Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Эссе "Өз тәжірибемдегі өзгерістер"

Эссе "Өз тәжірибемдегі өзгерістер"


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Өз тәжірибеміздегі өзгерістер туралы рефлективтік есеп

Менің атым Керімбекова Жазира. Мен Алматы қаласының №130 Гимназияда ағылшын тілі пән мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Жалпы педагогикалық тәжірибем 7 жыл. Мен 4,5,6 орыс сыныптарында сабақ беремін. Біз мемлекеттік стандарты бойынша Аяпованың оқулығы бойынша сабақ жүргіземіз. Бірақ ата-аналардың сұранысы бойынша Аяпованың әдістеме құралынан тыс, шет елінің методикасын қолданамыз. Мысалға 4 сыныптарда “Way Ahead”, 5-6 сыныптарда “Opportunity” оқулықтары бойынша оқимыз. Бұл әдістемелерде балаларға арналған түрлі ойындар, үйлесімді суреттер, қызықты жаттығулар, ребустар және т.б тапсырмалар берілген. 5-6 сыныптарда арналған оқулықтарында өзгеше жоғары деңгейдегі жаттығулар, балаларға ұнайтыны аудио құралдар. Негізінде шет елінің оқулықтарында практикалық үрдіске көп көңіл бөледі. Осы курсқа дейін мен мынадай әдістерді қолданатынмын.

  1. Оқушылардың біліктілігін тексеру үшін оқу кезіндегі білімін тексеру

  2. Оқушылардың өзіндік даму үрдісін өзгерту

  3. Үй тапсырмасын тексеріп, грамматикалық қателерді тексеру

  4. Аудирование жасап, баланың сөйлеу қабілетін дамыту

  5. Өзіндік білімін дамыту үшін рефераттар, кроссворд, ребус жұмыстарын жүргізу

Сабаққа барардың алдында, күнделікті интернеттен, газет-журналдардан сабақты түрлендірудің жолдарын іздейтінмін. Осы сұрақтарды негізгі ала отырып, ата-ана не дейді, оқушы нені қалайды, әріптестерімнің көзқарастары қандай, – деп оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, ғылыми әдістемелік журнал беттерін парақтадым. Сауалнама нәтижелері мен әріптес пікірлері мына проблемаларды тізбектеді:

-          ағылшын тілі сабағы қызықты болса;

-          сабақ үстінде оқушылар еркін сөйлесе;

-          жаңа лексиканы есте сақтаудың жеңіл сақталудың жолдары табылып, оқушылар күнделікті сабақ үстінде танысқан сөздерін жадтарында сақтаса;

Осы проблеманы өзге мамандардың қалай шешетінін білу мақсатында олардың еңбектеріне көз жүгіртім. «Мектептегі шет тілі» атты республикалық әдістемелік журналдың № 3 2010 жылғы санында өзі ісінің шебер педагогтары: «жақсы оқытудың, нәтижелі тәрбие берудің кілті мұғалімнің қолында»   деген  тоқтамға келе мына міндеттерді жүктейді:



-          45 минуттық сабақ уақытында оқушы зейінін сабаққа аудару;

-          Оқушыларды сабақ кезінде шаршатпай, керісінше белсенді араластыра отырып қызығушылығын арттыру;

-          Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі көрнекі құралдарды пайдалану; Мысалы: интерактивті тақта, проектор, ноутбук, планшеттер, аудио және электронды кітаптар, телефондар, видео фото жабдықтар. Сол уақытта менің тәжірибемде өзгеріс болды.

Сәуір айынан бастап мен Талдықорған қаласына “Педагогикалық шеберлік орталығы” курсына келдім. Курсқа келуіме байланысты, менің өз-тәжірибеме деген көзқарасым мүлдем өзгерді. Бұл курста мен жаңа білім мен жаңа технологиялар туралы білім алдым. Мұнда әр мектекптерден келген өз әріптестерімізбен таныстық. Әрқайсысымыз өз пікірлерімізбен, тәжірибелерімізбен, идеяларымызбен бөлістік. Бәріміз бір кісідей ат салысып, әр түрлі ситуациялардан шығуды үйрендік. Маған өте ұнағаны әр түрлі, тіпті танымайтын әріптестерімізбен де осынша уақыт ішінде бір сыныптың балаларындай жұмыс жасап, бір-бірімізге үйренісіп кеттік. Әрине сыныптағы ахуал мұғалімге байланысты демекші, бізде де Гульшат Бейсенбековна атты тренеріміздің біліктіліктерінің арқасында сынып ахуалы айтарлықтай керемет болды десем артық айтқаным емес деп санаймын.

Ал енді жалпы курс бағдарламасына келетін болсам. Мұнда біз кеңінен мазмұндалған жеті модуль бойынша білімімізді толықтырдық дер едім. Айтар болсақ; білімберу мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшелігіне сікес білім беру және оқу. Білім беруді басқару және көшбасшылық. Әріптестерімізбен тәжірибе алмаса отырып, оқи отырып білімімізді жетілдіруге тырысып бақтық. Бұл бағдарламаның ерекшелігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын мүлдем өзгертеді екен. Бұл жаңа тәсілдер сабақта мұғалімдерді ғана емес, оқушыны да білім беруші ретінде қабылдауға үйретеді. Бұрын мұғалім оқушының алған ақпаратының көлемін білумен шектелетін де, көбіне оны шәкірттің жеке өз көзқарасы қызықтырмайтын. Міне, оқушылардың толыққанды ойлауға және сөйлеуге оқып-үйрене алмауының сыры осында еді. Демек мұғалім балаға білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойын, қабілетін дамытуды, оқи алуға керек екенін ұйғардым. Сабақта мұғалім талқылауға берген белгілі бір қолайлы проблеманы, оқушылар шеше отырып, өз логикасын жетілдіріп, әр түрлі идеялар арқылы анализ жасауды үйренеді.



Ал оқушылар осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді таңдау, құрметтеу, өз пікірлерін ашық білдіруді талап ету қажет

Тек сонда ғана олар:

  • Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

  • Бұл проблемаға қандай себеп болды?

  • Сол проблеманы шешетін қандай амалдары мен жолдары бар?

  • Осы мазмұнын алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

  • Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті және қандай әсер қалдырды? – деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Курста алған біліміме сәйкес мен “Оқушылардың топпен жұмыс жасауға қызығушылықтарын арттыру” мәселесін қарастыра бастадым. Бұл мәселеге көңіл аударған себебім қазіргі оқушылардың білімі бола отырып, топ арасында сол білімді көрсете алмайтыны және пікір таласта бір-бірінің пікірін тыңдамайтыны менің көңілімді аудартты. Қазіргі оқушылар мысалға көбінесе сабақты өздері дайын материалдарға шектеліп, өз мүмкіндіктерін пайдаланбай ой-өрісін әрі қарай дамытпайды. Бұл мәселе өкінішке орай қазіргі мектеп орындарының ең басты проблемасы. Қазіргі таңдағы оқушылар сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданғанда, соңғы технологияларды қолданғанды ұнатады. Менің ойымша қазіргі жаңа технологияларды сабақта қолданғанда, оқушылардың қызығушылы мен назарын аударады. IT технологиялар сабақта қолданылғанда қазіргі оқушылардың сұранысына сай болып, мұғалім сабақта наватор және инструктор ретінде қабылданады. Оқушылар топ арасында жұмыс істегенде ең бастысы олар сабақ барысында бір-бірін тыңдап, пікір алмасып, ой бөлісіп, жақынырақ жақындасып, коллективік сезімі мен қарым-қатынасы жақсарады.

Келешегіміздің жалғасы  жас ұрпаққа елбасы айтқан үш тілді білуі керектігін ата-анаға да, оқушыға да түсіндіруіміз керек  деп ойлаймын. Тілдің қажеттілігін оларда жақсы түсінуде. Ағылшын тілін үйренуге деген құлшыныс, сұраныс ата-ана тарапынан да, оқушы тарапынан да түсіп жатады. Соңғы  жылдары мектеп бітіруші түлектердің бірыңғай тестілеу кезіндегі бесінші таңдалатын пәнінің қатарында ағылшын тілі де жоқ емес.

Ендігі мәселе осы сұранысты арттыру үшін  көптеген жұмыстар атқаруы керек. Жең түріп жұмысқа кіріспес бұрын «неден бастау алу қажет?»,  «қалай жұмыстану керек?» деген сауалдарға назар аударғанымыз жөн.

Қазіргі жаңа үлгідегі сабақ бір проблеманы бақылаудан және шешуден басталады. Ұстаз берген бір тақырып әр түрлі топтағы балаларға алуан түрлі ойлар және идеялар туындатады, оған себеп болатын топтағы психологиялық ахуалға байланысты. Бір топтар сабақ барысында белсенді болса, екіншісі белсенділігін танытпай қызығушылығы сабаққа оянбайды. Әр мұғалім сабақ барысында бұл проблеманы шешудің жолдарын қарастырады. Мысалға:

  1. Топтағы психологиялық мінез-құлқын бақылап, әр оқушыға талабына сай тапсырма беру.

  2. Берген тапсырма бойынша оқушының өз деңгейіне сәйкес «Мен» деген қасиетін жандырту.

  3. Өз бойындағы қасиеті мен құндылығын, білімін таныта отырып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік беру.

  4. Әр оқушы сабақ барысында сыни тұрғыда ойлауға талпыну керек.

  5. Жаңа оқушы IT технологияларды пайдалана білуі қажет.

  6. Сабақтағы алған білімін мүмкіндігінше толықтыру үшін, ғаламтордағы мәліметті пайдалану және негізгі мәліметтерді ерекше бөліп, сыни тұрғыда қарастыру қажет.

  7. Оқушы сынды дұрыс қабылдау керек екенін өзі түсіне отырып, өзін-өзі реттеу қабілетін арттыру.

Мінеки, осы шараларды үнемі ескеріп жүруіміз керек.

Курстағы алған мәлімет пен ақпарат мен үшін үлкен әсер қалдырды және де мен өзімнің өткізіп жатқан сабағыма басқа сырттай көзқараспен қарадым. Бұл курс маған жаңа технологияларды мен жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге, оқушылардың психологиялық мінездерін сыни тұрғыда зерттеуге мүмкіндік берді.

Мамыр айында өткізген сабақтарым жоғарғы деңгейде болмаса да, маған оқушылармен тіл табысуды, пікір алмасуды, топтық жұмыс барысында оқушылардың ой пікірін тануыма зор себебін тигізді. Құдай амандығын беріп жатса, осы курсты бітірген соң, өз білімімді жетілдіру, әрі қарай әрі қарай осы жаңа тәсілдер бойынша ізденісті жалғастыра беру және де өз мектебімде оқушылармен жаңа үрдіспен сабақтарды өткзізу. Жаңа сабақ үлгілеріне сай оқушы мен мұғалімнің байланысы үзілмей, одан әрі жоғары өрбіп, оқушы мен мұғалім авторитарлық қатынастан қашықтап, бір-бірімен әріптес ретінде қарым-қатынас жасау барлығымыз үшін үйлесім табады. Осы алған білім нәрінен болашақта өз еңбек жолымда жемісін көрем деп сенемін.
















Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров307
Номер материала ДВ-317449
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх