Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / (Эссе) ("Өз мамандығыма көзқарасым")
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

(Эссе) ("Өз мамандығыма көзқарасым")

библиотека
материалов

Менің мамандығым тәрбиеші. Өз мамандығыма көзқарасым


Әр адам өз өмірінің ұстазы

( Шығыс даналығы)


«Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.» А. Құнанбаев


        «Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып  қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді.

Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету өз нәтижесін береді. Қазіргі  қоғам  жан-жақты  үйлесімді  жетілген  жаңа  ұрпақты – жаңа  адамды  тәрбиелеуді  талап  етеді.  Қоғам  талабы – заман  талабы. Өйткені «Әр  адам – өз заманының  баласы».  Сол  себепті  адамды  заман  билейді,  заманына  сай  заңы  туындайды.

Бала  тәрбиесіндегі  негізгі  де  маңызды  роль  ата-аналарда.  Ата-ана  отбасында  өздерінің күнделікті  жұмысы,  тындырған  ісі  туралы  бала-шағасының  алдында  айтып, әңгіме-дүкен  құрады. Бірте – бірте  балалары  да  өз  жаңалықтарын  ортаға  салып, айта  бастайды. Осылайша  жанұя  мүшелерімен  сенімі, сүйіспеншілігі, достық  қатынастары  нығая  түседі.  «Жанұяға  қарап  бала  өседі, қарағайға  қарап  тал  өседі»  деп  тегін  айтылмаған  болса  керек.  Ата-ана  баламен  тілдесуде, пікірлесуде  бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен  жеке  басын  қорғамай,  мейірімді, табиғи, жылы, ақылды  сөздер  айтып  өнеге  бола  білсе, тәрбиеде  табысқа  жетеді. Өйткені  «Жақсы  сөз  жан  семіртеді». Кейбір  ата-аналар  өте  қатал, айтқанын  орындатады. Мұндайда  бала  қорыққаннан  уақытша  тыңдайды.  Бірақ  ата-анасының  уысынан  шыққаннан  соң,  өзін-өзі  ұстай  алмайтын  жағдайға  жетуі  мүмкін. Сондықтан  тәрбиеші ата-ана  ескермеген  тәрбиенің  тиімді  сәттерін пайдалану  қажет.

Ата-анамен, отбасымен тығыз байланысты болудың ең негізгі жолы балабақшада өткізілетін әртүрлі мерекелер, іс-шаралар мен жиналыстар, сайыс, ашық есік күндерін ұйымдастырып, ата-аналарды шақырып, ата-аналарды тек көрермен ретінде ғана қарастырып қоймай, балалармен бірге әртүрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатыстырып отыру керек. Ата-аналар  мүмкіндігінше  балаларды  үйде  қараусыз  қалдырмауға, немен  шұғылданатынын,  күнделікті  балабақшада не үйренгенін    біліп  отырулары  қажет.

Балабақша мен   ата-аналар  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізсе, балаларға  тиісті  көңіл  бөле  білсе,  олармен  санаса  білсе,  келешектің  шын  жанашыры,  елдің  арқа  сүйер  азаматтары  тәрбиеленіп  шығары  сөзсіз.

Балалар  тәрбиесіне,  келер ұрпақ  тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән  берілген  ғой. Өйткені  бала – біздің  болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен балабақшаның тығыз байланысуы міндетті.

Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, отбасы -ошақ қасынан басталады.Себебі халқымыздың киелі сөзі бар.Ұяда не көрсең ,ұшқанда сонны ілесің дейді. Себебі бүгінгі жас ұрпақ ертең Отанын сүйетін патриот болуы тиіс.

Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыз-дың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде.

Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – балабақшаның міндеті » деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек балабақшаға ғана аударып қоймай, ата-ана өз тарапынан да қадағалау керек.

Еліміздің  егемендігін  алып,  тәуелсіздік  туы  биікке  көтерілген  қазіргі  кезеңде   балаларды  қоғамның  лайықты  ізбасары  етіп  дайындап ,  тәрбиелеп  шығару   үшін  балабақшада ғана емес,көптеген қоғамдық орындарда да мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар жасалынып жатыр.   Оқу,  тәрбие  жұмыстарын  көбейтіп,  ұлттық  ұлағаттылыққа   баулып  отыруымыз  қажет.

Қазіргі заман  талабына  сай  оқу-тәрбие  жұмысының  түрлері,  өткізу  іс-шаралары  үнемі  өзгеріп, жаңарып, дамып  отыр. Сондықтан балабақшаның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан.

Осы тұрғыдан алғанда балабақша – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы.  Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады.

Баланы  тәрбиелеуде  бір  ғана  отбасының  алатын  орны  ерекше  деп  қорытынды  шығаруға  болмайды.

Балабақшаның ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты балабақша тәрбиешісі қамтамасыз етеді.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі заманда ең басты мәселе – бала тәрбиесі.

Мысалы, бала балабақшаға   келген  кезінде  тіл  алғыш, жүрегі  таза, сезімі  пәк болып, өсе,  не  жоғарғы  буынға  келгенде  өзгеріп  сала  береді. Сол  кезде  мына  бала  қандай  еді, қалай  өзгеріп  кетті, мынадай жаман  әдеттерді  қайдан  үйреніп  ала  қойды, неге  озбырлық  жасауға  бейім  болып алды  деген  сұрақтар  мазалайды. Әрине, оның  себептерін  жан-жақты  іздеуге  болады. Бала  тәрбиесіне  ата-анасы  мен  жүрген  ортасының ықпалы зор. Баланың  қалыптасуына  ықпал  етіп, дамуына  үлес  қосатын  тәрбиешінің есте  ұстар  жағдайлары  аз емес. Солардың  ішінде  ең негізгісі – балаға  деген  жүрек  жылуы. Ол қашан  да  қажет  және  ешқашан артық  болмайды.

Қазіргі  жағдайда  тәрбиенің  жалпы  негізі  адамгершілік  құндылықтар  болуы керек.  Адамгершілік  құндылықтар  үлкен  мен  кішінің  арасындағы  шынайы  қарым-қатынас  кезінде  бала  бойына  дариды.

Балабақшада жақсы тәрбиеленген, саналы  тәрбие алған бала   өмірде  өз орнын  табады. Ол  үшін  ең  әуелі  ұрпағымызды  бала  кезінен-ақ  ұлттық  тәлім-тәрбиеге, адамгершілік  әдетке,  рухани,  мәдениетке  баулу  керек.  Сонда  жас  ұрпақ елі үшін  елең  қағар  азамат,  имандылық  қасиеттерді  жақсы  білетін  азамат  болып  қалыптасады.

Менің ойымша әрбір жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек.

Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген тәрбиеші ғана мейірбан жеке тұлғаның қалыптасуына көмек көрсетуге қабілетті.  Жемісті тәрбиенің сыры –балаға құрметпен қарауда.







Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров725
Номер материала ДВ-217282
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх