Инфоурок Всеобщая история КонспектыЭссе Тарих сабағын сындарлы оқыту

Эссе Тарих сабағын сындарлы оқыту

Скачать материал

Эссе

Тарих сабағын сындарлы оқыту

Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған

әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық

құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті

маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын

шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл

тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.

Н. Назарбаев

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім жұмысы үлкен жауапкершілікті қажет етеді,  сондықтан  мұғалім кәсіби  қызметінде   оқыту нәтижелігін арттыру мақсатында  аянбай еңбек етуі  керек. Сындарлы оқытуға негізделген  сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Осы бағытта қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын  жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Мен күнделікті сабақтарымды барынша түрлендіріп өткізуге тырысамын. Шын мәнінде сабақ тартымды өтсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатыны мектеп тәжірибесінде дәлелденген. Мысалы, 7-сыныпта өткізілген Қазақстан тарихы пәнінің бірнеше сабақтарынакөз жүгіртіп көрелік. Сабақ тақырыбы – Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы, сабақтың  мақсаты – Тәуке хан  тұсындағы  Қазақ  хандығының даму  деңгейін анықтай отырып, Тәуке ханның қосқан үлесіне баға беру, тарихтағы орнын анықтау. «Жеті жарғы» заңдар жинағын талдау арқылы, оның Қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі мен рөлін түсіну.

         Бұл кезеңде мен сабағыма өзгеріс енгізу үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдаландым: түсіндіру, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, бағалау.Жаңа материалды меңгерту сабағы болғандықтан, оқушылардың  көңіл күйі, сабаққа деген зейіні, ынтасы мен үшін маңызды болды. Ал білім алу үшін қолайлы орта жасауды мен өзімнің басты міндеттерім деп түсінемін. Сабақты жақсы атмосфералық ахуал тудырудан бастадым. Шаттық шеңберін құра отырып, оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, алақан жылуларын  берді. Соның нәтижесінде оқушыларда бір-біріне деген ілтипаттық сезім оянды, көңіл-күйі көтерілді. Сыныпта ынтымақты орта қалыптастыру мақсатында алдыңғы сабақтарда жасаған топ ережесіне бір шолу жасап өттік. Ол үшін мен ортаға бір оқушыны шақырып, отырған оқушыларды топ ережесімен таныстырып өтуін сұрадым. Ережемен танысқаннан кейін оқушылар түрлі тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. Бірінші тапсырманың шарты – хан есімдері, хандық пен қағанат аттары жазылған кеспе қағаздарды таңдап алып, әрқайсысы өз тобын  тауып отыруы керек. Бұл әдісті қолдану арқылы мен өтілген білімдерінің беріктігін тексеруді де көздедім.  Топқа бөліну кезінде оқушылар біраз айналып  қалды. Әсіресе,  бұл тапсырманы орындауда  үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылар біршама қиналды. Мен оны өткен тақырыпты дұрыс меңгермегендіктен деп қабылдадым.

Белсенді түрде алынған білім берік болады. Сондықтан  мен көбінесе оқушылардың белсенділіктерін арттыру, бірлесе жұмыс істеткізе отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында  топтық жұмыс түрін қолданамын. Себебі менің сыныбымда әлеуметтік деңгейі әр түрлі отбасыдан шыққан балалар бар, яғни сыныпта оқушылар ұсақ топтарға үнемі бөлінеді. Сынып оқушыларының ынтымақтастығын мен ұдайы назарда ұстауға тырысамын. Сол себепті сабақтарымды топтық жұмыс түрінде өткізу осындай әлеуметтік мәселелерді  шешудің бір жолы деп түсіндім. Бұл сабағымда ұйымдастыру кезеңіне бірталай  уақыт кетіп қалды және ол маған осы сабаққа  жоспарлаған біраз  жұмыстарымды жүзеге асыруға кедергі келтірді.

Өткен сабақтан алған білімдерін  анықтау мақсатында семантикалық карта толтыру  тапсырылды. Өткен тақырыпқа байланысты, оқушылар екі ханды танып, қаншалықты айыра алатынын көрсете алу керек болатын.  Оқушылар бір-бірінің жұмысымен алмасып, магнит тақтасына жазып, жұмыстарын тексерді. Кейін оқушылар өз жұмыстарын қайта алып, дұрыс жауаптарын белгілеп алды. Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар тапсырманы уақытында орындап шықты.  Ол, әрине, менің де жұмысымды жеңілдетті. Бұған дейін ондай  жасалған жұмыстарды мен  өзім тексерсем, енді оқушылар бірін-бірі тексеріп, өз қателерін тауып, көріп отырды. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі деп түсінемін.

Сабақ барысындағы мағынаны ашу – кез-келген сабақтың жауапты кезеңі. Себебі оқушылардың ең белсенді өзара қарым-қатынас  әрекеті, сабақтың осы сәтінде  жүзеге асады. Жаңа тақырыпты игермес бұрын,  осы тақырыпқа  оқушылар зейінін аудару, қызығушылығын ояту – маңызды үрдіс. Ол оқушының назарын  жаңа тақырыпқа бағыттауға жақсы әсер етеді. Бұл жерде маған дарынды оқушым Маликаның көмегі тиді. Себебі, мен оған алдын ала «Тәуке хан» сөзіне сөзжұмбақ жасап әкелуді тапсырған едім. Малика асқан жауапкершілікпен, өтілген тақырыптардан алынған  мәліметті пайдалана отырып, сөзжұмбақ жасап әкелді. Сөзжұмбақты жасыру барысында оқушылар арасында диалог қолданылды. Бұл жерде сөзжұмбақ «төмен» деңгейлі, жеңіл сұрақтардан тұрды, сондықтан оны шешуде сыныптағы барлық оқушылар белсенділік танытты. Өйткеніолар шығармашылық тапсырмалар орындағанды ұнатады.

Жаңа нәрсені оқыту  адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын оқытылғалы отырған тақырып жайында оқушылардың не білетіні маңызды. Сондықтан мен  Тәуке хан жайында не білетіндерін сұрай отырып,ой қозғау  арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасадым. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап беруге тырысты.

Жаңа тақырып бірнеше тақырыпшаны қамтыған ауқымды болатын. Сондықтан барлық мәліметті қамтып, игеру  қиын. Сол себепті  мен отырған оқушылардан үш топ ұйымдастырдып, әр топқа жеке тақырыпшалар бердім. Олардың мақсаты – ватманға  өздерінің тапсырмаларына қатысты  тақырып ішіндегі мәтінмен танысып, өзара талдап,  кластер жасап, қорғау арқылы басқа топтарға түсіндіру қажет болатын. Бұл жерде оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, жұмыс істеді: яғни олар ақпаратты бақылады, талқылады, кейін оны бағалап, синтездеп, қорытындысын жасады. Сыни тұрғыдан ойлау  мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді  қолдану сияқты  дағдыларын дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары төмендегідей:

·        бақылау;

·        талдау;

·        қорытынды;

·        интепретация немесе кері байланыс.

Осы ретте кластер жасауда оқушылардың бойынан аталмыш дағдылар байқалды. Бұл тапсырманы орындауда  мынадай кедергілер болды: ватманмен жұмыс істеуде уақытты үнемдей алмай қалды және қорғауда  бір топқа  жетелеуші сұрақтар қойып отыруыма тура келді.

Сабақ барысында мен көбіне  бағыттаушы, бақылаушы  қызметін атқардым. Әрине кей кезде оқушыларға нұсқау, көмек беріп те тұрдым. Ал тақырыпты ашуда, игеруде, қорғауда  оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алатындықтарына көзім жетті. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар  бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұхбат жүргізді. Кластерді  жасауда бір-біріне пікірлерін айтып оны қалай құрастыру жөнінде шешімдер қабылдады.Топтардың ішінде көптеген оқушылар белсенді әрекет жасады. Сабақ барысында оқушыларды мадақтау, қолдау арқылы жақсы психологиялық ахуал тудырып отыруға тырыстым.Себебі ұяң, өзіне  сенімсіз оқушылар мадақтауды, қолдауды  қажет етеді. Мысалы  топтарға бөліну кезінде бір топқа белсенділігі төмен оқушылар жиналды. Мен бұл топты жұмысқа тарту үшін қолдау, мадақтау көрсете отырып, нұсқау бердім. Бірақ мені таңқалдырғаны бұл топтағы оқушылар бәсекелестікті сезініп, берілген тапсырманы жауапкершілікпен, күткеннен жоғары деңгейде атқарып шықты.

Бұрын өз жайымен отыратын оқушылар белсен жұмыс атқарып, тақырыпты меңгере бастауы мені де жігерлендірді. Әсіресе оқушылардың өз ойларын өз мүмкіндігінше, әр түрлі әдістермен жеткізу мүмкіндігі, өздігінше өмірмен байланыстыра отырып, дәлелдер келтіруі оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра түсті. Сондықтан сабақтарымда осындай әдіс-тәсілдерді үнемі қолданып отырдым.  Бұл оқушы – оқушы, оқушы – мұғалім, мұғалім – оқушы арасындағы әңгіме. Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым –оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің  көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы  анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде, ойлау және сөйлеу  дағдыларын дамытады. Және де оқушылар жадында талқылау барысында алынған ақпараттың 50  пайызы  сақталатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Яғни, мен топтық жұмыс ұйымдастыра отырып,  олардың арасында диалог тудыра отырып,  оқушыларға белгілі бір ақпаратты талқылауға мүмкіндік бердім. Тарих сабағында фактілер, ұғымдар өте жиі кездеседі. Оларды есте сақтау маңызды. Себебі кез келген  мәселені талқылау, дәлелдеу барысында  фактілерді ұштастыра отырып, әңгімелей білу қажет.

Сабақты бекіту кезеңінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдісі – топтастыру стратегиясы қолданылды. Бұл әдісті қолдану себебім -  сабақ тақырыбына байланысты  оқушыларымның Тәуке ханды  қаншалықты танып, өзіндік ерекшелігін айыра білуін анықтау. Бұл тапсырма жұппен орындалды. Кейін әр жұптың жұмысы тыңдалды.  Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, ойларын жинақтау арқылы  Тәуке хан жайында сабақ барысында білгендерімен ұштастыра отырып, жауап берді.

Осылайша сабақтың соңында алынған білімді бекітіп, түйіні мен қорытындысын жасау дағдыға айналды және оған уақыт та қалатын болды. Бұл жерде оны қалай түсіндіремін: тарих сабағындағы тақырыптар ауқымды, ақпарат өте көп, бір тақырып жан - жақты қарастырылады.  Сондықтан мен әр тақырыптың тақырыпшасын талдай отырып, оқушыларға жеткізуде көп жағдайда уақытым жетпей қалатын. Ол өз кезегінде  сабақты қорытындылауға, бекітуді жүзеге асыруға кедергі болатын.  Ал, топтық жұмыс ұйымдастыру, оқушыларды сабаққа  белсенді қатыстыру  арқылы, мен өз жұмысымды жеңілдеттім, бір сабақтың үстінде бірнеше әдісті қолдану мүмкіндігіне қол жеткіздім.

Кез келген сабақтың жауапты да, маңызды кезеңі – бағалау.  Бағалау –одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен  оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Яғни ол кез келген оқушының қай деңгейде тұрғанын анықтау, осы деңгейден ары қарай дамуды белгілеу, бағыт беру үшін қолданылады. Мен сабақ барысында бағалаудың мынадай  түрлерін жүргізіп отырдым:  оқушылардың бірін-бірі бағалауы және оқушыларды топ басшысының бағалауы. Бірін-бірі бағалағанда оқушылар аса қиналған жоқ. Ал топ басшыларының  бағалауы кезінде оқушылар  бағаны көтермелеп қойды және не үшін қойғанын ашып бере алмады. Сондықтан мен келесі сабаққа оқушылармен біріге отырып, бағалау критерийін жасау қажет деп шештім.

Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс  жасалып, олар алдын ала дайындалған парақшаларға сабақтан алған әсерлерін жазды.  Жалпы, сабақ барысы, оқушылардың белсенділігі, ынтасы жоғарылағаны байқалып тұрды. Оқушылардан алынған кері байланыс маған келесі сабағымды жоспарлауда жағымды әсерін  тигізді. Ойларын оқи отырып, мен оқушыларға сабақта не ұнағанын, топтық жұмыстар қызықты екенін, осылай жалғастырғылары келетініндерін білдім.

 Баланың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын 80% дейін көтеру,соның арқасында оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін, өзіндік  білім алу дағдысын қалыптастыру, сабақтың әр кезеңінде сыни тұрғыдан қарап өздігінен баға қоюды және оны жүйелі түсініктеме беруді дағдыға айналдыруды жоспарлап отырдым.алдыңғы сабақтарда жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, келесі сабақ жоспарларын жасаған уақытта осы жіберілген кемшіліктерге назар аудару керектігін өзіме түртіп алдым.

Осындай әдіс-тәсілдерді сабағыма ықпалдастыру нәтижесінде оқушылар топта белсенді жұмыс жасады, сыни тұрғысынан ойлауға үйренді, өзара сұрақ-жауап арқылы  диалогқа түсіп, пікірталас тудыра  білді, дарынды оқушылар топ ішінде басқа оқушыларға көмектесіп, топтық әңгімеде өз ойларын, еркін айта алды, ойтүйіндер жасап, бірін – бірі бағалауды,  біріне – бірі сын айтып, ұсыныс қабылдауды үйренді.

Алдағы уақытта сабақ жоспарын тиімді  ұйымдастырып, балалардың білімдерін тереңдете отырып, жақсы жетістікке  жетуді мақсат етемін.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе Тарих сабағын сындарлы оқыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  • бақылау;

  • талдау;

  • қорытынды;

  • интепретация немесе кері байланыс.

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 501 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2015 3101
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жылкышиев Усайын Жолдасович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жылкышиев Усайын Жолдасович
    Жылкышиев Усайын Жолдасович
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29972
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 332 человека из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 39 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 16 регионов

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе