Инфоурок Другое СтатьиЭссе жаздыруға үйрету жолдары

Эссе жаздыруға үйрету жолдары

Скачать материал

                        Эссе жаздыруға үйрету жолдары

            Рефлексия арқылы адам өзіне өзінің ойлау деңгейінен ғана емес, өзгенің көзқарасы арқылы да қарауы тиіс, яғни «Маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін?» немесе «Мен өз ортамда қандай деңгейде тұрмын?» деп ойлануы да жатады. Рефлексия әрекетті қолдап, оны бекітіп отырады. Жалпы, әрекетсіз рефлексия, рефлексиясыз әрекет болмайды Адамның өзінің (немесе өзгенің) санасына, ойлауына және мінез-құлқына, қол жеткізген білімі мен қылықтарына назар аударуы, ой елегінен өткізуі рефлексия деп қарастырылады. Рефлексия - адамның өз ойын, сезімі мен уәждерін ұғынуы, талдауы. Ой, сөз, қиял сияқты саналы қызметтің барлығы да рефлективті ойлау бола алады.
Психологияда және тұрмыстағы мағынасына қарайтын болсақ, рефлексия адамның өзіндік талдауы, өз жағдайын, қылықтарын, өткен оқиғаларға таладу жасауы. Оның барлығы адамның даму деңгейінен: білімділігінен, моральдік сезімі мен өзін-өзі бақылау дәрежесінен байланысты
             Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады. Жалпы, «эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген және оның тарихы латынның exagium (өлшеу, таразылау) сөзінен бастау алады. Француздың «еззаi» сөзін тура аударғанда тәжірибе, сынама, қадам, очерк деп беруге болады. 
            Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л.П. Крысинның "Толковый словарь иноязычных слов" деген еңбегінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр. 
           " Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында" («Краткая литературная энциклопедия»): "Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»,-деп берілген. 
             Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы ретінде М.Монтень ("Опыты", 1580 г.) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға көмектеседі [1,41]. 
        Эссе жазу жас мамандар үшін де маңызды. Себебі, кандидат өзін қалай көрсеткені, өз жетістіктері мен жеңіліс тапқан сәттерін қалай суреттегені жұмыс берушіге немесе байқауға қатысушыны бағалауға, оның компания үшін қандай пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік тудырады.
      

Эссе құрылымы мен жоспары: 
Эссе құрылымы оған қойылған талаптарға сай анықталады: 
1) белгілі бір мәселеге қатысты эссе авторының ойы қысқаша тезис үлгісінде беріледі (Т);
2) ой дәлелдермен бекітіліп отыруы қажет, сол үшін тезистен соң дәлелдер (аргументтер) (А) беріледі. 
       Дәлелдер (аргументы) — бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар пікіріне жасалған сілтемелер және т.б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал
       Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен логикаға, ойдың дамуына байланысты). Сонымен, эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.
       Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы.Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады.
Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады. 
      Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал. 

Эссе ойды еркін жеткізуге бағытталған шығарма болғанына қарамастан, ол нақты құрылымға ие.

       Бірінші абзац – әдеттегі кіріспе, ол эссенің жалпы көлемінің 30%-нан аспауы керек. Кіріспе оқушыға эссені әрі қарай оқуға түрткі болуы тиіс. Ол үшін философиялық шығармалардың жолдарын, деректерді, цитаталарды, сұрақтарды қолдануға болады. Кіріспеде эссенің негізгі ойы айтылып, оның мазмұны негізгі бөлімде толық ашылуы керек.

     Негізгі бөлім. Ол эссенің жалпы көлемінің 60%-ын құрайды, онда эссенің негізгі идеясы ашылып жазылады. Оны нақты деректермен, жарқын сипаттамалармен, ой толғаулармен, цитаталар немесе өзге де ақпараттармен толықтырған жөн.

       Эссенің соңғы бөлімі - қорытынды. Ол эссе мәтінінің   10%-ын құрайды.  Қорытындыда өз әлеуетіңізді, тұжырымдарыңызды, проблемаға көзқарастарыңызды, оны шешу мүмкіндіктеріне байланысты өзіңіздің ұсыныстарыңызды және т.б. көрсетуіңіз керек.

       Жаңа форматты сынаққа дайындық факультативтік сабақта осы мәліметтерді түсіндіруден басталды. Қыркүйек айында «XXI ғасырдағы ээссенің рөлі» тақырыбында ой толғау тапсырылды. Оқушылар бұрын техникалық бағыттың басым болғанын, ендігі жерде шығармашылыққа басты назар аударыла бастағанын тілге тиек етті. Төменгі сыныптарда Тіл ұстарту сабақтарында әңгіме, өлең құрастыру, өлеңді қара сөзге айналдыру немесе керісінше, сурет бойынша әңгіме т.б. жұмыстар атқарылатын. Жоғарғы сыныптарда СТО технологиясының «Сезімнен туған өлең», РАФТ, Ортада қаламсап, Венн диаграммасы  т.б. рөлі жоғары. Эссеге дәйектемеге қажетті мәліметтер, афоризмдерді жаттату үшін 11-сыныптық қазақ тілі оқулығындағы жаттығуларды тиімді орындату керек. Тәуелсіздік туралы, билер еңбектері жөнінде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың,  сөз зергері  Ә.Кекілбаев көсемсөздерінен үзінділер жаттатып, оралымды ойларды төл сөзге айналдыруға тапсырма беремін. Диалогті оқиғаларға бай мәтіндерден («Құмырсқаның қанағаты», )мазмұндама жаздырып, сауатылықтары тексеріледі. Сол мәтіндерді ауызша баяндату арқылы сөйлеу шеберлігі қалыптастырылады.

 Егер эссе көлемі 150 сөз болса Кіріспе мен Қорытынды бөлімі 50 cөзден, Негізгі бөлім  150 сөзден тұрады. Эссе шартында тақырыпты ашу үшін Негізгі бөлімнен бастаған жөн. Ол үш тезистен, әр тезис екі дәлелдемемен сипатталады. Одан кейін сол екпінмен жұмыс қорытындыланады. Ең соңынан кіріспесі жазылады.

    

          Эссеге дайындық кезінде берілген тақырыпқа әуелі үш тезис құрастырамыз. Мысалы, «Әке  -  отбасының тірегі» деген тақырыпқа тезистерді былай деп алдық.

1.Әкелердің бүгінгі қоғамдағы орны ….. (жақсы) не (жаман). ( екі дәлел)

2. Менің әкем  ( екі дәлел) (салыстырулар, балаға әсері, ықпалы)

3.Жақсы әке болу  -  мақсатым.

Келесі жұмыс - үш топқа  тезистерге дәлелдемелер келтіру тапсырылды.  Содан соң топ болып қорытынды және кіріспе  жазды. Үйге тапсырма: эссені толық жазып келу

         Мектептік сынақ – эссе кезінде төмендегідей тақырыптар берілді:

Бүгінгі кино өндірісінің дамуы         Туризмнің жетімтігі мен кемшілігі              Әлеуметтік желілердің қолданылуы.

«Бүгінгі кино өндірісінің дамуы» тақырыбына

К:         Кино – бір әлем.

Н.б.    1.  Әлемдегі кино өндірісі 

           2. Кино –  мемлекеттің мәдениеті, айнасы 

           3. Киноөндірісінің кемшіліктері мен артықшылықтары

Қ:           Отандық фильмдерге апарар жол

 

Немесе

К:         Кино - өнердің бір саласы

Н.б.      1. Кино саласының екі бағыты

              2.«Көшпенділер» фильмі туралы

              3. Көп сериалды фильмдерді қолға алу

Қ:          Киноның тәрбиелік әсері

 

«Туризмнің жетістігі мен кемшілігі» тақырыбы

К:         Туризм  - экономиканың бір тармағы.

Н.б.      1. Еліміздегі табиғи  мұражайлар мен ресурстар.

             2. Жұмыссыздықты жоюдың бір жолы

             3.  Мәдени жәдігерлерді мемлекеттік қолдау

Қ:         Туристік орталыққа бір қадам

 

«Әлеуметтік желілердің қолданылуы» тақырыбы

К:       XXI ғасырдың ғаламаты. 

Н.б.   1. Әлеуметтік желінің артықшылықтары

         2.  Оның зиянды әсерлері

         3.  Ғаламторға деген тәуелділік не «тыныш соғыс»    

Қ:      Шынайы өмірге құлшыныс.     

 

      Алда екі әдеби, екі еркін тақырыптан ұсынбақшымын. Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар құрады. Сондықтан, оны рефлексия түрінде қарауға болады. Кез келген оқырманға бағытталған рефераттан эссенің айырмашылығы – ол белгілі бір адамның оқуына арналады. Сондықтан, «Мен ... туралы айтқым келеді» деп басталып, «Мен ... қорытындыға келдім» деп аяқталады. арналған реплика. Сондықтан, авторға қызметтік жағдайларды егжей-тегжейлі баяндамай, жаңа ой жазуға, оны ашуға мүмкіндік береді. Эссе жазудағы мақсат өзіндік шығармашылық ойлауды дамыту мен өз ойын жазбаша түрде бере білуге үйрету.
            

  Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды: 
      Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).
      Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады. 

      Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн. 



 

 


 

Пайдаланылған әдебиет:

1. «Эссе жазу әдістемесі» Ғаламтор материалдары
2. Иманбекова Б. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс.-Алматы, 2003.-136 б.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Б.Балұлы атындағы Маңғыстау облыстық әдістемелік        

      «Шыңдалу» мектебінің облыстық семинар кеңесі

 

«Эссе жазуға үйрете білу - мұғалім құзыреттілігінің  шыңы»               

     

 

  Баяндама:      Эссе жаздыруға үйрету жолдары

 

 

 

 Коразова Санимхан Бектургановна

 

    қазақ тілі мен әдебиеті     пәні мұғалімі

   «Мамандандырылған экономикалық  лицей» ҚММ

                            жоғары санатты,  деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі                                                           

                                             Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

                       Наурыз, 2017 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе жаздыруға үйрету жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Рефлексия арқылы адам өзіне өзінің ойлау деңгейінен ғана емес, өзгенің көзқарасы арқылы да қарауы тиіс, яғни «Маған айналамдағылар қандай баға беруі мүмкін?» немесе «Мен өз ортамда қандай деңгейде тұрмын?» деп ойлануы да жатады. Рефлексия әрекетті қолдап, оны бекітіп отырады. Жалпы, әрекетсіз рефлексия, рефлексиясыз әрекет болмайды Адамның өзінің (немесе өзгенің) санасына, ойлауына және мінез-құлқына, қол жеткізген білімі мен қылықтарына назар аударуы, ой елегінен өткізуі рефлексия деп қарастырылады. Рефлексия - адамның өз ойын, сезімі мен уәждерін ұғынуы, талдауы. Ой, сөз, қиял сияқты саналы қызметтің барлығы да рефлективті ойлау бола алады.

Психологияда және тұрмыстағы мағынасына қарайтын болсақ, рефлексия адамның өзіндік талдауы, өз жағдайын, қылықтарын, өткен оқиғаларға таладу жасауы. Оның барлығы адамның даму деңгейінен: білімділігінен, моральдік сезімі мен өзін-өзі бақылау дәрежесінен байланысты
Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады. Жалпы, «эссе» сөзі орыс тіліне француз тілінен енген және оның тарихы латынның exagium (өлшеу, таразылау) сөзінен бастау алады. Француздың «еззаi» сөзін тура аударғанда тәжірибе, сынама, қадам, очерк деп беруге болады

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Индивидуальный план самообразования учителя татарского языкаи литературы МБОУ "Рыбно-Слободская СОШ №2" Якуповой Раушании Галимулловны на 2013-18 г.
  • Учебник: «Теоретические основы товароведения (учебник для вузов)», Николаева М.А.
  • Тема: Цели, задачи, структура учебной дисциплины
  • 27.09.2018
  • 796
  • 1
«Теоретические основы товароведения (учебник для вузов)», Николаева М.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2018 9906
    • DOCX 25.8 кбайт
    • 222 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожанова Зинаида Курбанбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожанова Зинаида Курбанбаевна
    Кожанова Зинаида Курбанбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77754
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе