Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Эссе "Заманауи әлемдегі педагог"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Эссе "Заманауи әлемдегі педагог"

библиотека
материалов

ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ПЕДАГОГ


Тлегенова Анара Жанатбековна

23ЖББОМ КММ

математика пәнінің мұғалімі


Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы - мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты, жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше.

Мектепке алғаш қадам басқан сәтімде қолымнан жетектеп, алғашқы партаға отырғызған ұстазым мәңгі көз алдымда күні кеше болған сияқты қалып қойды. Ол кезде ұстаз мен үшін аспандағы ай мен күн, ештеңе тең келмес өзінен білім нәрін шуақ қып шашатын мектептің кішкентай күні секілді. Оның ақ жүрегінен шыққан әр бір сөзі мен үшін заң болатын. Ұстазымның әрбір сөзін, әрбір қолпаштаған, мадақтаған сәттерінде төбем көкке екі елі жетпей іштей қатты қуанатынмын. Оның жүріс - тұрысы, бізге қарап сабақ түсіндіргені бәрі - бәрі әлі күнге дейін көз алдымда. Үйге келген соң ұстазыма еліктеп, үйдегі інімді, сіңілімді отырғызып қойып сабақ өтетінмін. Мұғалім атаулының барлығына қарап оларға қызығатынмын. Мектептегі ұстазыма деген еліктеушілігім мені ұстаздық жолын таңдауыма алып келді.

Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағына жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей-ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Ұстаз қандай болу керек? – деген сұрақтың жауабын дана, данышпан Абай атамыздың шығармаларынан табамыз. Ол «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі. Ұстаз деген сөзді, ұстаз деген мамандықты мен ең қасиетті құндылық деп есептеймін. Себебі, ұстаздың алдына келмейтін адам болмайды. Әр бала үшін ұстаз оның екінші анасы, әкесі, досы. Себебі, баланың кішкентай жүрегі осы ұстаздан жылулықты, қамқорлықты сезіп, қамқоршы ретінде қабылдап, әрі өзінің досындай сырласа алады. Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу. Бүгінгі ұстаз оқушыларға белсенді әрекеттер жасауға жағдай жасауы керек, ол: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау,жазу,пікірлесу,пікірталастыру.
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Білім игеру процесінің еңбасты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді, үйренеді. Ұстаз – шебер. Ол сенім атмосферасын қалыптастырып, мейірім шапағатын сыйлайды. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды. Заманауи әлемдегі педагог деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 

Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. 

«Заманына қарай адамы» деп, осы өзіміз өмір сүріп отырған уақытқа сай ұлтжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетіміз. Қасиетті білім ордасы мектепке білсем, көрсем, білімді азамат болып өссем деп үлкен арманмен келіп отырған кішкентай азаматтарды оқытып, тәрбиелеуге ұстаздық ықыласпен қарау – парызымыз. Біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров262
Номер материала ДВ-484129
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх