Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЭссе "Менің тәрбиеге көзқарасым"

Эссе "Менің тәрбиеге көзқарасым"

Скачать материал

Менің тәрбиеге көзқарасым...

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби

Біздің мамандығымыздың өзі — Алдағы атар таң үшін, болашақ үшін қызмет ету. Бала өз өміріне қажетті тәрбиені алдымен отбасынан, сосын мектептен алатыны сөзсіз.

Ендеше, әр баланың бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту — біздің, яғни, мұғалімдердің міндеті.

Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді — тәрбие беруде халық педагогикасының мән — маңызы күн өткен сайын артып келеді. Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың (наркомания, жезөкшелік, тастанды балалар, қатыгездік т. б.) орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады. Осы өзекті мәселенің шешу жолдары ол ұлттық тәрбиеге бет бұру. Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар аяқ астынан бәлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп, дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім алғанның бәрі жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Ақылсыз адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда “Ақылдыға ерсең адаспайсың” деген тәмсіл бар. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан әсер ететін тәлім- тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн.

Баланы дұрыс тәрбиелеу- тек әке-шешенің ғана міндеті емес. Бұл баршаның ісі. Бала-біздің болашағымыз, қоғамның бір мүшесі және оны ары қарай дамытушы, келешек кемеңгері, саясаткер, ел ағасы. Сондықтан баланы инабаттылыққа тәрбиелеу бәріміздің абзал борышымыз. Тәртіп, баланы салауатты тепе-теңділікпен өмір сүруге үйретеді .Тәртіп баланың дұрыс және терісті,өзін бақылау, адамгершілік қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы жаманды айыра алатын т.с.с сана-сезімдерін қуаттандырады.

Қай халықтың баласы болсын оның бір — бірінен айырмашылығы жоқ. Ал баланы ешбір ұлт жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халық ізгілікке, жақсылыққа, елін, тілін сүюге,

қысқасы барлық азаматтық тәрбиеге тірек болатын ел құнды адамгершілік қасиеттерді ұрпақ бойына сіңдіруді көздейді. Ұлттық салт — дәстүрлердің, әдет — ғұрыптың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, әдемілік бәрі — бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы адамгершілікке толы үлгі — өнегелер. Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілділігі, көпшілдігі, дос көңілділігі — әлеуметтік имандылықтың белгісі. Иманды адам айналасындағыларға тек жақсылық ойлайды, оларға қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге ізетпен, инабатпен қарайды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік — адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі — ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Тәрбиенің осы бір сан салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол тырысатын алғашқы білім ордасы — мектеп. Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім — адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білуі. Жан дүниесін зерттеу шарт екен. Кезінде ұлы педагог С. Ушинский: «Оқушыларға жан — жақты тәрбие беру үшін оны жан — жақты зерттеп білу керек»- деген. Осындай зерттеу жұмыстары маған алдыма педагогикалық мақсаттар қоюға және оқу — тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізуге көмегін тигізіп келеді. Мұғалім — баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім — тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік — саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім — тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу — мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан — жақты жетілген, білімді, әдістемелік — шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет — ғұрып пен салт — сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым — қатынастарын, түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты шарты болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білік — дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби — педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, тәлім — тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыра алады.

Мен, сынып жетекші, алдымда отырған жас жеткіншектерден ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат, жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оларды өз бетімен білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуім керек.

Ойымды қорыта келе, Джон Локк ағылшын философының «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе» атты еңбегінде адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты — іскер, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз адамды» тәрбиелеу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Менің тәрбиеге көзқарасым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 590 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2015 1585
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Жадыра Мейрамхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Жадыра Мейрамхановна
    Абишева Жадыра Мейрамхановна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20849
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 718 человек из 71 региона

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе