Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Эссе " Жеті модуль туралы ойларым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Эссе " Жеті модуль туралы ойларым"

библиотека
материалов


Жеті модуль туралы ойларым


«Менің бар арманым, қазақ ұлты әлемдегі ең бақытты,сауатты,әулетті де дәулетті ұлтқа айналғанын көру».

Алтынбек Сәрсенбайұлы

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізу еліміздегі білім беру жүйесіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Оқушыларға сапалы білім беру мәселесі өмір талабынан туындайтын, білім беру саласындағы өзекті проблемалардың бірі. Жас ұрпаққа дүниені танытып, білімді де білікті тұлға қалыптастыру әр мұғалімнің парызы.

Сондықтан да мен бұл Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебімен дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалында біліктілігін арттыру мақсатында мектептегі тәжірибемнің үшінші деңгейлік кезеңінде алған білімімді өзімнің іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу мақсатында осы бағдарламада берілген жеті модульдің «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» жүйесін жүзеге асыру бағытында таңдап алдым. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер теориялық тұрғыдан дәлелденіп, іс жүзінде жақсы нәтижелер көрсетуге бағытталған.

Осы бағдарламада ұсынған жеті модульдер:

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

4.Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық

жүйесі білім беру жүйесінде әр пәндік салада қолдануға болады.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар мен жаңа тәсілдер – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Өзімнің іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу мен үшін маңызы зор қадам болып табылады. Сол мақсатта өзіме жоспар құрдым.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету менін 6 а сыныбында өткізген М.Жұмабаевтың «Мен кім?», «Қазақ тілі» атты сабағымда көрініс тапты. Осы сабағымда сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірнеше элементтерін пайдаландым. Мысалы: Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардан «Тіл» туралы не білетіндерін ой шақыру стратегиясы арқылы ойлануға ой тастадым. СТО-ның бір бөлігі «Мағынаны тану» бөлімінде «Мен кім?» өленің мәнерлеп оқыттым.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау әр сабағымда көрініс тапты. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жұпқа бөліп, әр жұпқа бағалау парағын ұсындым да, бағалау критерийлерін түсіндіріп өттім.Сабақты бағалау әр түрлі тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты жүзеге асты. Негізгі критерийлер: Үй жұмысы, сұраққа жауап беру, сурет бойынша жұмыс, мәтінмен жұмыс, эссе жазу тапсырмаларын орындай білуіне байланысты қойылады. Бірінші топ мүшелері өздерін бағалайды, сосын өзім бағалаймын, содан соң қорытында бағасын шығарамын.

Білім беруде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану – барлық сабағымда да көрініс тапты. Өйткені оқытудың қосалқы құралдары ( бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпараттар және т.б.) технологиялық құрылғылар саласында жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды меңзейді.

Талантты және дарынды балаларды оқыту көп жұмыстануды қажет етеді. Ең алдымен талантты және дарынды балаларды анықтап, олармен шығармашылықпен жұмыстандырдым. Мен оларға бағыт-бағдар беріп тұрдым, ал олар алған теориялық білімді практика жүзінде іске асырды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту сабақ барысында көрініс тапты. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама, психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

Өзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер көзделеді:

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.

Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.

Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.

Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.

6 а сыныбында С.Сейфуллиннің «Далада » атты сабағымда ең алдымен диалог туралы анықтама бердім де, оқушыларды жұпқа бөліп, әр жұп сұрақ дайындап, бір-бірімен диалогтік қарым- қатынас жасады.Сабақ барысында Ақсәуле мен Айжан С.Сейфуллиннің қандай шығармаларын білетіндігі жайында сұрақ қойып,оған жауап алып отырды. Келесі жұптар Гүлімай мен Аружан өздері дайындаған сұрақтарға нақты жауап алды. Мерсер мен Ходжкинсонның зерттеулеріндегі диалог туралы айтқан ойына қосыламын. Бұл ұлы ғұламалар, сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін дәлелдерді көрсетеді. Осы дәлелдерді өзімнің сабақ барысында байқадым. Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі, мұғалімнің оқушылардың қандай деңгейде екендігін түсінуіне көмектеседі. Қорыта айтатын болсам, оқушылардың білетіндігін, және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым қатынас, тілдік дағды және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс -қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. 6а сыныптағы келесі сабағым А.Байтұрсыновтың «Қара бұлт», «Анама хат». Ең алдымен үй тапсырмасын бекіту мақсатында миға шабуыл арналған сұрақтар қойдым.

Ақын өлендерінен үзінді бере отырып,сұрақ қойылды.

-Өлен не туралы?

- Ақынның қандай тағы шығармаларын білесіндер?

Бұл сұрақтар төңірегінде жақсы оқитын оқушылар өте белсенді қатысты. Ж. Гүлімай, О.Ақсәуле толықтай жауап берді. Ал А. Айжан мен Т. Аружан бұл сұрақтарға жартылай жауап берді. Менің ойымша, бұл сабақты осы оқушылар толықтай меңгере алмаған. Меңгере алмаған оқушылармен сабақтан тыс уақытымда шақырып, қосымша дайындалдым.

Менің ойымша, кейбір сұрақтарым жеңілдеу болған секілді. Өйткені сабаққа көп қатыса бермейтін оқушыларым да бұл сабаққа қызығушылықпен қатысты. Қандай да болмасын әдісті пайдалансақ та, жеке тұлғаның дамуына бағытталады. Яғни білім меңгеруде ынталы, қабілетті арнайы жасалған оқу жағдайлары арқылы дамыту көзделеді.

Самарханов Ергенболат





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Қазақстан әлемдік  білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізу  еліміздегі білім беру жүйесіне  жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі  болып саналады. Оқушыларға сапалы білім беру мәселесі өмір  талабынан туындайтын, білім беру саласындағы өзекті проблемалардың бірі. Жас ұрпаққа дүниені танытып, білімді де білікті тұлға қалыптастыру әр мұғалімнің парызы.

 

Сондықтан да мен бұл Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебімен  дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалында біліктілігін арттыру мақсатында мектептегі  тәжірибемнің үшінші деңгейлік кезеңінде алған білімімді өзімнің іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу мақсатында  осы бағдарламада берілген жеті модульдің  «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» жүйесін жүзеге асыру бағытында таңдап алдым. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер теориялық тұрғыдан дәлелденіп, іс жүзінде жақсы нәтижелер көрсетуге бағытталған.

Автор
Дата добавления 17.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров814
Номер материала 446753
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх