Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыЭССЕ-Мен – қазіргі заман педагогымын

ЭССЕ-Мен – қазіргі заман педагогымын

Скачать материал

                                          Астана қаласы №10 мектеп-гимназиясының

                                               тарих пәнінің мұғалімі Қарабалаұлы Қайрат

 

Эссе

 

Мeн – қазіргі заман педагогімін

 

                                                                      «45 жыл мұғалім болсаңда,  45 минуттық сабағыңа дайындал»

Ы. Алтынсарин

 

Заман. Қоғам. Уақыт. Тұлға. ХХІ-ғасырда осы төрт ұғымды біріктіруші ұлы күш иесі - мұғалім. Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу мұғалім еншісінде.

Қазіргі заман талабына сай білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін - өзі басқару, өзін - өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси - экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген жаңа ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан - жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осы мақсатқа жетудің бірден бір оңтайлы  жолы - Кембридж бағдарламасының біліктілік арттыру бойынша «Деңгейлік оқу» деп тұжырым жасап, теңдесі жоқ бағдарлама деп өз басым баға беремін.

 Ендеше, бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Бұл нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді деп сенгім  келеді. Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде оқу материалын меңгеру үшін Бенджамин Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірибем көрсетуде: білу – түсіну – қолдану – талдау – жинақтау - бағалау секілді тәжірибелерді мен кеңінен қолданамын. «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «ойлау туралы ойлану»  арқылы әрбір оқу пәнін меңгеру процесінде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды және оқушы өзінің айналасын танып біледі, сыни көзқарасын дамытады. Пәннің негізін меңгертуде пән мұғалімдері күтілетін нәтижеге жұмыс жасайды. Сол себепті сабақта оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады. Сапалы  білім  негізі – жан - жақты  ақпараттық  материал­дар­ды, көрнекі  құралдар  мен  ұтым­ды  технологияларды,  тиімді  әдіс - тәсілдерді пайдалана  отырып,  білім  алушыға  ешбір  кітаптан  таба  ал­майтын  білім  беру.  Өйткені, тек оқулықтағы   білімді  жеткізуші  мұ­ғалімнің  құны  жоқ  деп  ой­лай­мын.  Оқулықтағыны  оқушы  өзі  де  оқып  алады. Ал шығармашылық жан - жақты болуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өтуі үшін әрбір мұғалімнің көп ізденуі шарт. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасының жоғарлауын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі.

ХХІ ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр - марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Бірақ та бұл тек біздің ғана қолымызда емес, жас жеткіншектердің қолында. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан - жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» - деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЭССЕ-Мен – қазіргі заман педагогымын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2015 7258
    • DOCX 18.5 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карабалаулы Кайрат Карабалаулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33398
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек