімізді  айқындайтын диалог

-         Үйренуге арналған комплексті жаттығулар

-         «Әдемі (сауатты) сөйлеймін» рубрикасында жүзеге асырылады.

Сонымен қоса тілдік ортаны  қалыптастыруда  грамматикалық материалдарды жүйелі түрде  беруіміздің  өзі, «бір мезетте 4 кодпен; сурет, есептілік,  символикалық, тілдік» болып жүзеге асуы тиіс. (О. Лисейчиков, М. Чошанов). Бұл оқушылардың білімді  игеруде грамматиканы  түсінуде тиімді, еске сақтап және тез қабылдауына әсері мол, себебі граммaтиканы игерудегі қиындықтар жойылып,  білім жүйеленеді. Осылайша белсенді түрдегі тілдік  іскерлік оқушының қазақ тілі сабағында тілдік  ортада өзінің сөйлеу  деңгейін көтеруге, үйренген  тілін қалыптастырудағы сан түрлі көрсеткіштерге  жетуге мүмкіндік алады [9].

     Ақпараттық технология әдісі бойынша  аралық сараптау жұмысын  жүргізгенде  төмендегідей өзгешеліктердің пайда болғанын айқындадым.

-         Коммуникативтік дағдысы нашар, өзіндік бағалауы төмен оқушылар іскерлігінің  өскендігі:

-         Балалар  тәртібінің жақсы жаққа қарай өзгергендігі

-         Еркін қарым – қатынас пен сабақтағы бір – бірін құрметтеу арқасында  ұстаз бен оқушы арасындағы байланыстың жақсарғандығын.

-         Оқушылар тілді игеруде неғұрлым өздерін еркін  ұстап, сабақта  сабырлы әрі белсенді қатысуы. Өткен материалды бірнеше қайтара қарастыру орын алған. 

-         Балалар белгілі бір алған білімін көрсетіп қана еркін жеткізуге, қажет болған жағдайда  дәлелдеп шығуға әзір.

Ақпараттық технология әдісінің негізгі ерекшелігі топтық жұмыс істеуде әр оқушы  оқулық тапсырмасын жекелей, өз бетімен орындауына жағдай туғызады [2].

     Ақпараттық технология әдісін пайдалану арқылы педагог шынайы немесе нақты  түрде  диагностика  жасауына қажетті. Оқушының  білім деңгейін , оқудағы  оның іскерлігін, ол қалай оқи алатыны, оқуына не түрткі болатынын  және білімге деген ой  деңгейін  анықтауға арналған   ақпаратты ала алады [4].

     Ал ең  бастысы өмірге қатысы бар көп  мәдениетті қоғамда.

1) Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде сөйлеу;   

2) Жаңа ақпараттық  және коммуникативтік  технологияны пайдалану компетенциясы қалыптасады.

А. Эйнштейн «білім  дегеніміз сол не жайында  оқытқаны ұмытылып, соңынан есте қалғаны» деген екен. Осыдан шығар басты жол ол оқушы  болсын, сан түрлі фактілерге толтыру емес, білім негізін  салу сол арқылы  жаңа біліммен іс тәжірибе қалыптастыру болып  табылмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланылған Әдебиеттер ТІЗІМІ:

 

 

1.А.А.Воловник /Танысыңдар, ақпараттық  технологиялар/-2002 ж.-352 б.

2.И.Г.Захарова /Білім берудегі  ақпараттық  технологиялар»-2003 ж.

3.Р.Н.Ивановский / Ғылым  және  білімдегі компьютерлік  технологиялар, қолдану жүйесінің  практикасы/.

4.Д.Ш.Матрос,Д.М.Полев,Н.Н.Мельникова. / Білім  беру  мониторингі және жаңа  ақпараттық  технологиялар  негізіндегі білім  берудің сапалы  басқармасы./.-2001 ж.

5. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев /Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси  модернизациялау  жолында/ атты елге жолдауында  

6.Г.К.Селевко / Ақпараттық – коммуникатив негізіндегі педагогикалық технологиялар/-2005 ж./Серия /Білім технологиялар  энциклопедиясы»./

7.А.И.Севрук, Е.А.Юнина / Мектепте  оқыту сапасының  мониторнигі /-2004 ж.

8.Турбекова С. / Дайындық  сыныптарындағы оқушыларды  дыбыстауға  үйрету үшін компьютерлік программаларды  қолдану/ Әдіскер мұғалім-2004.-№4.-б.29-30.

9.И.Н.Фалина / Қазіргі педагогикалық  технологиялар және информатиканы  оқытудағы жеке  әдістер /.,  Бірінші  қыркүйек ,2001,10 қазан.

10.С.Н.Щеглова /Информатизацияға  мұғалімдердің бейімділігі/., Мектеп  технологиялары.-2005.-№1.-б.207-216.

11. Журнал /Ашық мектеп/ -2005 ж.№3-б.10.;№8-б.40;

12. Журнал /Завуч/-2005 ж.№7-б.6-8

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе Возможности ИКТ в повышении качества"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 809 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 532
    • DOCX 83.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нетбаева Жанна Кайдаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нетбаева Жанна Кайдаровна
    Нетбаева Жанна Кайдаровна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18016
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 391 человек из 74 регионов

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 15 регионов