Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Эссе Жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Эссе Жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті

библиотека
материалов

«Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназиялық

сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі» ММ










Эссе

Жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті






























Павлодар-2014



XXI ғасыр біздерге, жас ұрпаққа, қандай міндеттер жүктейді? Өз еліміздің өркендеуі, қазіргі жеткен жетістіктерін әрі қарай дамыту үшін біздер не істеуіміз қажет? Бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» - деген болатын. Елбасының бұл сөзінен түсінгенім: XXI ғасырдың адамы – ол өз кәсібінің майталманы, дарынды, өнерлі, талантты адам болуы керек. Ал бойына осыншама қасиетті жинақтайтын адам – өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын адам деп ойлаймын. Сондықтан мен әр ісіме жауапкершілікпен қарауға тырысамын. Менің қазіргі алға қойған мақсатым – білім алу, оқу озаты болып, алдағы уақытта армандаған мамандығымның майталманы болу.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан,

-деп, Абай атамыз айтқандай, білімнің теңізінен өзіме керектіні алып, өмірдегі лайықты орнымды табу, өз ана тілімді, өзге тілдерді де меңгеріп, елін сүйген ұлан болып, елімнің өркендеуі, дамуы үшін өз үлесімді қоссам деймін. Қазір мен оқушымын, бірақ уақыт көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Енді бірнеше жылдан соң мен бойжетемін, өсемін. Мен өз елімнің гүлденуіне қосатын үлесім - білімді, білікті, бір мамандықтың иесі болу деп түсінемін. Мәселен, мен дәрігер болуды армандаймын. Отанымның медицинасын дамытып, елімнің азаматтарын емдеп, денсаулықтарын жақсартсам және мүгедек жандарға қалайда қол ұшымды берсем деймін.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей қүйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім,

- деп, Қасым ақын толғанған туған жеріміз – Қазақстан. «Отан отбасынан басталса», менің мектебім – Қазақстан деп аталатын Отанымның бір бөлшегі.

Мен Павлодар қаласының №39 орта мектебінде оқимын. Өз мектебімді мақтан тұтамын, себебі мұнда менің достарым, аяулы ұстаздарым бар. Мұнда болашаққа жол сілтеп, «егеменді елдің болашағынан үміт күттіретін балғындарысыңдар» деп тәрбиелейді біздерді. Мектепте ұстаздарымыз өте білімді, әрі мейрімді жандар. Олар бізді еліміздің патриоты, білімді азаматтары болуға үйретеді.

Меніңше, патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанының гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету. Сондықтан мен, тәуелсіз Қазақстанның ұланы, бізден күткен үмітті ақтаймын! Бар күш-жігерімді жұмсаймын деп уәде беремін! Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті деп түсінемін.



Краткое описание документа:

XXI ғасыр біздерге, жас ұрпаққа, қандай міндеттер жүктейді? Өз еліміздің өркендеуі, қазіргі жеткен жетістіктерін әрі қарай дамыту үшін біздер не істеуіміз қажет? Бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» - деген болатын. Елбасының бұл сөзінен түсінгенім: XXI ғасырдың адамы – ол өз кәсібінің майталманы, дарынды, өнерлі, талантты адам болуы керек. Ал бойына осыншама қасиетті жинақтайтын адам – өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын адам деп ойлаймын. Сондықтан мен әр ісіме жауапкершілікпен қарауға тырысамын. Менің қазіргі алға қойған мақсатым – білім алу, оқу озаты болып, алдағы уақытта армандаған мамандығымның майталманы болу. 

Автор
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров552
Номер материала 156130
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх