Инфоурок Директору, завучу КонспектыЭссе "\Заман талабына сай әдістеме жетекші қандай болу керек?"

Эссе "\Заман талабына сай әдістеме жетекші қандай болу керек?"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ эссе А.Ж.Б. Microsoft Office Word.docx

№ 1 Егіндікөл орта мектебіБастауыш сынып әдістеме жетекшісі 
Абишева Жанат БалтабаевнаЭссе 
Тақырыбы: "Заман талабына сай
 әдістеме жетекші 
қандай болу керек?"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013- 2014 оқу жылы                                                         

 

 

 

 

 

 

 

Білім ордасы – мектеп, мектептің жаны – мұғалім.
 Мұғалім – қоғам айнасы.

Мұғалімнің кәсіби міндетін көтеру — өмір талабы.

«Мектеп — әлеуметтік 
мәселенің ең өзектісі»
Н.Ә. Назарбаев.

 

      Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек. Рухани жан – дүниесі бай, халқын сүйген ата – баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.

     XXI  ғасыр білімділер ғасыры. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің, қоғамныңмэкономикалық саяси мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік жағдайға көтерілетін, парасатты денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Сондықтан мұғалімнің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі талабы таудай, жеке тұлғаны  іздеп табу, оны өсіру. Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі бюолып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп  мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне еңгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.  Олай болса бастауыш сынып мұғалімдерін топқа бөліп жұмыс жүргізу керек. Атап кетсек: ізденіс тобы, озат тәжірибе. Әдістеме жетекші ретінде мен алдыма мынандай проблема қойдым және соған қол жеткіземіндеген ниеттемін.

Проблема: оқушылардың таным белсенділігін, білімге деген  кәсіби бағдар бағытында көтеру, имандылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: оқушылардың ой – өрісін дамыта отырып, қазіргі өмір талабына сай білім негіздерін беру.

Міндеті: 1.Оқу – тәрбие үрдісін ізгілендіру.

2.Ұжымды ғылыми ізденіске бағыттау, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау, педагогикалық ынтымақтастықты нығайту.

3.  Білім мазмұны мен оқытудың әдіс – тәсілдерін жаңарту арқылы, білім сапасын арттыру.

4. Белгіленген сыныптарда эксперименттік  жұмыстарды жүргізу және оның нәтижелерін қортындылау. 

Осы орайда мұғалімдерге әдістемелік бөлім көмек көрсетеді.  Барлық жұмыстар әдістемелік жетекшінің басшылығымен өтеді. Осындай ізгі істерді жүзеге асыру үшін әр оқу жылының басында жоспар құрылып, айлықтарға бөліп, әр айда бірлестік отырысының өтілетін күні мен тақырыбы белгіленеді. Бірлестік отырысында қай мұғалім қандай тақырыпта баяндама оқитыны ескертіледі. Ай сайын сыныптарда бақылау, тест жұмыстарын алу. Әдістемелік күндерді өткізу.  Мұғалімдер арасында пікірталастар өткізу.

  Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе–білім беру,
ғылымды дамыту.Осы орайда білім ордасы–мектеп,ал мектептің
жаны – мұғалім екені баршаға мәлім.

                  А.Байтұрсыновтың « Мұғалім қандай болса,мектепте сондай болмақшы». Яғни,мұғалім білімді болса,ол мектептен балалар көбірек білім алып
шықпақшы.Солай болған соң,ең әуелі мектепке керегі – білімді,педагогика әдістемеден хабардар,жақсы оқыта білетін мұғалім» делінген.
Ұстаз адам тағдыры,болашақ ел тағдыры үшін жауапты. Ол өсіп,дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Жас ұрпақты бүгінгі күн жаңалығынан сырт қалдырмай ізденіске ұмтылдырыпрып,заман талабына сай жаңа білім,жаңа тәрбие беру керек. Ұйымдастырушы әдістеме жетекші.  Сондықтан,әдістеме жетекшісі сөзімен,ісімен,мәдениетімен,білікті білімімен,ұйымдастырушылық қабілетімен,мұғалімдермен  тіл табысудағы қасиетімен өз кәсібін қадірлеу қажет. Осы қасиеттері арқылы жетекші  педагогикалық үрдісте әрбір оқу- тәрбие мәселесін шешуде жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапасы – педагогикалық әдебі мен мәртебесін биік ұстануды қажет етеді. Осындай ұстаздар тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытатын – ғылымы мен білімі дамыған  десек,
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мектеп — әлеуметтік мәселенің ең өзектісі» деп Үкімет пен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайының өзі жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігін арттырып,мұғалім кәсібі мен

педагогикалық әдебінің әлеуметтік маңызының зор екенін дәлелдейді. 
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке адамды қалыптастыру және оның жан-
жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттерді шешу үшін  жеке адамның дамуы қалай жағдайлар ықпал ететінін білу қажет. Бұл дамуды қамтамасыз ету үшін  әдістеме жетекші мен мұғалім, мұғалім мен оқушы,оқушы мен оқушы арасында ынтымақтастық,достық қарым-қатынас орнату – басты мақсат. Ешкім де басшы, жеткші ,педагог болып тумайды, педагог болып  қалыптасады.Ол үшін оның бойында психологиялық-  педагогикалық білім,шеберлікпен шектесетін ептілік,ерекше  ұстаздық мінез-құлық,ойлау қабілеті болуы керек.
  Заман талабына сай жетекші  – үйретуші болумен қатар,үнемі үйренуші де болуы, бағыт – бағдар беруші, көмекші болуы тиіс. Адамның  жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,адамгершілік тәрбие беру керек.
Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы,зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік  педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие.Нәтижесінде жалғыздық,қараусыз қалғандық, қажетсіздік,қорғансыздық сезімдері пайда болады.
      Мектеп жасөспірім тұлғасының дамуы үшін,оған жағымды сапалары мен жағымды әлеуметтік тәжірибесін үйренуге,оған ұқсауға тырысатын үлкендермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бере алады.
Өзінің ішкі әлеміне жақсы көретін,құрметтейтін адамдарының құндылықтары мен ұстанымдарын,нормаларын енгізген жасөспірім еліктеу арқылы өзінің қандай болғысы келетіндігі жөніндегі идеалын қалыптастырады. Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адамдармен қарым-қатынас жасау – жасөспірімге мінез-құлқына қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді.
     Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адам – ол,бірінші кезекте,ұстаз болуы керек! 
   Мұғалім–мектептің жаны, мұғалімнің кәсіптік мәдениеті-мектеп міндеттерін шешудегі басты шарт. Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеюде, ойшыл,зерттеуші, жаттандылықтан аулақ,практикалық қызметте шебер,іскер мұғалімді қажет етеді.
Қазіргі заман,қоғам, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерген, кез келген мұғалімді жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Сондықтан, мұғалім жан-жақты,әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар болғанда ғана үлкен беделге ие бола алады. Мұғалім жеке көзқарасы бар,соны қорғай алатын, ойшылдық қасиеті бар маман болуымен қатар,ұлттық құндылықтарды,яғни этнопедагогика,этнопсихология негіздерін меңгеруі қажет,әлемдік білімге сай,мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.
  Ұстазға сенім артып, көмекші қалпында қарау жетекшінің басты мақсаты.
«Ұстазы жақсының,ұстанымы жақсы»демекші барлық адами құндылықтарды ұстаз тәрбиесінен алады,сондықтан мұғалімнің оқушы тәрбиесіндегі ролі маңызды мәселе.
Ең алдымен бала жүрегіне жол таба білу үшін балалық жүрек,балалық тіл керек.Бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла,әдіс-тәсілмен де,балаға деген жүрек сезімі – махаббатпен де табуға болады. 
Бұл- шәкірттерімен қарым-қатынаста таптырмайтын құрал. Жылы – жылы сөйлесең жібімейтін жүрек жоқ,тек соған апарар жолды таңдай білуі керек.
Әрбір мұғалімнің өзіндік «тактикасы» болуы заңды. Бала тәрбиесінде қатып қалған заң жоқ. Болуы да мүмкін емес. Ал, біз оқып- біліп жүрген психологиялық,педагогикалық заңдылықтар дегеніміз – тек негізгі бағыт қана. Сол бағытты бетке ұстап,әрбір мұғалім ұстанымы арқылы әр баланың көңіл кілтін табуы тиіс. Екіншіден, шынайы ұстаз болу үшін өз пәнін,өз мамандығын жақсы игерген біліктілік керек. Бірақ,кей ұстаздар өз пәнін жақсы игерсе де сабақтары сәтсіз шығып жататыны сөзсіз. Неге ?
Бірдеңе жетпей тұрады … Ол Не ? Ол – тәжірибенің аздығы,ниеттің жоқтығы. Мәселе,мұғалімнің қанша жыл жұмыс жасағанында емес,өз білгенін балаға жеткізе білуінде. Жеткізе алмау – қабілетсіздік емес,тәжірибесіздік,яғни өзін-өзі қалыптастыруға ұмтылмауында. Осы сәтте бала сабақ үстінде сөйлейді, қозғалады.Қызықсыз сабақ кесірінен қақтығыс туындайды.Ол қақтығыстан шыға білу педагогикалық әдептілікті талап етеді.Дәл осы жерде мұғалім қақтығысты өзінің кәсіби кемшілігінен туындағанын біліп,сөйлеген балаға ақырып-жекірмей,сабақ мазмұнын,әдісін өзгертіп балаға ықпал жасау арқылы жағдаяттан шықса – үлкен шеберлік дер едім.

Осындай келеңсіз жайттардың болуына жол бермеу жетекшіден үлкен жұмысты күтеді. Жетекші қандай болса, оның бірлестігіндегі мұғалімдер де сол бағытта жұмыс жасайды. Өз білгенімді бірлестігімдегі мұғалімдермен бөлісуге шаршамаймын да шалдықпаймын да. Озық тәжірибе алмасамын. Өз мұғалімдеріммен ғана емес, өзімнің айналамдығы барша мұғалімдермен бөліссем деген ойдамын.
ХХІ ғасыр – ақпараттық-қоғам дәуірі,айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына,кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны,мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс бастамалары мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде ғана баға беру немесе пән мұғалімі ретін қабылдау олқылық көрсетеді.
Мұғалім – қоғам айнасы. Бүгінгі ұстаз кім ? 
Ол – ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері !Мұғалім – оқытушы, мұғалім– ұстаз,мұғалім – оқулық авторы,мұғалім – технолог, мұғалім – жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Мұғалімнің кәсіби міндетін көтеру — өмір талабы. 
Мұғалімнің әлеуметтік беделі және кәсіби мәртебесін көтеру қажеттілігін алдымен білі және ғылым қызметкерлерінің ІІ республикалық съезінде еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын.
Бүгінгі білім беру саласындағы көкейтесті мәселенің бірі – біліктілікті арттыру.Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі:біріншіден,мұғалімнің өмірге көзқарасы; екіншіден,пәнді жетік білуі,оны оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіру,моральдық нормаларды білу; үшіншіден,оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Осы мақсатта жалпы білім беретін № 1 Егіндікөл  орта мектебі үнемі ізденіс жолында. Мектеп ұстаздарының кәсіптік біліктілігін жетілдіру жұмыстары жолға қойылып, педагогикалық-психологиялық мәселелер бойынша кәсіптік мәні бар шаралар өтіп,мұғалімдердің өз бетінше меңгеруі міндеттелініп отыр. Мұғалімдерге әдістемелік ақыл-кеңес беріліп,өзгерістерге сай шығармашылық,жаңашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Осыған орай мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында мектепте «Жаңашыл мұғалімдер» шығармашылық топтары құрылды. Бұл топта шығармашылықпен жұмыс жасайтын, 3 айлық курсты тәмамдап келген, мол  тәжірибе жинақтап келген, жаңа технологияны толық меңгеретін,  ұстаздар жинақталған. Топтың өзекті мәселесі – жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Мұғалімдерге жан-жақты терең білім беру,жаңа технологияны тиімді пайдалану,зерделі де зейінді шәкірт даярлау талабы қойылды. Әр мұғалімнің қояр мақсаты:оқытудан күтілетін нәтижелерді алдын ала жоспарлау,
мұғалім мен мен оқушы,оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық,достық қарым-қатынас орнату,өз бетімен білім алуға,оқулықпен және басқа да оқу әдебиеттерімен жұмыс істей білуге,алған білімін күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларға қолдана білуге баулу. Әр педагог бойында психологиялық-педагогикалық білім,шеберлікпен шектесетін ептілік,яғни ұстаздық мінез-құлық,ойлау қабілеті болу керек білеміз.Шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын ұйымдастыру бағыттары төмендегіше топталды:

1.     Кәсіби сапалық тұрғыда дамыту ұстанымдары.

2.     Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының ұстаным-бағытын қалыптастыру.

3.     Білімдік ғылымдарды оқытудың педагогикалық ұстанымы.

Осы жұмысты іске асыру мақсатында «Жаңашылдар сөйлейді» атты ашық сабақтар мен пікірталастар  өткізілді. Жаңа технологияларды пайдаланып жүрген ұстаздар өз тәжірибелерін ортаға салды. нология пәнінің мұғалімі А.И.Исатаев «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту» , Тарих пәнінің мұғалімі «Пәндік логикалық тест жүйесі», бастауыш сынып мұғалімі Ә.Б. Кубашева «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы сын тұрғысынан ойлау» Бастауыш сынып бірлестігінен де 2 мұғалім осындай мақсатта сабақтар өткізіп, тәжірибе алмасты.
 Белгілі педагог К.Ушинский: 
«Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де тоқтайды» - деген. Сондықтан ұстаз – шәкірт – ұстаз болуы қажет. Белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,мұғалімнің мәдениет мен шеберлігін,интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.

1.     Мұғалімнің сыртқы  келбетінің мәдениеті.

2.     Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.

3.     Мұғалімнің кәсіби мәдениеті,әдебі,сөйлеу шеберлігі,шешендік қасиеті,дем алуы,дауыс ырғағы,сазы.

4.     Ілтипаттылығы,сенімі,әділдігі,төзіммен сабыр сақтауы.

Ұлы Абай «Кісіге біліміне қарай – болыстық қыл» деген екен,олай болса, мұғалім өз беделін асқақ ұстаудағы педагогикалық тосын жайлардың психологиялық астары мен педагогикалық тәлім – тәрбиеге қайшы келер тәлімнің алдын ала білуі тиіс.

 

Қорыта келгенде қазіргі заманның әдістеме жетекшісі қандай болу керек?

1.     Құжаттарды оқу, талқылау;

2.     Жетекшілік көмек көрсету, тәжірибе беру;

3.     Сабақ беруді , тәрбие шараларын ұйымдастыру;

4.     Өзара сабаққа қатысу, жеке көмек көрсету;

5.     Тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру және тәжірибесі аз мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;

6.     Озық тәжірибе тарату мақсатында практикалық жұмыстар жүргізу;

7.     Апталықтарды ұйымдастыру және өткізуге ықпал жасау;

8.     Сынып сайыстары мен олимпиадалар, түрлі интелектуалдық жарыстарға қатысуға ықпал жасау;

9.     Әдістемелік журналдарға жазылу, мақалалар басып шығару, талдау;

10. Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру, мұғалімдерді тарту;

11. Дөңгелек үстелдер, пікірталастар, конференция сабақтар, педагогикалық оқулар, әңгімелер, іскерлік ойындар, сабақтар өткізуге басшылық жасау, бағыт беру;

Негізінен  әр істің басында жетекші  тұрмай ма ...... Ендеше өзімді әдістеме жетекші қалпында осы алдыма қойған мақсат пен міндеттерім алға жетелейтініне кәміл сенемін. Өзімнің бірлестігімдегі мұғалімдер де барынша ұрпақ тәрбиесіне зор сеніммен қарайтын адал, білімді, білікті, өз істерінің шеберлері деп айта аламын.  Ешкім жетекші болып жаратылмайды. Оның өзіне мол тәжірибе, адал еңбек, жақсы ұстаз керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.  
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  
Ұстаз болу – адамның асылдығы.


   Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.   Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. 
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!   Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді..Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн  деп ойлаймын. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет. Жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.  Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу . Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.   
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. 
Шаршаса да осы жолдың бойында, 
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жаңа ғасырдың жаңа мақсаттарының тағы бірі- қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамды жасау. Сондықтан білім беру саласында қызмет ететін әр қызметкер, әсіресе, мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс істей білуі керек. Қазіргі таңда кәсіби білімді мұғалім қоғам талаптарына сай болуы үшін өзінің білімін үнемі жетілдіру, мінез- құлқын психологиялық жағынан тәрбиелеу, шығармашылық даму шараларын жүзеге асыра білген жөн.  Шығармашылық жұмыспен айналысқан, өз қанатыңның астында тәрбие көріп, қара қанаттанған балауса қанатымен самғай білген шәкіртің білім кеңістігі мен шығармашылық биіктерден көріне білсе, еңбегіңнің еш кетпегені десе болады. Айтылған ойдың түйіні ретінде өзімнің мұғалімдік, әдістемелік жетекші  міндетімді атқару барысындағы ұстанымым:

 «Ұлт болашағы- білімді шәкірт қолында. Шәкірттің білімді болуы- ұстаз қолында», «Білікті маман – заман талабы» деген сөздермен  аяқтағанды жөн көрдім.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "\Заман талабына сай әдістеме жетекші қандай болу керек?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 398 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2015 3614
    • RAR 36.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Жанат Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Жанат Балтабаевна
    Абишева Жанат Балтабаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66065
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Основы организации общественного питания

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Курс повышения квалификации

Основы музыкальной журналистики

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Убой сельскохозяйственных животных для дальнейшей переработки мяса: основные процессы и технологии

180 ч.

2490 руб. 1490 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек