Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / ЭССЕ. «Заманауи әлемдегі педагог»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

ЭССЕ. «Заманауи әлемдегі педагог»

библиотека
материалов

«Заманауи әлемдегі педагог»

Макажанова Динара Тлеуовна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Приозерск қаласының №2МББК» КММ

Приозерск қаласы

Қарағанды облысы

Әр адам өмір бойына болдым, толдым демей, үйренумен, ізденумен болады. Мұғалімдік жол өте қиын. Әр жыл сайын мұғалім заманына сай өзгеріп, ізденіп отыруы қажет. Себебі, адам өмір бойы үйренеді.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы-қазіргі біз білім беріп тәрбиелеп отырған ұрпақтың қалай оқып білім алуы мен тәрбиеленуіне тікелей байланысты. Оқушыны жан-жақты білімді, Отан сүйгіштікке, бәсекеге қабілетті көшбасшы ретінде қалыптастыруға күш салу оларды оқытушы педагогтар қауымының басты міндеті болып табылады.

Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тәсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын Білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, яғни оқушыға дайын білім бермей,оны дамыта оқытып,ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген.

Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі мұғалім бағыт беруші, оқушы-ізденуші. Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдері қажет. Бұл бағдарламада қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы берілген:

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
4.Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Осы курсты ойдағыдай аяқтап, алдыма мақсат қойып, жеті модульді ықпалдастыра отырып, жаңа бағытпен, жаңа әдіс-тәсілмен жұмыс жасаудамын. Бұл бағдарламаны оқып-үйреніп, оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Сабағымыз күнделікті әдемі әуенмен, бір-біріне деген жылы тілекпен, көтеріңкі көңіл-күймен басталады. Осы кезде оқушыларымның бойынан еркіндік,өз-өзіне сенімділік байқадым. Әрине бұл сезімдер сабаққа тікелей әсер етеді. Сондықтан оқушылар үшін және мен үшін ынтымақтастық атмосфера қалыптастырып, мәдени-эстетикалық жағдай жасау біздің міндетіміз болып табылды. Ынтымақтастық атмосфераны сабағымыздың тақырыбына байланысты әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Осы кезде байқағаным, оқушыларым сабаққа асыға келетін болды. Өйткені күнделікті олардың көкейінде «Ертең бізді қандай тосын сый күтіп тұр?» деген сұрақ болады. Ынтымақтастық орнату мақсатында «Жақсы тілек», «Әсем күлкі,ақ тілек», «Жүректен жүрекке», «Жылы алақан», «Сен маған,мен саған»т.б. әдіс-тәсілдер ұйымдастырамын.Сондай-ақ, оқушылардың арасында өзара достық, сыйластық қарым-қатынастың болуына да назар аударамын.

Сабақты топқа бөліп өткіземін. Топтық жұмыс, бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Оқушыларды сабақтың тақырыбына байланысты әртүрлі тәсілмен топқа бөлемін.Топ арасында дау-дамай шықса үнемі бір-бірін топ ережесімен реттеп отырады. Топтық жұмыстың алғашқы кезінде білім деңгейі орташа оқушыны білімі жоғары оқушы қатыстырмаған.Олардың пікірін тыңдамаған. Ал қазіргі кезде ондай келіспеушілік жағдай бәсеңдеп келеді. Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, сыйлап, бірге жұмыс жасап үйренді. Сабақ соңында топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйді байқадым.

Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Бұл оқыту тәсілі оқушыны өзіндік баға беруге , өзін-өзі бағалауға, сенімді болуға үйретеді. Себебі, бала алдымен өзіне-өзі баға беріп үйренуі керек. Бағалаудың бұл түрі оқушыларға өте ұнады. Жаңашылдық оқушылар өздерін критерийлер бойынша бағалайды сол арқылы мұғалім баланың түсінгенін анықтай алады. Бұл тәсілдің тиімдісі – оқушы не үшін және қалай оқу керектігін біледі. Олар не үшін оқу керектігін түсінді.Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып бағдаршамға жапсырады. Сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, рефлексия жаздырып отырдым. Сол рефлексия бойынша оқушылар қысқаша өзінің ойын жазып отырды.Мұнан түйгенім, жаңа бағдарлама стратегияларының оқушыларыма әсері болды.

Қорыта келе, бұл әдіс-тәсілдің ұтымды жағы оқушы ізденеді, талпынады, сыни тұрғыдан ойлана алады. Үнсіз қалған оқушының «Оқушы үні» шығады. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға,ойлануға мүмкінді жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Барлық ұстаздар қауымына сәттілік тілей отырып, өз шәкірттеріңіздің жетістігіне жете беріңіздер дегім келеді.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-310423

Похожие материалы